Ацетиленді өндіру



бет4/5
Дата27.11.2023
өлшемі112,86 Kb.
#129904
1   2   3   4   5
Байланысты:
ОХТ -11 (копия)

2-сурет. Ацетиленді метаннан толық емес жандыру
арқылы алуға арналған реактор:
1-араластырғыш камерасы; 2 – жалынды таратуға арналған құрылғы;
І – суытқыш су; ІІ – реакцияның газдары

2-суретте өнеркәсіптік қондырғы типтерінің бірі көрсетілген. Толық емес жандыру қондырғысының пиролиз секциясы, негізінен, алдын ала қыздырылған метан мен оттектің ағындарын араластыратын және жағатын жандырғы болып табылады, одан соң жану өнімдерді өте жылдам суытумен «шынықтырылады». Алдын ала тұтануды болдырмау үшін араластыру аймағында қыздыру дәрежесі әдетте шамамен 600-7000С температурасымен шектеледі.


Осы мақсатпен жалын араластыру аймағына қайта кетпес үшін арнайы жандырғы блогы қолданылады. Араластыру аймағы және жандырғы блогы арқылы газды беру жылдамдығы жалынның қайтарылып кетуін болдырмайтындай етіп таңдалынады. Реакциялық газы шынықтыру жану аймағынан кейін тікелей өте тозаңдалған суды бүрку арқылы жүргізіледі.
Пиролиздің «шынықтырылған» газдарының құрамы мынадай болады:
Көлемдік,%
Ацетилен 8,0
Көміртек (ІV) оксиді 3,5
Көміртек (ІІ) оксиді 26,0
Метан 5,0
Сутек 56,0
Оттек 0,1
Жоғарғы ацетилендік
көмірсутектер және
басқа өнімдер 1,0

Осылармен қатар сондай-ақ күйенің аздаған мөлшері түзіледі, оларды ішінара суытқыш су арқылы кетіреді.


Қондырғы ~1500м3/сағ. метанды жібере алады; ацетиленнің шығымы 25-31% болады.
Пиролиз газы ондағы шайыр мен күйенің тозаңданған бөлшектерінен тазартылады, содан соң жоғарғы ацетилендік көмірсутектер бөлініп алынады. Ацетилен селективті еріткішпен сорбцияланады, ол үшін әдетте метилпирролидон пайдаланылады. Сорбцияланбаған газдар олардан еріткіштерді бөліп алу үшін шайылады (жуылады). Абсорберден шыққан ацетиленмен қаныққан еріткіш стабилизацияланады, яғни өте нашар еритін құрамдастардан босатылады, содан соң буландырғыш колоннаға түседі, ол жерде одан ацетиленді бөліп алады.
1 т ацетиленді өндіру үшін шамамен 4,2 т метан және 5 т оттек қажет болады. Бұл кезде қосымша өнім ретінде 2:1 қатынаспен негізінен сутек пен көміртек оксидінен тұратын 5 т газ түзіледі. Осы ілеспе газды (синтезгазды) аммиак пен метанолды синтездеуге пайдалануға болады. Сонымен, қондырғы ацетилен және синтезгазды өндіру үшін қолдануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет