ҚОРЫТЫНДЫ Қорытып айтқанда, Шыңғыс – хан бастаған моңғол басқынщылығы жаулап алынған елдер үшін өзінің кеселді зардабы жағынан ең ауыр апат болды. Ол көптеген халықтардың экономикалық және мәдени прогресін, олардың саяси, әлеуметтік, этникалық дамуын ұзақ уақыт тоқыратты.
XIII ғасырдың басында татар - монғол тайпаларын саяси жағынан біріктірген монғол феодалдық мемлекеті құрылды. Бұл мемлекеттің негізін Темучин қалады. Бір деректер бойынша ол 1162 жылы, келесі деректерде 1155 жылы Есугай бахадүр атты бай ноянның отбасында дүниеге келген. Ол қият тайпасының борджигин руынан болды. Оның анасы Оэлун қоңырат тайпасынан еді.
Темучин тайпааралық күрес жағдайында өз айналасына нөкерлерді жұмылдыра біліп, ер жүрек жауынгер данқын иелену үшін көрші тайпаларға сәтті шабуылдап отырды. Темучин Моңғолияның бүкіл дерлік тайпаларын өз қол астына біріктірді. Ілгеріде Моңғолияны мекен еткен тайпалардың басым көпшілігі татар атымен (ең қуатты тайпа атауы бойынша) белгілі болса, енділікке мемлекеттіліктің нығаюына орай өздерін монғолмыз деп атай бастады. Бүл термин жалпылама этно саяси мәнге ие болды.
1206 жылдың көктемінде Онон өзені бастауларының бойында монғол шонжарлары - Темучиннің жақтастарының құрылтайы болды, бүл жиында ол моңғолдардың әміршісі - Шыңғыс хан деп жарияланды.
Көшпелі шонжарлардың мүдделерін қанағаттандыру үшін Шыңғыс хан жаулап алу жолына түсті, нояндар табына «ішкі» қырқыстарға қарағанда әскери олжаны шексіз көп қармау және жаулап алғаннан соң диқаншылықпен айналысатын бай әрі мәдениетті көрші елдерді феодалдық тұрғыдан қанау мүмкіндігін ұсынды. Монғол шонжарлары үшін соғыс Монғол қоғамында әлеуметтік қайшылықтарды әлсірету құралы ретінде де қызмет атқарды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Қазақстан тарихы: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық / Ә. Төлеубаев, Ж. Қасымбаев, М. Қойгелдиев, т.б. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006. — 232 бет.
Қазақстан тарихы. Очерк. 149-174-бб.
Қазақстан тарихы. 5-томдық 2-том., 2-бөлім, 1-2 тараулар.
Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы, 4-бөлім
Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан, 119-146-беттер.
Абусейтова М.Х. Казахское ханство во второй половине XVI-века. А., 1985.
Левшин А.И. Описание киргиз-казачъих, или киргиз-кайсацких орд и степей. А., 1996.