Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғары Білім министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
«Тарих және Педагогика» факультеті
“Психология және Арнайы педагогика” кафедрасы
Баяндама
Тақырыбы: МШ балалар - тәрбиелеудің субъектісі
Орындаған: Мынжасар Гүлзат
Тобы: ТП-20-2к
Қабылдаған: Исманова Н.Е.
Шымкент – 2023 жыл
Жеке тұлғаның дамуы, яғни оның әлеуметтік ұнамды қасиеттерінің қалыптасуы қоғам қолдауы мен әлеуметтік қажеттілікке байланысты іске асырылады, Әрбір адам өзінің өмір салты, құндылық бағыттарына сай іс-әрекеттерін бағдарлап отырады. Осыған орай, адамдардың тұрмыс-тіршілігі өзгермелі болады және қоғамнан өз орнын белгілейді. Яғни, жеке тұлға тұрақты қасиеттер жиынтығымен ерекшеленеді. Жеке тұлғаны қалыптастыру, тәрбиелеумен қатар әлеуметтендіру деген термин бар. Өйткені жеке тұлғаның өзі, оның сана-сезімі құндылықтарды, әлеуметтік тәжірибені, мәдениетті меңгеру процесінде үлкен роль атқарады. Әлеуметтенуде тәрбиемен қатар алдын-ала әдейі дайындықсыз, өздігінен туындаған ықпал арқылы адамның қоғамның толыққанды, толыққұқылы мүшесі болуы байқалады. Жеке тұлғаның әлеуметтенуі, қоршаған ортамен байланыс орнатып, адамдармен қарым-қатынасы жасауы, күрделі мәселелердің бірі. Өркениетке ұмтылу барысында елдің орнықты дамуының қамтамасыз етілуі, қоғамдағы адамдардың рухани-имандылық дамуын басты кезекті міндет және жауапкершілік ретінде қабылдаулары тиіс.
Жеке тұлғаға байланысты философиялық теориялар көптеген педагогикалық тұжырымдар мен тәрбиелік жүйелердің негізін құрайды. Қоғамның даму процесі барысында тәрбиенің мазмұны өзгереді, педагогика - тәрбие субъектісі ретінде адамды қарастырады, ал тәрбиелеудің ықпалы оның жетілдіруіне бағытталған. Бұл тәрбиелеу фономеніне негізгі анықтама береді, яғни педагог - тәрбиелеушілердің қайта көркею қызметі. Ақылдың өзгеруіне, дүниеге көзқарасы, психологиялық, мәнділік бағыты, жеке білімі және амалдары, сапа өсуінің себепшісі болады және оны жетілдіреді. Тәрбиелеудің мақсаты - жеке адамның және топ арасындағы тәрбиелеу жүйесін кең ауқымда қолдану. Әлемдік әлеуметтік-тарихи тәжірибе тәрбиелеудің негізгі мақсатын анықтауға мүмкіндік береді, яғни жеке адамның жан - жақты дамуы мен үйлесімділігі, қазіргі қоғамда әлеуметтік және кәсіптік қызмет талаптарына дайындалу, жеке адам даярлау қабілеті және оның құндылығын қалыптастыру болып табылады. Тәрбиелік қатынас арқылы тәжірибе алмасу, оны үйрену, үйрету, пайдалана жүзеге асады. Осының барысында түрлі құралдар қолданылады. Тәрбиелік қатынас "субьект-субьектілік" "субьект-обьектілік" болып жіктеледі. Тәрбиелік қатынаста сыртқы жағдай (тәрбие, білім беру, оқыту) ішкі дүниемен (өзін-өзі тәрбиелеу, өздігінен білім алу, өздігіне оқу) сәйкестенеді. Осындай әрекеттесуден адам дамиды, яғни тұлға жетіледі. Рухани бай тұлға адамзат санасынан туындаған дүниелік құндылықтарды бойына жинақтап, сол арқылы, дүниеге тұлғалық мәндегі обьект деп қарайды. Омірге осындай дүниелік қатынастан, өмірге қанағаттанбаудан, тұлға ізденіске түсіп, өзін-өзі дамытады. Өмірдегі жағымсыз қылықтарға (екіжүзділік, өтірікшілік т.б.) қанағаттанбаушылық тұлғаның рухани қалыптасуының белгісі, тәрбиеліліктің белгісі болып табылады. Тәрбиелеу барысында біз жеке адам бойына ізгі қасиеттер жиынтығын сіңіруді көздейміз, соған байланысты қызмет көрсетеміз. Жеке адамды тәрбиелеу қызметтеріне:
жалпы адамзаттың гуманитарлық доминанттар деңгейін игеру немесе меңгеру;
этикалық және эстетикалық мөлшерлерде қоғамды меңгеру, яғни негізгі әлеуметгік және кәсіптік қызметі, жеке құндылығы және амалы;
тәрбиелеу процесіндегі жеке адамның иерархиялық сапасын және деңгейін игеру;
Тәрбиелеуші - тәрбиенің субъектісі, екі жақты процесс, яғни тәрбие өзінің белсенділігі арқылы іске асырылады және өз қабілеті мен өзін -өзі тәрбиелеу арқылы жетістікке жетеді.
