280
қойылады. ыдысты еденге қоюға болмайды, себебі оған жабысқан кір
ары қарай үстелдерді ластайды. ыдысты ашар алдында оның таза
екеніне көз жеткізу керек. егер ыдстың сыртқы беті кір болса, оны
тазартып, содан кейін қақпағын ашу керек. бос ыдысты үй-жайдан
бірден алады. Өлшеу кезінде өнімдерді тура таразыға салмау керек.
ластануды болдырмау үшін өнімдерді ыдыста немесе полиэтилен
қаптарда өлшеу керек. Өнімдерді таситын, салатын және шығаратын
адамдардың барлығы жұмыс уақытында қолданылатын санитарлық
киіммен (халаттармен, бас киімдермен, қолғаптармен) қамтамасыз
етілуге тиіс. инфекциялық аурулар мен жаппай инфекциялық аурулар
(улану) пайда болуының алдын алу үшін ұйымға:
• өнім сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттары жоқ
тағамдық шикізат пен тағам өнімдерін;
• таңбасы мен ветеринарлық куәлігі жоқ ауылшаруашылық
малдарының барлық түрлерінің еті пен субөнімдерін;
• ветеринарлық куәлігі жоқ балық, шаяндар, ауылшаруашылық
құстарын;
• қабыршағы ластанған, «тек», «сынған» деген кесігі бар
жұмыртқаларды, сондай-ақ шаруашылықтардан сальмонеллез
анықталған жұмыртқаларды, үйрек және қаз жұмыртқаларын;
• банкалар тығыздығы бұзылған, бомбажды консервілерді,
«торсылдақтар», тот басқан, пішіні өзгерген, құрттаған,
майысқан банкілерді;
• қоймалық зиянкестермен залалданған жарма, ұн, қептірілген
жемістер мен басқа өнімдерді;
• зең мен шіру белгілері бар көкөністер мен жемістерді;
• жеуге болмайтын, өсірілмейтін, құрттаған, майысқан саңы-
рауқұлақтарды;
• жарамдылық мерзімі өтіп кеткен және сапасыз тағам өнімдерін;
• үйде дайындалған өнімді қабылдауға тыйым салынады.
Достарыңызбен бөлісу: