Микрофиламенттер Микрофиламенттер деп актин молекулаларынан тұратын цитоскелеттің ең жіңішке белок жіпшелерін атайды. Олар жасушалардың түгел типінде кездеседі деседе болады. Құрылысы және қызметі бойынша олар әр түрлі. Микрофиламенттер цитоплазманың қыртысты затында, плазмолемманың астында будаланып немесе қабаттасып орналасады. Көптеген жасушаларда микрофиламенттердің торын байқауға болады. Олардың химиялық құрамына байланысты, олар цитоскелет қызметін атқарады және жасушаның жылжуын камтамасыз етеді. Бұл тор – цитоскелеттің бөлігі. Электронды микроскоп және иммунофлюоресценциялық әдістерді қолдану арқылы қыртысты қабат пен будалардың микрофиламенттер құрамына жиырылғыш белоктар – актин, миозин, тропомиозин кіретінін анық көруге болады. Демек, микрофиламенттер жасушалық жиырылғыш аппарат. Олар тек жасушалардың жылжымалылығын ғана қамтамасыз етпей, жасушаішілік жылжу, мысалы цитоплазманың ағуын, вакуолилердің, митохондриялардың жылжуын, жасушалардың бөлінуін қамтамасыз етеді.
Аралық филаменттер Аралық филаменттер немесе микрофибриллдер белокты құрылымдар. Олар жіңішке тармақталмаған будаланып орналасқан жіпшелер. Әрбір тіндерде олардың белоктық құрамы әр түрлі және өздеріне тән. Эпителий тіндерінің аралық филаменттер құрамына кератин кіреді. Мезенхимді тектес жасушаларының аралық филаменттерінің құрамына басқа белок – виментин, ал бұлшық етті жасушаларға – десмин кіреді. Олардың атқаратын қызметтері: жасушалардың серпімділігін сақтау, құрылымдық – жасушаны созатын күштерге қарсы тұру, цитоплазма компоненттерінің ретті орналасуына себепші болу.
42. . Нейроглия. Жалпы сипаттамасы мен негізгі түрлері. Макроглия. Глиоциттердің түрлері. Орталық глиоциттер (эпендимоциттер, астроциттер мен олигодендроглиоциттер), Шеткері глиоциттер (ганглийлердегі глиоциттер), нейролеммоциттер, Аяққы глиоциттер. Олардың құрылысы мен маңызы. Микроглия . Нейроглия нерв тiндерiнде тiректiк, шектеушi, трофикалық, секреторлы және қорғаныштық қызметтерiн атқарады. Орталық және перифериялық нерв жүйелерiнiң глияларын ажыратады.
Орталық нерв жүйесiнiң глиясын макроглия мен микроглияға бөледi.