Қорытынды: Өлең 11 буынды жыр үлгісінде жазылған. Алғаш рет Қазан қаласында басылған «Князь бен Зағифа» (1897) атты жинақта жарияланды. Басылымдарында аздағантекстологиялық өзгерістер кездеседі. Мүрсейіт қолжазбаларында өлеңнің 2-жолы «Тастан тулкі жолығар аңдығанға», 9-жолы «Томағасын тартқан соң бар қырымнан», 17-, 18-жолдары «Қызық көрер көңілді аңшылардың, Шабар жерін қара мас жығылғанға», 34-жол «Қара шаш қызыл жүзді жасырғанға», 35-жол «Күйеуі ер, қалыңдығы сұлу келіп» болса, жинақтарда 1909 жылғы басылым бойынша бұл жолдар «Тастан түлкі табылар аңдығанға», «Томағасын тартқанда бір қырымнан», «Қызық көрер көңілді болса аңшылар, Шабар жерін қарамас жығылғанға», «Қара шаш қызыл жүзді жасырғанда», «Куйеуі ер, қалыңдығы сұлу болып»деп алынған. 1933,1939, 1954 жылғы жинақтарда 13-жол «Көре тура қалады қашқан күлкі»делінсе, 1945, 1957, 1977 жылғы басылымдарда Мүрсейіт қолжазбалары мен 1909 жылғы жинақ негізінде «Көре тура қалады қашқан түлкі» болып берілген. 1933 жылғы басылымда 21- жол «Сегіз найза қолында көз төңкермей», ал қалған жинақтарда Мүрсейіт қолжазбалары, 1909 жылғы басылымға сәйкес «Сеғіз найза қолында көз аудармай»деп қабылданған. 1909, 1939 жылғы жинақтарда 39-жол «Қусы да иесіне қоразданар» делінсе, қалған басылымдарда Мүрсейіт қолжазбалары бойынша «Қусы да иесі де қоразданар» деп алынған. 1909, 1939, 1945, 1954 жинақтарда 42-жол «Жасы үлкендер жанына байланғанда» болса, 1957, 1977 жылғы басылымдарда Мүрсейіт қолжазбалары негізінде «Жасы үлкені жанына байланғанда» деп берілген.Туыңды ағылшын, орыс, өзбек, татар, түрікмен, ұйғыр т. б. тілдерге аударылған.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. Ана тілі баспасы-1995ж.
2.Әуезов М. Абай Құнанбаев.Санат баспасы-1995ж.
3.https://cyberleninka.ru/article/n/hudozhestvennye-osobennosti-proizvedeniy-abaya-kunanbaeva
4. https://semeylib.kz/?p=2129&lang=ru