Тәрбие - бағытталған процесс, әрбір негізгі мақсат оның мазмұны мен әдістеріне сәйкес және ол жеке мазмұны мен бағыты арқылы анықталады. Педагогикалық ғылымда тәрбие дәстүрлі тұрғыдан анықталады: ақыл-ой, мінез - құлық,адамгершілік, эстетикалық, еңбек, дене шынықтыру бағыттары қазіргі кезде құқықтық, экономикалық, экологиялық, имандылық және азаматтық тәрбиемен толықтырылады. Тәрбиелеу процесінің толық және жеке бағыты әртүрлі деңгейде іске асырылады: социумдық деңгейде, әлеуметтік институттарда, жеке әлеуметтік топтарда, жеке өзара және өзіндік тәрбиелеу деңгейінде.
Тарихи жинақталған тәрбие түрлері ішкі мәдениет түрлеріне қарай дамиды. Бірінші, тарихи тәрбиелеу түрі үлкендердін балаларға арналған және негізгі міндетті, топтық мінездемесіне дәл келеді.
Тәрбиенің мақсаты - тәрбиенің белгілі әдістемесі арқылы шешіледі, оның құрылымын құрастырушылар: педагогтар мен тәрбиешілер болып табылады. Тәрбие әдістерінің классификациялық шарты және тәрбиелеу үлгісінің түрлері және бағыты, тәрбиелеу ортасы, тәрбиелеушінің жасы және тәрбиелеушінің жеке қасиеті немесе тұлғасына байланысты болады. Осы берілгендермен байланысты тәрбие процесін контекс ретінде қарастыруға болады, ол жетістікке жету үшін әдістердін тиімділік жүйесін жетілдіру болып табылады. Іс-әрекеттің кез-келген жағдайында анатомиялық-физиологиялық бейімділіктер жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуында ерекше орынға ие бола алады (мысалы, есту мүшелерінің құрылысы, ойлау қабілетіндегі ерекшеліктер/.б.). Олар баланың қабілеттілігінің, іскерлігінің дамуының алғышарттары болып табылады.
Тәрбие мен білім беру барысында адамдардың табиғи қасиеттерін ескеру қажет, оның бейімділігі мен қабілеттілігін анықтай отырып, дамуларының тәсілдерін, формалары мен әдістерін айқындау керек. Тәрбиенің зор күшін көптеген прогрессивті педагогтар мойындаған. Мысалы, ұлы чех педагогі Ян Амос Коменский табиғат адамға дүниеге келген сәтінде білім игеруге пәр береді, бірақ бұл тек тәрбие мен білім арқасында ғана дами алады деп тұжырымдаған. Белгілі педагог А. С. Макаренко пеагогикалық теория мен тәжірибеде "қиын", тіпті "тәрбиесі қиын" балалармен жұмыста тәрбиенің игілікті күшін дәлелдеген болатын.
Тәрбие - белгілі бір мақсатқа негізделе отырып, жеке тұлғаны қалыптастыру процесі. Тәрбие мен білім беру адамның қоғамдық қажетті білім, білік, дағдылардың белгілі бір жиынтығымен қарулануын, оның қоғам өмірі мен еңбегіне дайындығын, осы қоғамдағы нормалар мен мінез-құлық ережелерін сақтауын, адамдармен қарым-қатынасын, оның әлеуметтік институттармен ара қатынасын қарастырады. Қазіргі жағдайларда адамның ұзақ та арнайы ұйымдастырылған білім-тәрбиесіз өмірге араласуы өте қиын. Тек тәрбие ғана жеке тұл ғаның дамуының әлеуметтік бағдарламасын жүзеге асыратын, оның бейімділігі мен қабілеттілігін жетілдіретін шешуші күш. Тәрбиенің оның мақсаттылығынан басқа ерекше өзгешеліктерінің бірі оның осы бір әлеуметтік қызметті орындау үшін қоғамның арнайы дайындаған адамдары арқылы жүзеге асырылады. Педагогиканың ұлы классигі К. Д. Ушинский жеке тұлғаның қалыптасуындағы тәрбиешінің ерекше орны туралы былай деген: "Тәрбиеші тұлғасының жас жанға әсері оқулықтармен де, моральдық нұсқаулармен де, жазалау мен мадақтау жүйесімен де алмастыруға болмайтын тәрбиелік күшті құрайды".
Осылайша жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының жемісті
болуының шарты тарихи анықталған және әрдайым өзгеріп отыратын үш фактор: тума касиеттері, қоршаған орта және тәрбие болып табылады.
Жеке тұлғаның қалыптасуында тәрбиеге шешуші мән бере отырып, өзара күрделі байланыста болып отырған мақсатты тәрбие мен баланың дамуының ара қатынасының мәнін дұрыс түсіне білу керек.