ҚабынуғА Қарсы заттар



бет1/10
Дата16.05.2023
өлшемі159,5 Kb.
#93909
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
абыну А арсы заттар


ҚАБЫНУҒА ҚАРСЫ ЗАТТАР
Қабыну агзаның әртүрлі экзогенді және эндогенді зақымдаушы факторларга жан жакты реакциясы, оларга бактериялык, вирустык және паразитарлык инфекциялардың қоздырғыштары, аллергендер, физикалық және хнмиялык тітіркендіргіштері жатады. Олар жергілікті жэне жалпы (жайылган) реакциялар тудырады. Инфекциялық және инфекциялық емес патологиялардың көптеген түрлерінде дамитын қабыну реакцияларының шамадан тыс айкын болуы және мүшелер мен тіндер қызметін бұзуы мүмкін. Сондықган этиотропты емдеумен (егер ол мүмкін болса) катар кабыну урдісін рационалды тежеудіц үлкен практикалық маңызы бар. Қазіргі уакытта қабынуға карсы заттар көптеген аурулар мен патологиялық жағдайлар фармакотерапиясының міыдетті компоненті болып табылады.
Қабыну - көптеген эндогенді заттармен реттелетін күрделі үрдіс. Соңғысы қабынуға катысатын әртүрлі жасушалык элементтермен (мес жасушалар, полиморфты ядролы лейкоциттер, моноциттер/макрофагтар, эндотелий жасушалары, тромбоциттер) өндіріледі. Олар мынандай биологиялық белсенді заттарды: простаноидтарды, лейкотриендерді, N0, тромбоциттерді активтейтін факторды (ТАФ; РАҒ1), гистаминді, бірқатар интерлейкиндерді жэне т.б2 секрециялайды. Сондыктан қабынуды фармакологиялык реттеу мүмкіндігі эр алуан. Әдетте олар қабыну үрдісін ынталандыратын заттардың өндірілуін және босап шығуын тежеуге багытталган.
Қабынуга қарсы заттар алу бағытында, қабыну үрдісіне катысатын жасушалардың жасуша мембранасы фосфолипидтерінен биологиялық белсеңді' заттардың түзілуіне әсер препараттар зор қызығушьшык туындатуда. Бұл заттар әсерінің негізгі багыты мынандай:
1. Простаноидтардың (простагландиндер, тромбоксан),
лейкотриендердің және тромбоцитгерді активтейтін фактордың (ТАФ)
түзілуін бакылайтын фосфолипаза А2-ны тежеу; глюкокортикоидтар
осы принцип бойынша әсер етеді.
2. Простаноидтардың биосинтезін реттейтін (кабынуға қарсы стероидты
емес заттар) циклооксигеназаны тежеу.
3. Простаноидты рецепторларды тежеу (мысалы, тромбоксан
антагонисті сулотробан).
4. Лейкотриендер түзілуіне катысатын 5-липоксигеназаны тежеу
(зилеутон).
5. Лейкотриендік рецепторларды тежеу (ЛТЭ4 үшін зафирлукаст).
6. ТАФ әсерлесетін рецепторларды тежеу (ТАФ
аналогтары, алпразолам).
Қазіргі уакытта негізінен алғашкы екі топтың практикалық маңызы бар. Лейкотриендік жүйеге әсер ететін заттар (4-5; 13.4 тарауды қара) үлкен назар аударуда. Қалған перспектавті топтардың препаратгары салыстырмалы жакын уақытга алынған. Қазір олар эксперименталдық, ал кейбіреуі клиникалық зертгеулерден өтуде, сондыкган олардың медициналык пракгикадагы мақызы жөнінде айтуға әлі ертерек.
Қабынуга карсы заттарды химиялық құрылысы бойынша стеровдты және стероидты емес деп жіктеу кабылданган.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет