Қабылдаған: Мухаббат Рустамбекова Орындаған: Тажиханов Хасан Түркістан-2023 Жоспар



бет1/4
Дата18.10.2023
өлшемі103,17 Kb.
#118005
  1   2   3   4
Байланысты:
Әдістеме


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Тақырыбы: Тарихи зерттеу әдістерінің қалыптасуы мен эволюциясы
Қабылдаған: Мухаббат Рустамбекова
Орындаған: Тажиханов Хасан


Түркістан-2023


Жоспар:

  1. Сонымен ғылыми шығармашылықтың методологиясы мен әдістері деген не?

  2. Ал негізгі тақырыбымыз – тарихтың методологиясы қандай?

  3. Қорытынды

  4. Пайдаланған әдебиеттер



Сонымен ғылыми шығармашылықтың методологиясы мен әдістері деген не?
Методология – ғылыми танымға жетудің жолы. Мысалы, тарих дүниежүзіндегі ең көне ғылым. Оның дамуы тек тарих білімінің көбеюін ғана емес, сонымен бірге оның сапасындағы өзгерістерді де байқатады. Тарихтың методологиясы туралы алғашқы түсінік ежелгі гректерде пайда болды. Тарихи баяндардан мифология біртіндеп ығыса бастайды. Қазіргі зерттеушілердің пайымдауынша, өткеннің рационалды құрылысын тарих беретіні Геродоттан басталған. «Шығарма, – деп жазды Полибий (б.з.б. 201 – 120 жылдар) – егер онда шындық бұзылса оны тарих деуге болмайды… Тарихи шығармаларда шындық бәрінен жоғары тұруы тиіс». Бірақ тарихи зерттеудің пәні, оның әдісі қандай болуы керек? Геродотқа тарих әлемдік мәдениетті зерттеу болса, ал Фукидид үшін саясаткерлердің қызметі болды. «Тарих» деген 40 кітаптың авторы (бізге тек аз бөлігі ғана жеткен) Полибий тарихты өмірлік ақылшы деп санады. Оның айтуынша, тарихты жазушының мақсаты жалпы сипаттау емес, оқиғаларды түсіндіру болуы тиіс. Мемлекетті басқару түрлерінің ауысуына билік басындағылардың адамгершіліктен айырылуы себеп дейді бұл автор.
Қазіргі деңгейдегі ғылыми-теориялық ойлау жүйесі зерттелмек нысан мен процестің мәніне ұмтылуға тырысады. Ғылыми зерттеу дегеніміз болашаққа зер салу секілді іздену жолдары, ғылыми объективті көзқарас. Фактілерді түсіндірілуі немесе практикалық қолданылуы қиын деп ысырып тастауға болмайды. Себебі ғылымдағы жаңалық зерттеушінің өзіне де байқалмайды. Жаңа ғылыми фактілер, тіпті жаңалықтар маңызы толық ашылмағандықтан ұзақ уақыт бойы ғылым қорында жатып қалуы немесе практикада қолданылмауы мүмкін.
Идеяны толық шешілуіне дейін жеткізу ғылыми зерттеуді жоспарлы жүргізуде ғана іске асады. Ғылымға кездейсоқ ашылулар да тән. Бірақ жоспарлы әрі жақсы жабдықталған ғылыми ізденістер табиғаттағы объективті заңдылықтарды тереңірек ашуға және тануға ықпал етеді. Ары қарай алғашқы ойды мақсатты әрі жүйелі өңдеу жалғаса береді, өзгерістер, қосымшалар, нақтылықтар енгізіледі де зерттеудің сұлбасы дами береді.
Ғылыми зерттеу нәтижесі түсінікке, заңға және теорияға айналатын нақты мақсаттылық таным. Оған тән кейбір ерекшеліктер бар:

  • бұл міндетті мақсатты процесс, оған жету жолындағы нақты шешілмек міндеттер;

  • бұл жаңа, шығармашылыққа, белгісізді ашуға, айрықша идеяларды іске асыруға әрі қарастырылмақ мәселелерді жаңаша қарауға бағытталған процесс;

  • ол жүйелілігімен сипатталады: яғни зерттеу процесі әрі оның нәтижесі тәртіпке, жүйеге келтіріледі;

  • оған дәлелділік, жинақтаулар мен тұжырымдарды жүйелі негіздеу тән.

Ғылыми-теориялық зерттеулердің нысаны жеке, нақты жағдай емес, оның зерттеу нысаны ұқсас құбылыстар мен жағдайлардың толық тобы, олардың жиынтығы.
Ғылыми-теориялық зерттеулердің мақсаты жекелеген құбылыстардың қатарынан жалпыны табу, ондай құбылыстардың пайда болуын, қызмет етуін, даму заңдылықтарын ашу, демек ондай құбылыстардың мәніне терең үңілу.
Ғылыми-теориялық зерттеулердің басты құралдарына мыналарды жатқызуға болады:

  • жан-жақты негізделген және бір жүйеге келтірілген ғылыми әдістердің жиынтығы;

  • өзара бір-бірімен байланысты және ғылым тілін қалыптастыратын түсініктердің, нақты терминдердің жиынтығы.

Ғылыми зерттеулердің нәтижелері ғылыми еңбектерге (мақала, монография, оқулық, диссертация, т.б.) айналып, жан-жақты бағаланғаннан кейін практикада жүзеге асады, практикалық таным процесінде ескеріледі және қорытынды түрде жетекші документтерге кіргізіледі.
Cонымен адамдардың барлық саладағы қызметтері (ғылыми, практикалық, т.б.) бірқатар факторлар қатарымен анықталады. Оның нәтижесі кім (субъект) немесе кімге (объект) бағытталған және бұл процесс қалай жүзеге асады, қандай тәсілдер пайдаланылады. Демек, бұл әдістің (метод) мәселелері.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет