Адам ағзасындағы химиялық элементтер — адам өміріне маңызды процестерді жүзеге асырып, организмгің дамуын қамтамасыз ететін элементтер тобы. Тірі ағзадағы мөлшеріне қарай бұл элементтерді үш топқа бөледі: микроэлементтер, макроэлементтер және ультрамикроэлементтер. Химиялық элементтердің біреуінің жоқ болуы немесе жетіспеуі ағзадағы қалыпты жағдайды бұзады, артуыда қауіп тудырады.
Макроэлементтер – көміртек, сутек, оттек, азот, фосфор – нәруыздың, нуклеин қышқылдарының және ағзаның басқа да биологиялық белсенді қосылыстарының құрамына кіреді.
Микроэлементтер ағзада өте аз мөлшерде кездеседі. Олар бауырда, сүйек және бұлшық ет ұлпаларында жиналады. Микроэлементтер ұлпаларға біркелкі таралмаған, олар көп жағдайда белгілі бір ұлпалармен мүшелерде кездеседі. Мысалы, мырыш-ұйқы безінде, молибден-бүйректе, барий-көздің тор қабығында, стронций сүйекте, йод қалқанша безде жинақталған.
Ультрамикроэлементтер – сынап, алтын, уран, торий, радий және т.б. Олардың ағзадағы мөлшері 15% – дан төмен. Бұл элементтер адам ағзасында қажетті мөлшерден көп болатын жағдайда көптеген аурулар пайда болады. Себебі, олар – токсиндік металдар болып табылады. Дегенмен, ағза үшін маңызы зор әрі біршама процестерге қатысады.
Жалпы аталған барлық химиялық элементтер адам ағзасы үшін өте маңызды.