Адам эмбриологиясының дамуының периодизациясы. Прогенез. Жыныс жасушаларының морфофункционалдық сипаттамасы


Талшықты дәнекер тіндері, олардың түрлері, құрылысы және қызметі.Сіңір- мүше ретінде



бет60/73
Дата27.11.2023
өлшемі0,64 Mb.
#130199
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   73
Байланысты:
gista ekzamen shpora alf-1

32. Талшықты дәнекер тіндері, олардың түрлері, құрылысы және қызметі.Сіңір- мүше ретінде.
Тығыз талшықты дәнекер тіннің құрамында көптеген коллаген талшықтары, біраз жасушалық элементтер және олардың арасында аморфты заты болады.
Тығыз талшықты дәнекер тіні талшықты құрылымдардың орналасуына байланысты екiге бөлiнедi:
1. тығыз қалыптаспаған дәнекер тіні
2. тығыз қалыптасқан дәнекер тіні
Тығыз қалыптаспаған дәнекер тінінің талшықтары бағатсыз, ретсiз орналасқан. Ол дерманың торлы қабатында кездеседі. Ал тығыз қалыптасқан дәнекер тіннің талшықтары қатаң бір ретпен орналасқан. Ол сіңірлерде, байламдарда, фиброзды мембраналарда кездеседі.
Сіңір жуан қатарласып орналасқан коллагенді талшықтардан тұрады. Олардың араларында фиброциттер мен фибробластар орналасқан. Фиброциттердің жіңішке өсінділері талшық будаларының арасына еніп, олармен тығыз байланыста болады. Сіңір будаларының фиброциттері сіңір жасушалары – тендиноциттер деп аталады.
Коллагенді талшықтардың әрбір будасы фиброциттер қабатымен бөлініп, бірінші реттік буданы құрайды. Борпылдақ талшықты дәнекер тінінің жұқа қабатымен қоршалған бірінші реттік бірнеше буда екінші қатарлы буданы құрайды. Екінші реттік буданы бөлетін борпылдақ талшықты дәнекер тінінің жұқа қабаты эндотеноний деп аталады. Кейде үшінші реттік буда сіңірдің өзі болады. Ірі сіңірлерде төртінші реттік буда болуы мүмкін.
Фиброзды мембраналар. Оларға фациялар, шандырлар, диафрагманың сіңірлі орталығы, кейбір мүшелердің капсулалары, мидың қатты қабығы, аталық және аналық бездерінің белокты қабығын және т.б. жатқызады. Фиброзды мембраналарда коллагенді талшықтардың будалары, олардың араларындағы фибробластар мен фиброциттер белгілі бір ретпен бірнеше қатар болып орналасады. Әрбір қабатта толқын тәрізді иілген коллагенді талшықтардың будалары бір бағытта қатарласып жүреді. Фиброзды мембраналарда коллагенді талшықтардан басқа эластикалық талшықтарда болады.
4. Тіндер – жасушалар жүйесі мен олардың туындылары. Жасуша туралы түсінік, жасуша тірі жүйенің негізгі бөлігі, эукариоттік ағзаларынының құрылымдық қызметтік негізі. Осы замандағы жасуша теориясының негізгі заңдылықтары және оның даму кезеңдері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет