304
желдету гигиенасы. жабық бөлмеде адамдардың ұзақ болуы,
өндірістік үдерістердің жүзеге асуы кезінде ауа ортасының санитарлық
жағдайы төмендейді. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында
ылғал мен жылуды бөлудің, ауа ортасының газ және механикалық
қоспалармен ластануының негізгі көзіне адамдар, өндірістік құрал-
жабдықтар, тағам дайындаудың технологиялық үдерістері жатады.
ауаның ластануы бөлменің қажеттілігіне байланысты: ыстық цехта
ауа зиянды газдармен ластанады, температура, ылғалдылық өзгереді.
сауда залдарында ауа ағзадан бөлінетін көмірқышқыл мен, шаңмен,
қоймаларда шаңмен, микроорганизмдермен ластанады. ластанған
ауаны таза ауамен алмастыруға арналған жылу алмасуы табиғи және
жасанды желдеткіш арқылы жүзеге асырылады.
желдеткішқойлатын талаптар:
– желдеткіш құрылғылармен барлық бөлмелердегі қажет етушілер
қамтамасыз етілуі керек.
– желдеткіш жылыту сияқты санитарлық талаптарға сәйкес, ауа
ортасының қажеттілігін қамтамасыз ету керек.
– кәсіпорындардың барлық бөлмелері табиғи ауа алмасуды
қамтамсыз ететін құралдармен жабдықталуға тиіс,
– жасанды желдеткіш құрылғыларын таңдаған және қондырған
кезде, олардың қуаттылығы мен бөлменің қажеттілігіне мән
беру керек.
табиғи желдеткіш – ашық терезелер мен есіктер арқылы жел-
дету. терезе арқылы желдету тұрақты емес, сырттағы және ішкі
температураға, желдің соғуы бағытына байланысты. ауа алмасу
екіжақты желдетуден көбейеді. Ол үшін терезе желдеткіші мен
бағыттар қондырылады. бағыттар терезенің жоғарғы жағына жаса-
лып, төбеге қарай 45° бұрышта жоғары ашылғанда, салқын ауа жұмыс
аумағына енеді де, төбедегі жылы ауамен араласып, суық тиіп қалу
қаупін төмендетеді. гигиеналық талаптарға сәйкес фрамугалар
терезелердің жартысынан көбінде, ал ыстық цехта барлық терезелерде
болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: