46.Көру мүшесі. Жалпы морфо-функциональдық сипаттамасы. Дәм көздері мен эмбриональдық дамуы. Көз алмасының жалпы құрылысы. Жарық тітіркендіргішінің әсерінен жануарлар дүниесінде арнаулы көру мүшесі – organum visus – пайда болды, оның басты бөлігі барлық жануарларда эктодермадан пайда болатын және жарық сәулелерінің тітіркендірулерін қабылдай алатын арнаулы сезімтал клеткалар болып табылады. Олардың көбі пигментпен қоршалған. Пигменттің маңызы жарықты белгілі бағытта өткізіп, артық жарық сәулелерін ұстап қалуда.
Қарапайым жануарларда мұндай клеткалар бүкіл денеде шашырай орналасқан ( қарапайым «көзшелер»), ал кейін нерв келетін сезімтал клеткаларымен астарланған (торлы қабық) шұңқыршақ пайда болады. Омыртқасыз жануарларда шұңқырдын алдында торлы қабықшаға түсетін жарық сәулелерінің шоғырландыруға арналған жарық сындырушы орталар
(көзбұршақ) пайда болады. Көздері барынша дамыған омыртқалы жануарларда бұлармен қатар көзді қозғалтатын бұлшықеттер және қорғаныш
Бейімдіктері (қабақ, жас аппараты) пайда болады.
Омыртқалы жануарларға тән бір ерекшелік мынада: көздің арнаулы клеткалары бар жарық сезгіш қабығы (торлы қабығы) тікелей эктодермадан
емес, томпаю арқылы алдынғы ми қуыншасынан дамиды.
Көру анализатары дамуының бірінші кезеніңде (балықтарда) оның шеткі ұшында (торлы қабық) таяқша пішіндес жарықсезгіш клеткалар болады, ал көру орталықтары тек ортаңғы мида ғана орналасады. Мұндай көру мүшесі тек жарықта сезіп, заттарды ажыратуға ғана қабілетті.
Құрлықта тіршілік ететін жануарларда торлы қабық жаңа жарықсезгіш клеткалармен – сауыт тәрізді клеткалармен толығып, аралық мида, ал сүтқоректілерде ми қыртысында да жаңа көру орталықтары пайда болады. Осының нәтижесінде көз түрлі түстерді көріп ажырату қабілетіне ие болады.
Мұның барлығы бірінші сигнал жүйесімен байланысты. Ақырында, адамда ми қыртысында ең жоғары көру орталықтары ерекше дамып, солардың арқасында онда көру образдарымен байланысқан дерексіз ойлау және жазбаша сөз пайда болады. Бұлар адамға ғана тән екінші сигнал жүйесінің құрам бөлігі.
Көз эмбриогенезі жалпы алғанда былай жүреді. Алдыңғы ми қуығының (оның аралық ми беретің бөлігінің) қабырғасының бүйір томпақтары жандарына қарай созылып, ішінде жіңішке қуысы бар аяқша арқылы ми қуысымен жалғасатың екі көз қуықшасын түзеді. Аяқшадан көру нерві,ал көз қуықшасының шеткі бөлігінен торлы қабық түзіледі. Көз бұршағының дамуына байланысты көз қуықшасының алдыңғы бөлігі аяқшаға қарай ойыстанады, соның нәтижесінде қуықша қос қабырғалы «көз бакалына» айналады.
Екі жапырақша «бокал» жиегінде біріне бірі ауысып, қарашық бастамасы түзіледі. «Бокалдың» сыртқы (ойыстанған) жапырақшасы торлы қабықтың пиггменттің қабатына, ал ішкі жапырақшасы жарықсезгіш қабатына (меншікті торлы қабық) айналады. «Көз бокалының» алдыңғы бөлігінде оның қуысында орналасатын көз бұршағы, ал көз бұршағы артында шыны тәрізді дене түзеледі.
Көздің сырткы – тамырлы, ак кабык және мөлдір қабықтары «көз бокалының» көзбұршақпен бірге қоршап жатқан мезодермадан дамиды. Мезодерианың сыртқы, тығыздау қабатынан мөлдір қабық пен қоса ақ қабық,
ал ішкі тамырларға бай қабатынан кірпікті дене, нұрлы қабықпен қоса choroidea пайда болады. Ұрық көзінің алдыңғы бөлігінде екі қабат бір-бірінең бөлінетіндіктен алдыңғы камера пайда болады. Мезодерманың бұл жердегі сыртқы қабаты мөлдіреніп, мөлдір қабық түзеді. Мөлдір қабықты алдынан жабатын эктодермадан қабақтың ішкі бетінен ауысатын коньюнктиваның эпителиі түзіледі.
Көз алмасы 3 қабықтан тұрады:
1) фиброзды қабық, оған ақ қабық және қасаң қабық жатады.
2) тамырлы қабық, оған меншікті тамырлы қабық, кірпікшелі дене, нұрлы қабық жатады.
3) ішкі қабық, оған торлы қабық жатады.
Көз алмасы көз шарасында жайғасқан шар тәрізді дене. Көз алмасында мөлдір қабықтың ең дөңес нүктесінен сәйкес келетін алдыңғы полюстегі және көру нерві шығатын жерден латеральды жатқан артқы полюсті ажыратуға болады.Екі полюсті қосатын түзу сызық оптикалық немесе сыртқы көз бөлігі – axis opticus – деп аталады.Оның мөлдір қабықтың артқы
беті мен торлы қабық арасындағы бөлігі ішкі көз білігі деп аталады.Ішкі көз білігі сүйір бұрыш жасай сыртқы көру білігімен айқасады, көру бөлігі қарап – көріп отырған заттан түйін нүктесі арқылы торлы қабықтың орталық шұңқырындағы ең жақсы көрінетін жерге келеді. Көз алмасы шеңбері бойымен екі полюсті қосатын сызықтар – меридиндар, ал оптикалық білікке перпендикуляр жазықтық көз алмасын алдыңғы және артқы жартыларға бөлетін көз экваторын түзеді. Экватордың горизонтальды диаметрі сыртқы көз білігінен біршама қысқалау (сыртқы көз білігі 24мм-ге, ал экватордың горизонталь диаметрі 23,6мм-ге тең, ал вертикаль диаметрі одан да кішілеу – 23,3мм). Қалыпты көзде ішкі көз білігі 21,3мм, жақыннан көретіндердің көзінде ол ұзында, ал алыстан көретіндердің көзінде қысқалау. Осы себепті жақыннан жақсы көретіндерде түйісетін сәулелердің фокусы торлы қабықтың алдында, алыстан жақсы көретіндерде оның артында жатады. Мұндай ауытқуларды жою үшін, көзілдірік арқылы тиісті үйлестіру қажет. Көз алмасы оның ішкі ядросын қоршап жатқан үш: сыртқы талшықты ортаңғы тамырлы және ішкі торлы қабықтардың құрылады.
Көз алмасының қабықтары.
І.Талшықты қабық – tunica fibrosa bulbi – көз алмасын сыртынан қаусырып, қорғаныш қізметін атқарады. Оның артқы үлкен бөлімі ақ қабық, ал алдыңғы бөлімі мөлдір қабық деп аталады. Талшықты қабықтын екі бөлігі бір-бірінен циркулярлы жүлге sulcus sclerae арқылы бөлінеді.
1.Ақ қабық – sclera – тығыз дәнекер ткаьнен тұрады және ақ түсті болады. Оның екі қабық арасындағы көрінетін бөлігі күнделікті өмірде көздің ағы деген атпен белгілі. Мөлдір қабықпен шекарада, ақ қабықтың қабатында дөңгелек вена қойнауы – sinus vеnоsus scleraе – өтеді. Жарық көз алмасы ішінде жататын торлы қабықтың жарықсезгіш элементтеріне дейін жетуге тиіс болғандықтан, талшықты қабықтың алдыңғы бөлімі мөлдірленіп, мөлдір қабыққа айналады.
2.Мөлдір қабық – cornea – ақ қабықтың тікелей жалғасы, мөлдір, дөңгелек, алдына қарай дөңес те, арт жағына қарай ойыс табақша тәрізді, ол сағат әйнегіне ұқсаған, өзінің жиегімен – limbus corneae – ақ қабықтың алдыңғы бөліміне еніп тұрады.