Қабылдаған: Ислам д орындаған: Жанет н тобы



бет2/3
Дата10.07.2023
өлшемі100,36 Kb.
#104168
1   2   3
Байланысты:
ҚӘҒК БӨЖ

Негізгі бөлім
Мазмұн мен пішіннің байланысы секілді тақырып пен идея да әрқашан бірлікте болады. Идеясыз, тақырыпсыз идея болуы мүмкін емес.
Тақырып-жазушы суреттеп отырған өмір құбылысы болса, идея-жазушының сол өзі суретеп отырған өмір құбылысы туралы айтқыс келген ойы, сол өмір құбылысына берген бағасы.Шартты түрде шығарманың тақырыбы-сауал десек, идеясы-жауап деуге болады. Сонда бір сауалдың бірнеше жауабы болатыны секілді, бір тақырыптан бірнеше идея тууы мүмкін.Әрбір әдеби шығармада көркем шешімін тапқан идеяның терең тамыры сол шығарманы жазған суреткердің дүниетанымында әлеуметтік көзқарасында жатады. Сондықтан, бір тақырыптың өзінен дүниетанымы әр түрлі суреткерлердің әрқайсысы әр түрлі идея туғызады. Әр жазушы бір тақырыпты әр қырынан жарқыратып ашып, оған әрқашан жаңа мазмұн мен пішін бере білген.
Бір әдби шығармада бір ғана тақырып пен идея болуы шарт емес. Шағын көлемді шығармаларда солай болуы мүмкін, ал көлемді кесек шығармаларда, әсіресе, эпикалық туындыларда негізінің күрделілігі, яки көп проблемалылығы деген осы. Мысалы: «Абай жолының» бас жағында оқудан елге оралған шәкірт Абайды суреттеген эпизодтарды еске түсірейік. Осы эпизодтарда тақырыбы (туған жер), идеясы (сағыныш); тақырыбы (ана), идеясы (мейірім), тақырыбы (әке), идеясы (қаталдық) т.б. осылайша әрқайсысы бір тақырып пен бір идея құрап, өзара тұтасып, өрби береді,Алайда көркем шығармадағы тақырыптар мен идеялар қанша көп болғанмен, олардың бәріне ортақ желі, бәріне дәнекер бірлік болады. Ол-идеялық бірлік.
Бір шығармадағы бірнеше және әр алуан жеке тақырыптар мен идеялардың басын қосып, бір арнамен өрбітіп тұрған бірегей, өзекті мәселені негізгі идея дейміз. Демек, шығарманың негізгі идеясына айналған өзекті мәселе ондағы өз бетімен жеке-жеке өрбіген өзге мәселелерді жоққа шығармайды, қайта өзі солардан тұтасып құралады, керісінш, жеке мәселелер өзекті мәселені әлсіретпейді, қайта толықтырады.
Таланттың күші, талантты шығарманың оқырманды баурап әкететін құдіреті негізгі идеяда жатады. Бұл-көркем шығармадағы негізгі идея арқылы оқырманға ықпал еткен жазушының тенденциясы.

Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,

Дарқандықты қазаққа дала берген секілді.

Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді,

Мыңқ етпейтін мінезді жоннан алған секілді,

Мың бұралған тағдырд жолдан алған секілді,

Мейірбанды күлкіні күннен алған секілді. (Қ.Мырзалиев)

Осы өлеңде халықтың тамаша қасиетін, табиғаттың өзіндей табиғи мінезін танытатын ірі идеяны автор жалаң уағызбен емес, өзінің шындықты суреттеу тенденциясымен ұқтырып отыр. Демек, жақсы шығарманың тақырыбы жақсы идеядан туады.



Жазушының ойы әрқашан өзгеріссіз көркем идеяға айнала қоймайды. Осыдан барып әр шығармадағы авторлық және обьективтік идеяла туралы ұғым туады. Авторлық идея-суреткердің о бастағы ой өзегі; обьекивтік идея-нақты шағырмадан туатын мақсатты нәтиже.
Тақырып пен идея-әдеби шығарманың мазмұнды болу қажет. Әрбір қалам иесі шығармаларының тақырыбын байыту үшін, алдымен, өзінің өмір тәжірибесін байыта түсуге тиіс.
Автордың өмір құбылыстарын, жекелеген оқиға, жағдайларды қалай іріктеп, реттеп көрсетуінен халын қалай сезінуден, соларды бейнелеу қалпынан жазушының сөз болып отырған мәселелерге қатынасы көзқарасы аңғарылады. Идея дайын күйінде, өзінен-өзі бадырайып көрініп тұрған қорытынды пікір деп түсінуге болмайды. Өйткені шығармада айтылатын идеяны оның бүкіл өн-бойынан, бүкіл мазмұн-мағынасынан, ондағы уақиғалардан немесе кейіпкер тағдырынан, барлық бейнелілік, суреткерлік қасиетінен танимыз. Шығарманың идеясы тек дәлдеп сөзбен айтып берелік түйін-пікір емес, әдеби туындының барлық мазмұн-байлығы, көркемдік қасиеті арқылы бізге күшті әсер ететін идеялдық қуаттылығы. Шығарманың негізгі идеялық бағыты бөлшек-бөлшектерінен де, сипат-өзгешеліктерінен де, бейнелік қасиеттерінен де сезіліп тұрады. Бірақ шығармаға тән идеялық, мағыналық өзгешелік жекеленген сөз, көркемдік құрал, суреттеу тәсілінің аясында бір қырынан ғана аңғарылады да, көркемдік құрал, суреттеу тәсілінің аясында бір қырынан ғана аңғарылады да, көркем туындының тұтас тұлғасын көптеген бейнелеу амал-тәсілдерінің, бедер-бояуларының өзара жүйелі жалғастығы арқылы мейлінше толық көрінеді.Тағы бір ескеретін жағдай-баяндалп отырған уақиғаларға, суреттелген кейіпкерлерге өзінің көзқарасына, беретін бағасын автор кейде туралап айтып, айқын білдірсе, кейде шығармада әр түрлі күрделі оқиға, жағдайлар баяндалып, бірақ ешқандай дайын шешім, кесіп айтылған түйін болмауы мүмкін. Бірақ осының өзі оның пікір айту немесе айқын жауап беруден бас тартуы емес, өзінше көркемдік тәсіл деп түсінген дұрыс. Мұндай тәсіл кейде оқырмандарды толғандырып, оның өмірдегі күрделі мәселеге өз тарапынан жауап іздеуіне түрткі болу мақсатынан туады.
Идея көркем туындының өн бойына, бар бітім-болмысына ажар беріп тұрады. Идеясы терең, өткір ой-сезімге толы шығармада әр бейне, әр сөз идеяның, ой-сезімнің қуатымен нәрленіп тұрады.
Айтатын ой-пікірі құнсыз, солғын, сезімге әсер етер күші әлсіз шығармада көркемдік түр, көркемдік қасиет болуы мүмкін емес. Өйткені, оның шығарманың құрылысы, сыртқы түрі, олардың жеке бедер-белгілері-бәрі де өңсіз, әсерсіз сезіледі. Шығармада бастан-аяқ үзілмей, тұтасып тұрған жарастық-гармония, мазмұн мен түрдің, ой-сезім мен сөз кестесінің білігі жетімсіз болған соң, тіпті жекелей алғанда ұтымды айтылған сөздер, қисынды суреттелген бейнелер әр жерде бөлек қалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет