Адам дамуын объективті жүйелі зерттеу



Дата23.10.2023
өлшемі57,7 Kb.
#120867
Байланысты:
№ 1 БӨЖ психология

Alikhan Bokeikhan University




Адам дамуын объективті жүйелі зерттеу
Тексерген: Оралбекова.Б.С.
Орындаған: Сабырбекова Сабина
Топ:КЯ-303

Семей 2023



Жалпы адам тұлға болып тек әлеуметтік ортада қалыптасады. Адамды жүйелі зерттеу мәселелерін қарастырған Б.Г.Ананьев және оның шәкірті В.А. Ганзеннің айтулары бойынша, адам төрт макроқұрылымнан тұрады екен. Олардың қатарына индивид, тұлға, іс-әрекет субьектісі, жеке даралық жатқызылған. Адам биологиялық құбылыс ретінде индивид болып табылады. Биоалогиялық түр болғандықтан әр адамның туа біткен ерекшеліктері бар, мысалы, дене құрылысы тік жүруге мүмкіндік береді, ми құрылымы интеллектің дамуын қамтамасыз етеді, қол құрылысы еңбек құралдарын пайдалануға мүмкіндік береді, осы белгілер адам баласын хайуаннан ажыратуға көмектеседі.
“Индивид” ұғымы адамды белгілі биологиялық қасиеттерді иеленуші ретінде сипаттайды. Индивид ретінде туылған адам қоғамдық өзара қатынастар мен процестер жүйесіне қосылады, нәтижесінде ерекше әлеуметтік сапа иеленеді, тұлға болып қалыптасады. Бұл оның негізгі сипаты, себебі қоғамдық өмір және қоғамдық қатынастар, ұжымдық еңбек адамының биологиялық дене құрылымын өзгертіп, өзіне бағындырды. Сонымен қатар, адам түрлі кәсіби мамандық иегері ретінде іс-әрекет субъектісі болып қалыптасады. Өз кезегінде, осы үш деңгейдің даму ерекшеліктері нақты адамның қайталанбастығын сипаттап, оның жеке даралығын анықтайды. Даралық дегенді жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктерінің қайталанбас қиысуы түрінде байқалатын нақты өзгешілігі деп түсінемін.
Жеке тұлғаның психологиялық үрдістерін, дара психологиялық ерекшеліктерін зерттей отырып, психология әр түрлі зерттеу әдістерін қолданады.Әртүрлі жас кезеңдерінде шәкірттердің танымдық мүмкіншіліктерін зерттеуде, жеке тұлғаны қалыптастырудың нақты жолдарын анықтауда рөлі ерекше. Адам психологиясына әсер ету, өзгерту құралы ретінде эксперимент пайдаланылады. Оның осындай түрі қалыптастырушы эксперимент деп аталады. Өзіндік ерекшелігі мысал ретінде мынада: ол бір мезгілде зерттеу тәсілі, сонымен қатар зерттеу құбылыстарын қалыптастыру әдісі қызметін атқарады. Қалыптастырушы эксперимент үшін зерттелетін психикалық үрдістерге зерттеуші белсенді араласады. Қалыптастырушы эксперименттің негізін салушылардың бірі В.В.Давыдов, эксперименттің бұл түрін генетикалық-моделдеуші эксперимент деп атады. Ол балалардың психикалық дамуын зерттеуді, тәрбие және оқытудың бірлікте болуын қамтамасыз етеді. Демек, қалыптастырушы эксперимент шәкірттерді тәрбиелеу мен оқытуды дамытушы әдіс болып табылады.
Адам даму саласына қатысты сенімді, тексерілген фактілерді алу оңай шаруа емес. Кездейсоқ бақылаушы да, зерттеуші де қандай фактілердің сенімді екенін және олардың қаншасы теорияны растау үшін жеткілікті деп есептейтінін шешуі керек. Жеке тәжірибе пайдалы және маңызды болуы мүмкін, бірақ басқаларға ақпарат бермес бұрын оны жүйелі түрде тексеру керек. Дегенмен, егер біз жеткілікті сенімді дәлелдер жинай алсақ, басқалар да оны бағалап , осындай қорытындыға келуі мүмкін. Ғылыми-зерттеу қызметі біздің күнделікті өмірімізде әртүрлі мақсаттарда қызмет етеді, бірақ ең бастысы, ол басқа адамдар жайлы, қоғам және өзіміз туралы идеяларымыздың дұрыстығын бағалауға көмектеседі. Атап айтқанда, генетикалық зерттеу адамның өмір бойы өсуі мен дамуы туралы білімдерді жинақтау құралы болып табылады. Сонымен қатар, ол әлеуметтік-педагогикалық әсер етудің тиімділігін тексерудің негізгі құралы болып табылады.
Әрбір адамның бойында жеке тұлға ретінде жалпылық, ерекшілік және даралық қасиеттердің болуы зерттеу жұмысын ұйымдастыруды талдау-жинақтау қағидасын басшылыққа алуды қажет етеді. Күнделікті өмірдің әртүрлілігіне қарамастан, әрбір адам өзіне тән даралық психикалық қасиетін сол күйінде сақтайды. Осы жағдай жеке тұлғысынан зерттеуді қажетсінеді. Адамды талдау тұрғысынан зерттеу жеке тұлғаны әр түрлі өмір жағдайлары мен іс-әрекетте психиканың элементтерін тануға көмектеседі, ал жинақтау-барлық жекелеген құбылыстардың өзара байланысын анықтауға мүмкіндік береді. Қортындылай келе мен адамды обьективті жүйелі зерттеудің қазіргі кезде рөлі зор деген ойға тоқталдым!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет