Э Н Д О К Р И Н Д ІБ Е З Д Е Р
(Т Ү Т ІК Т Е Р ІЖ О Қ Б Е З Д Е Р ).
Организмде өтетін процестерді реттеу
жүйке жүйесімен ғана емес, сонымен катар
эндокринді бездермен қамтамасыз етіледі.
Ақырғыларына топографиялық орналасуы
және шығу тегі әртүрлі бездер жатады,олар-
дың түтіктері жоқ және шығаратын секретін
(инкрет) тікелей қанға немесе лим ф аға
бөледі. Эндокринді бездердің (ағзалардың)
жұмыс өнімдері — гормондар. Бұл өте аз
мөлшерінде организмнің әртүрлі функция-
сына эсер ете алатын жоғары дәрежелі био-
логиялық активті заттар. Гормондар (грек,
hormao - тітіркендіремін) сұрыптаушы фун-
кцияға ие, яғни нысана-мүшелердің жұмы-
сына нақты эсер ете алады. Олар жасушалар-
дын, тіндердің, мүшелердің және барлық
организмнің өсу және даму үрдістеріне рет-
теуші әсерді кам там асы з етеді. Гормон
өнім інің арты қш ы лы ғы немесе ж етіспе-
ушілігі организмде ауыр ауытқушылықтар
мен ауруларды тудырады.
Бір-бірінен анатомиялык дараланған эн-
докринді бездердің өзара әсері айтарлық.
Нысана мүшелерге гормондар қан арқылы
жеткізілетіндіктен мүшелердің бұл реттелуін
гуморалді реттелу деп атайды. Сонда да орга
низмде өтетін барлы қ үрдістер орталы к
жүйке ж үйесінің бақы лауы нда болады.
Мүшелер жүйесінің осындай реттелуі жүйке-
гуморалді деп аталады.
Қазіргі кездегі эндокринді мүшелердің
жалпыға ортақжіктелуі олардың эпителийдің
әр түрлерінен пайда болуына байланысты
[Зварзин А.А., Щелкунов С.И., 1954].
1.
Жұтқыншақ ішегінін эпителиалді жа-
мылғысынан дамитын, шығу тегі эндотер-
малді бездер — бранхиогенді топ. Олар қал-
қанша және қалқанша жанындағы бездер.
2.
Шығу тегі эндотерм алді бездер —
ішектік түтіктік эпителиінен дамыған — ұйкы
безінің эндокринді бөлігі (панкреаттық арал-
шыктар).
3.
Шығу тегі мезодермалді бездер — ин-
терреналді жүйе, бүйрекүсті безінін қыртыс
заты мен жыныс бездерінің интерстициалді
жасушалары.
4.
Ш ығу тегі эктодермалді бездер — нерв
түтігінің алдыңғы бөлігінің туындылары (не-
врогенді топ) — гипофиз және томпақ дене
(мидың эпифизі).
5.
Шығу тегі эктодермалді бездер - нерв
жүйесінің симпатикал ык бөл імінің туындыла
ры. Бүл топқа бүйрекүсті безінің милы заты
мен параганглиялар жатады.
Достарыңызбен бөлісу: