Ақбілек романы Жүсіпбек Аймауытов

Дата21.12.2022
өлшемі0,64 Mb.
#58870
Байланысты:
жүсіпбек аймауытов

Ақбілек романы

Жүсіпбек Аймауытов

Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931)

Ж.Аймауытов-қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы. 1917-1919 жылдары Алаш партиясына кірсе, 1919 жылы бірінші желтоқсанда Семейде кеңес өкіметі орнап, Губревком құрылған мезгілде көптеген қазақ жастарымен бірге мүше болады. Ж.Аймауытұлы ұлттық сөз өнерінің әр алуан саласында ерен еңбек етті. Оның қаламынан туған, әсіресе ақындық әлемін танытатын, кемел прозашылығын, белгілі драмашылығын, айтулы аудармашылығын , сындарлы сыншылығын, жан жүйесінің білікті білгірі екендігін ғылыми және әдеби еңбектері табиғи талант қырларын жан-жақты жарқырата көрсетті. 

Ақбілек романы
Жүсіпбек Аймауытовтың қаламынан туған психологиялық роман
Романда көтерілген басты мәселе - қазақ қызының тағдыры,.әйел теңсіздігі
Роман тұңғыш рет 1927 жылы «Әйел теңдігі» журналында жарияланды
Ақбілек романындағы барлық оқиғалар тікелей өмірден алынған
Кейіпкерлер келбеті, іс-қимылдары да нанымды жеткізіледі. Қазақ төңкерісінен кейінгі қазақ ауылының өмір-тірліктері, ақ гвардияшылар әрекеті кеңінен көрініс береді
қазақ қызының күрделі тағдыры негізінде әлеуметтік төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының өзгеру процесін суреттеген алғашқы қазақ романдарының бірі

"Мамырбайдың—Ақбілегі, Ақбілегі—жас түлегі" деп бастау алған роман, әрі қарай немен, қалай жалғасады?Мен бұл романды оқығанда,"мынау бір ғана қазақ қызының басынан өткен тағдырма?!"деп таңдандым. Неге?Ақбілектің сүйгені Бекболат.Бірақ ол Бекболатқа қосыла алмады.Тағдыр қоспады ма, әлде жол қоспады ма?Әрине, тағдыр. Ақбілектің қатал тағдыры.Неге қосылмады деген сұрақ көкейіңізге келген болар. Ендеше айтайын. Ақбілекті орыс офицер алып қашады.Оған қазақ қызы "қара мұрт" деп ат қояды.Өз отауына алып келіп, ойнас қылады.Бір күні Ақбілек "қара мұрттың" соғысқа кеткенін пайдаланып, ауылына қашып, қайтадан оралады. Ел-жұрттың сөзінен гөрі оған әкесінің суық көзқарасы өте ауыр батты. Ал анасы Ақбілекті құтқарамын деп қаза тапқан еді. Енді жалғыз сенері де серігі де жеңешесі Ұрқия.Ол Әміре дейтін ағасының әйелі, бала көтере алмай жүрген бейкүнә әйел, қамқор жеңеше. Ұрқия Бекболат екеуін кездестіреді, сөйлесіп жүреді.Енді той болуға дайындалып жүргенде, Бекболат Ақбілекке үйленбейтін болады.

Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет