Адам қатынастары мектептерінің дамуына баға беріңіз. Адам қатынастары» мектептері. 1930 жылдар аяғында «ғылыми басқару»


Психологиялық басқару теориясын тұжырымдаңыз



бет28/39
Дата25.05.2023
өлшемі147,4 Kb.
#96912
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39
Психологиялық басқару теориясын тұжырымдаңыз.Америкалық белгілі маман Дуглас Мак – Грегор (1906-1964) Х және У әріптерімен белгіленген басқарудың екі теориялық концепциясын жасап шығарды. Автор бұл теориялар адам табиғатына әртүрлі көзқарас туғызады: егер Х теориясы адамды өндірісте жекешеліктен айрылған механистикалық көзқарасты анықтаса, У теориясы адамды оның ішкі ортасымен қатынасының органикалық байланысы көзқарасы ретінде түсіндіреді.Х теориясының шарттары бойынша адам жекешеліктен ада өндіріс факторы ретінде есептеліп келесі ретте көрсетіледі:Қарапайым адам жұмыс істеуді ұнатпайды, әрі жұмыстан мүмкіндік болса жалтаруға тырысады.Басшылыққа жұмысшылардың өз міндеттерін атқаруы үшін күш көрсетуге және жазаға тартуға тура келеді.Қатардағы жұмысшы селқос әрі өзін басқарғанды қалайды, шешім қабылдауға әрі жауапкершілікті мойнына алуға құлықсыз.Х теориясын қолдануда Мак – Грегор сәйкес ұстанымдарын құрастырды:Ұйымды қатаң басқару.Заң өкілеттерін дәстүрлі түрде орталықтандыру.Шешім қабылдау үрдісінде жұмысшылардың аз болуы.У теориясы ұстанымы басқаша ретте:Жұмыс адам үшін демалыс немесе ойын сияқты табиғи;Өзін – өзі ынталандыру мен жұмыс үрдісінде адам рахаттану үшін ол ұйымның мақсаттарының орындалуына ортақтасып, ерікті түрде жұмыс істейді.Ынталандырудың бір факторы ретінде жұмысшының қоғам өміріне араласуы , өзіне міндет жіктеуі болып табылады.Адамның жұмыс істеуіне жағдай жасалса ол өзіне жауапкершілік алудан қорықпайды.Шығармашылық және басшылық мәселелерді шешуді адамдардың аз тобына емес, жұмысшы топқа беру керек.
Психологтардың ұйым қызметкерлеріне бөліп көрсеткен рөлдерін сыни бағалаңыз. Ересек адамдар қызметте сарбаздар емес, балалар бақшасындағы балалар емес, олардың мотивациясындағы өз ерекшеліктері бар. Мұқтаждықтарды қанағаттандыру арқылы адамдардың жұмысына қалай әсер етуі мүмкін екендігі туралы бірқатар түсініктер бар. Ф. Тейлор адамдардың ақша табу және айыппұлдардан арылуға ұмтылуына негізделген деп санайды. Maslow түрлі адамдар қажеттіліктерін әр түрлі деңгейлерін, және жоғары жалақы бар деп сенген – адамдарды тартады ғана нәрсе емес. еңбек жағдайларына (жалақы, сыйақы, науқастың жай-күйін, т.б. байланысты мотивация және гигиена т.б.Психологтар ұйым қызметкерлерінің келесі рөльдерін бөліп көрсетеді: Майысқақтар. Ондай адамдарға бірден шешім қабылдаттыру мүмкін емес, олар өздерін көндіруге тырысқанды ұнатады, шешім қабылдаттыру үшін бірнеше рет кедесу қажет.Барлығын тез шешуді ұнатушылар. Майысқақтардың керісінше үлгісі кездесудің соңында қажет шешімді қабылдап үлгереді. Онымен істес болған адам шешімін өзгерту үшін күшін салуға тиіс. Барлаушылар. Олар адамдарға қамқор бола жүріп өзіне керекті жаңалықтарды ғана жинайды,ал өзінен алынған ақпараттар немесе өтірік, немесе жұмысқа қатысы жоқ болып келеді. Онымен бөліскен пікірлер мен фактіерді ол өз қажетіне қарай жаратады.Тәлімгер. Тәлімгер өзіне зиян келтіре отырып жақындарының жетістігін қамтамасыз етеді. Бұл жетістікке басқа адам жеткенімен тәлімгер үстемділікке,моральдыққа талпынады.Мақтаншақ. Әріптестері мен басшылыққа мақтаншақтардың жеке өміріндегі және қызметтегі жетістіктері туралы тыңдауға тура келеді. Әдетте оларды мақтап, тоқтап қалған жұмыстарды жалғастыруға болады. Әңгімешіл. Ол өзімен болған оқиғаларды әріптестеріне жеткізгенді, олардың тыңдап, қолдағанын ұнатады. Ол өсек тасу мен айту қасиетіне ие, сондықтан оған құпияларды сеніп тапсыруға болмайды. Екпінділердің жұмысты «қарғысатқандар» сияқты істейтіні туралы басшылығына шағымдануы қалыпты жағдай. Оларға аяушылықпен қарап жұмысқа берілгендіктеріне мақтау айту керек.Жергілікті психолог. Оған басқалардың істегені мен айтқандарын талдау тән. Оған өз ойларын «Сіз дәл айттыңыз!» немесе «Сізден жақсы психолог шығар еді!» деген бекіту сөздерімен қолдаған ұнайды.Жолы болғыш. Бұл адам басқалар жетпеген жетістіктерге жетіп, сол жетістіктерін адамдардың еркінен тыс баяндап, басқаларға да осындай жетістіктерге жетуді үйрету ұнайды.Жылауық. Оның жұмысы қалай болып жатқанына қарамастан ол өзінің және басқалардың мәселелерімен өмір сүреді. Онымен сөйлескенде әріптесі белсенді әрі қанағаттанған болса ол өмір үшін әліде күресуі керек екеніне ыза болады.Абыржыған. Онымен пікір білдіргенде сақ болған жөн. Ол естігенін өз қиялына сай қабылдап талқылауы мүмкін. Онымен кездескенде қатал киіну керек, әйтпесе ол өзін сексуалды құрбан ретінде қабылдап сіздің зілсіз әзіліңізді де сексуалды дәмелілік деп ойлап қалуы мүмкін.Манипулятор. Ол қандай жағдай болмасын өзіне икемдегенді ұнатады. Онымен кездескенде сабырлы әрі жарқын болу керек. Ол өзінің басты міндетін «қажетті әсер» қалдыру деп біледі. Ол басқару қабілетімен қатар басшылыққа ие болуға талпынғанды ұнатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет