11.10.2022ж . Тақырып №1: Анатомия негіздері мен барланған физиология.Зерттеу әдістері мен нысандары Тапсырмалар
Анатомияның пәні мен әдісі.
Ғылым дамуының тарихы.
1)Анатомия (гр. -ἀνα- - үстінен + гр. -τέμνω-- кесем — бөлшектеу, кесу, іреу) — тірі организмдердің үлкейткіш аспаптардың көмегінсіз көзге көрінетін құрылысын з ерттейтін іргелі (фундаментальды) биологиялық морфологиялық ғылым.
Анатомия — зерттеу бағыттарына байланысты жануарлар және өсімдіктер анатомиясы болып екіге бөлінеді.
Жануарлар анатомиясынан адам анатомиясы жеке ғылым саласы ретінде бөлінді. Зерттеу бағыттарына сәйкес анатомия өз кезегінде бірнеше салаларға бөлінеді:
жүйелі анатомия — адам мен жануарлар дене мүшелерінің құрылысын, олардың атқаратын қызметтерімен байланыстырып, мүшелер жүйелері ретінде (тері жабыны, сүйектер, бұлшық еттер, ас қорыту, тыныс алу, зәр бөлу, көбею, тамырлар, эндокринді бездер, жүйке жүйелері) зерттейді;
мүсіндік (пластикалық) анатомия — адам мен жануарлар организмдерінің сыртқы дене бітімі мен дене бөліктерінің тұрақты жағдайдағы немесе қозғалыстағы пропорциялық арақатынасын зерттейді. Мүсіндік анатомияның негізін қалаған италиян ғалымы Леонардо да Винчи;
топографиялық анатомия — адам мен жануарлар организмдерінің белгілі аумақтары мен бөліктеріндегі әртүрлі жүйелер мүшелерінің орналасу орындары мен сол аймақтағы олардың арақатынастарын зерттейді;
салыстырмалы анатомия — әртүрлі типтер мен кластарға жататын жануарлардың белгілі бір мүшелерінің немесе мүшелер жүйелерінің құрылыстарын салыстырып зерттейді;
түр анатомиясы — жануарлардың түрлеріне байланысты, олардың дене құрылысындағы ерекшеліктерді анықтайды;
тұқым анатомиясы — мал тұқымдарына сәйкес, олардың дене құрылысындағы салыстырмалы айырмашылықтарды зерттейді;
жас анатомиясы — жануарлардың жасына байланысты, олардың дене мүшелері құрылысындағы құрылымдық өзгерістерді анықтайды;
қалыпты анатомия — ересек адам мен жануарлар организмдерінің дертсіз қалыпты жағдайдағы құрылысын анықтап зертгейді;
патологиялық анатомия — ауырған организм дене мүшелерінің құрылысын қалыпты анатомия мөліметтерімен салыстыра отырып зерттейді;
Жеке гистология немесе микроскопиялық анатомия — жануарлар организмі мүшелерінің микроскоппен ғана көрінетін құрылысын зерттейді.
Адам мен жануарлардың қалыпты анатомиясы көптеген ғылыми салалардан тұрады:
дерматология — тері жабыны және онын туындылары туралы ілім
спланхнология — ішкі ағзалар туралы ілім
эндокринология — ішкі секреция бездері туралы ілім
ангиология — тамырлар жүйесі (қанайналым, лимфаайналым, қантүзу мүшелері) туралы ілім
неврология — жүйке жүйесі туралы ілім
Сезім мүшелері (эстезиология) — сезім мүшелері туралы ілім.
2) Адам анатомиясының дамуына үлкен үлес қосқан ерте кездегі Қытай, Үндістан және Египет. Шығыстың үлгілі ғалымы Әбу — Әли – Ибн-Сина. Мысалы ол “ Дәрігерлік ғылымның канондары” деген кітапта адамның ішкі мүшелері мен қан тамырларының анатомиясытуралы жазып, қай жерден қан алу, қан құю керек екендігін білген, сондай-ақ денеге ине шаншу арқылы емдеу әдісітуралы да айтып кеткен.
Анатомияның негізін салушы – Ежелгі Рим дәрігері Гален. Ол ит пен маймылды сойып солардың дене құрылысын зерттеп, оны адам дене құрылысына сәйкес болар деп жобалаған.Галеннің көп қателерін араб ғалымдары ,атап айтқанда Ар-Рази,Әл-Фараби,Ибн-Рушу,Әбу-Али-Ибн-Сина түзетіп, анатомияға көп жаңалылықтар қосты.Ежелгі грек ғалымдары Демокрит,Гиппократ қан тамырлар жүйесі бар екендігін анықтады.
Анатомияның дамуына үлкен үлес қосқан гректің ұлы ғалымы Аристотель болды.Ол жүйкені сіңірден ажыратып, жүректің қан айдайтын мүше екендігін білді.Ол ұлпалардың түрлерін анықтап берді.Қайта өрлеу дәуірінде анатомияның дамуына тікелей үлес қосқан ғалымЛеонардо да Винчи суретші, математик,инженер,ол 30 өліктен 800 нақты сүйектердің суретін салған.Мальпиги мен Шумлянскийкапилярларды ашып қан айналу тұйық екендігін дәлелдеді.Неміс ғалымдары Шванн мен Шлейден жасушалық теорияны ашты.
Орыс ғалымдары арасынанН.И.Пирогов,И.М.Сеченов,И.П.Павловтың еңбектері анатомияның функционалдық бағытқа түсуіне септігін тигізді.
Қазақстанда анатомия ілімінің дамуына үлес қосқан ғалым профессор Алшынбай Рақышұлы Рақышев «Анатомия терминдерінің қазақша,орысша, латынша сөздігі», «Адам анатомиясы» атты оқулығы қазақ тілінің лексикалық бай мүмкіндіктерін жоғары көтерумен қатар мемлекеттік тілдің медицина саласында тезірек қолдануына әсерін тигізді. 1992 жылы қазақ тілінде М.М. Дайырбекованың «Адам анатомиясының практикумы», Р.С. Смагулов, Б.Нәрібаев, Е. Кәрібековтың «Тәнтану» 1994 және Е. Кәрімбековтың « Адам анатомиясы» (1992) сияқты еңбектері жарық көрді.