ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» КеАҚ
СӨЖ Тақырыбы: Полимерлену және поликонденсациялану процестерінің негізгі айырмашылықтары Қабылдаған:Абильмажинова Д.З.
Орындаған: 6B01508 химия-биология мамандығының
4 курс студенті Айдаркулова Гулмира
Алматы 2022
ЖОСПАР I Кіріспе 1.1 Полимерлер
II Негізгі бөлім: 2.1 Поликонденсациялану реакциясы
2.2 Полимерлену реакциясы
2.3 Полимерлену және поликонденсациялану процестерінің айырмашылықтары
III Қорытынды IV Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе Полимерлер Жоғары молекулалық қосылыстар табиғи немесе синтетикалық болуы мүмкін. Табиғи түрлеріне ақуыздар, полисахаридтер, табиғи шайырлар, каучук және т.б. жатса, синтетикалық полимерлерге полиэтилен, полистирол, полиамидтер, фенолды шайырлар және сол сияқты қосылыстар кіреді. Үлкен молекулалық массасы және өзіне тән бірқатар қасиеттері бар қосылыстарды жоғары молекулалық қосылыстар немесе полимерлер деп атайды. Ең қарапайым органикалық полимер – полиэтилен, ол этиленнің полимерленуінен түзіледі. Этиленнің екі молекуласы қосылып, бутилен молекуласын құрайды:
CH2=CH2 + CH2= CH2 CH3 - CH2 - CH=CH2 Алғашқы зат этилен мономер деп, ал түзілген бутилен димер деп аталады. Этиленнің үш молекуласы қосылса - тример, төртеуі қосылса – тетрамер және т.б. болады. Ал егер мономердің n молекуласы қосылса, онда полимер түзіледі («поли» - көп деген сөз).
Көп рет қайталанатын мономерлерден немесе мономерлердің негізгі бөлігінен тұратын топтар буындар деп, ал буындардан құралған үлкен молекула макромолекула деп аталады. Полимерлік тізбектің соңында тұратын топтар соңғы топтар деп аталады. Макромолекуланың құрамына кіретін буындар саны жоғары молекулалық қосылыстардың полимерлену дәрежесін көрсетеді.
Молекулалық массасы 500-5000 аралығындағы қосылыстарды олигомерлер деп атайды.
Бірдей мономерлерден құралған полимерлер гомополимерлер деп, ал тізбегінде бірнеше түрлі мономерлік буындар бар полимерлік қосылыстар – сополимерлер деп аталады.
Табиғи полимерлер ежелгі заманнан белгілі. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы полимер ақуызға тікелей байланысты. Бүкіл адам ағзасы ақуыздан тұратындықтан табиғат пен полимерлердің арасындағы байланыс миллиард жылға созылады.
Алғаш рет «полимер» деген терминді 1833 жылы швед ғалымы Берцелиус енгізген. Бірінші полимер поливинилхлоридті 1833 жылы Реньо, ал полистиролды 1839 жылы Симон алды. Әйгілі фенолформальдегид шайырын неміс ғалымы Байер 1872 жылы синтездеді. Өнеркәсіпте алғаш рет фенол-формальдегид шайырын 1909 жылы бельгиялық ғалым Л. Бакеланд, ал целлофанды 1912 жылы Ж. Брандбургер алды.
Жоғары молекулалық қосылыстар туралы жүйелі түрдегі түсініктерді алғаш рет неміс ғалымы Г. Штаудингер (1920) ұсынды. Ол «полимер», «полимерлену» терминдерінің түсінігін қазіргі заманғы мағынасында тұжырымдады. Осыдан бастап полимер ғылымында көптеген жаңалықтар ашылды және полимерлерді синтездеу, қасиеттерін зерттеу күрт өсті. Лебедевтің синтетикалық каучукты (1933), Карозерстің полиамидті алу жолындағы еңбектері өте құнды болды. 1955 жылы К. Циглер мен Д. Натта ашқан стереоретті полимердің алынуы полимерлер химиясы саласындағы елеулі жаңалықтар болып саналынады [1].