61
элементтер – натрий мен фосфор. катиондар мен аниондардың
мөлшеріне байланысты тамақтық өнімдерде қышқылдық және негіздік
қасиеттер басым болады. сүт, жеміс-жидектер тамаққа – негіздік
қасиет, ал ет, балық, жұмыртқа қышқылдық қасиет береді. мысалы,
кейбір жемістердің қышқыл дәміне қарамастан, оларды жеген кезде
организмнің негіздік резерві артады. себебі, бұл өнімдердің құрамына
кіретін лимон, алма т.б. қышқылдар тез тотығып, көміртектің оксидін
түзеді және су түзіледі, ал к және мg т.б. катиондар ұлпада қалады.
етте, балықта және ақуызға, фосфорға бай басқа да өнімдерде кати-
ондар аз болады; протеиндер (күкірттің көзі болып табылатын: мети-
онин, цистин, цистеин) тотыққан кезде күкірт қышқылының иондары
түзіледі. Оларды бейтараптау үшін ұлпалардың негіздік резервтері
жұмсалады. минералды заттар әртүрлі мысалы, зоб, кариес, рахит т.б.
аурулардың алдын алу үшін үлкен рөл атқарады.
тамақ құрамында ұзақ уақыт қандай да минералды заттардың
жетіспеуі немесе артық мөлшерде болуы ақуыздардың, көмірсулардың,
майлардың, дәрумендердің, судың алмасуының бұзылуына және
әртүрлі аурулардың пайда болуына әкеледі. тамақ өнімдерінде каль-
ций және фосфор жетіспеушілігі тіс ауруына, сүйек ұлпаларының
бұзылуына септігін тигізеді. Фтор пайдаланылатын суда жетіспеген
кезде тіс эмалі бұзылады, иод жетіспеушілігі зоб ауруына әкеледі.
адамның ағзасындағы минералды заттар алмасуының бұзылуына
себеп болатын жағдайлар:
1. алдын ала тамақтану (ақуыздардың, майлардың, көмірсулар-
дың, дәрумендердің аз және артық мөлшері);
2. Рациондағы минералды заттарды организмнің қажеттілігіне бай-
ланысты жөндеудің болмауы. мысалы, қоршаған ортадағы жоғарғы
температурада жұмыс істейтіндерде калий, натрий, хлор және басқа
да минералды заттарға сұраныс артады (себебі, термен көптеген мине-
ралды заттар бөлінеді);
3. асқазан-ішек жолымен минералды заттардың сіңірілуінің
бұзылуы немесе көп сұйықтықтың бөлінуі (мысалы, қан кету).
Достарыңызбен бөлісу: