Қабылдаған: Амренова а еңбек қорғау және еңбек қауіпсіздігі


-бап. Қызметкердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті  қорғау саласындағы міндеттерi



бет2/3
Дата14.10.2023
өлшемі3,79 Mb.
#114657
1   2   3
Байланысты:
енбекты коргау слайд

18-бап. Қызметкердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті  қорғау саласындағы міндеттерi
Қызметкер: 1) еңбек қауiпсiздігi және еңбектi қорғау жөнiндегi нормалардың, epeжeлер мен нұсқаулықтардың талаптарын, сондай-ақ жұмыс берушінің өндірісте жұмысты қауіпсіз жүргізу жөніндегі талаптарын сақтауға; 2) арнаулы киімді, жеке және ұжымдық қорғану құралдарын өз мақсатында пайдалануға; 3) өндірісте болған әрбір жазатайым оқиға туралы, кәсіби аурудың белгілері туралы, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін жағдайлар туралы өзінің тікелей басшысына дереу хабарлауға; 4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, сондай-ақ еңбек жағдайларын өзгерте отырып басқа жұмысқа ауыстырылғанда не кәсіби аурулардың белгілері пайда болғанда жұмыс берушінің қаражаты есебінен міндетті түрде алдын ала, мерзімдік (еңбек қызметі ішінде) медициналық тексеруден және ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өтуге міндетті.
19-бап. Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және  еңбекті қорғау саласындағы құқықтары
Жұмыс берушінің: 1) өз өкілеттігі шегінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөнінде актілер шығаруға; 2) қызметкерлерден Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңнамасын және еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау жөнiндегi нұсқаулықтарды сақтауды талап етуге; 3) жұмыс орындарында қолайлы еңбек жағдайларын жасауға қосқан үлесі, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау жөніндегі өнертапқыштық ұсыныстары үшін қызметкерлерді көтермелеуге; 4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды бұзған қызметкерлерді Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жұмыстан шеттетуге және тәртіптік жауапкершілікке тартуға құқығы бар.
152-бап. Еңбектi қорғау ережелерiн бұзу
1. Қауiпсiздiк техникасын, өндiрiстiк санитария ережелерiн немесе еңбектi қорғаудың өзге де ережелерiн осы ережелердi сақтауды ұйымдастыру немесе қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттер жүктелген адамның бұзуы абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтiруге әкеп соқса - екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару не белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, нақ сол мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады. 2. Абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан дәл сол әрекет - үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет