Адам философиясы және құндылықтар әлемі. Философиядағы антропология мынаны зерттейді



Дата20.10.2022
өлшемі15,91 Kb.
#44484
Байланысты:
7 дәріс


7.Дәріс: Адам философиясы және құндылықтар әлемі.
Философиядағы антропология мынаны зерттейді:
Адам табиғаты
Антропогенез
Адамның өмір сүру проблемасы
Адамның рухани дамуы
Эволюцияның перспективті жақтары
Адамның бостандық және міндеттемлері;
Антропологиялық биоэтика проблемалары . Адам ушін манызы бар ойлау мен шындық қатынасын бейнелейтін философиялык категория ол Құндылық. Құндылық– бұл қандай да бір нәрсенің мәнділігі, маңыздылығы, қалаулылығы, пайдалылығы және қымбаттығы. Құндылықтардың табиғаты және олардың қоғамдық өмірдегі рөлі туралы мәселе көптеген осыған дейінгі қарастырылған адам мен қоғам, мәдениет пен өркениет, табиғат пен қоғам арасындағы қарым – қатынастар және басқа проблемалармен тікелей байланысты.
Құндылық турлері- заттық құндылықтар, субъективтік құндылықтар,
жеке және топтық құндылықтар,
құндылықтар иерархиясы,
утилитарлық және рухани құндылықтар,
саяси, мәдени, әлеуметтік және т.б.
Құндылықтық теориялар –Натуралистік психологизм Дж.Дьюи,Р.Перри, Аксиологиялық трансцендентализм В.Виндельбанд,Г.Риккерт,
Персоналистік онтологизм М.Шелер, Құндылықтардың социологиялық қағидасы М.Вебер, Ұлттық құндылықтар М.Жумабаев, Абай
Құндылықтар «әлемінің өмір сүруінің терең себептері адамның өзінде, оның саналы пенделігінде, өмірдің мән-мағнасын іздеуінде жатса керек. Өйткені адам - ерікті пенде, ол өз тағдырын өзі күнделікті өмірге келетін мүмкіндіктерді таңдау арқылы жасайды.
«Құндылық» философиялық және социологиялық әдебиетте белгілі бір болмыс құбылыстарының адами, әлеуметтік және мәдени мағынасын көрсету үшін кең түрде қолданылатын термин. Тиісті құбылыстарды бағалау әрекетін (процедурасын) іске асырудың тәсілдері мен белгілері (критерийлері) қоғамдық сана мен мәдениетке адамның қызметінің нысаналарын көрсететін «субъектілік құндылықтар» (нұсқаулар және бағалар, бұйрықтар(императивтер) және тиым салулар, мақсаттар және жобалар) ретінде байқалады. Сөйтіп, «заттық» және «субъектілік» құндылықтар, қалай болғанда да, адамның дүниемен құндылық тұрғысынан қарым – қатынасының екі жағы (полюсі) сияқтанып көрінеді. Адам әрекетінің құбылысындағы құндылықтар аспектілері жеке тұлғаны сияқтанып көрінеді. Адам әрекетінің құбылысындағы құндылықтар аспектілері жеке тұлғаның танымдық және жігер сапаларымен тікелей байланысты; құндылық категорияларының өздерінде білім нысаналарының, түрліше қоғамдық топтардың және жеке тұлғалардың мүдделері мен танып – ұнату шекаралары байқалып тұрады. Құндылық нысаналары оқу орындарында білім алу барысында өзінен — өзі қалыптасады деп есептеуге болмайды. Құндылық бағыттарының қалыптасуы тиісті сана — сезімді тәрбиелеп, адамның эмоциялдық өрісін дамытқан кезде ғана іске аспақ. Құндылықтар проблемасын зерттейтін ілім аксиология (ахіа – құндылық және logos – ілім, сөз)деп аталады. Ол – құндылықтар теориясы болып табылады.
Аксиология құндылықтар табиғаы, олардың реалдықтағы орны және құндылық әлемінің құрылысы, немесе түрліше құндықтардың өзара әлеуметтік және мәдени факторлармен, жеке тұлғаның құрылысымен байланысы туралы философиялық ілім.
Ең кең мәнінде құндылықтар проблемасы мәдени дәстүрлер мен қоғамның идеологиялық негіздерінің құнсыздану дәуірінде шарасыз пайда болды. Философия ғылымының дербес саласы ретінде аксиология болмыс ұғымы реальдық және адам қалаулары мен ұмтылыстарының объектісі ретіндегі құндықтар болып екі элементке бөлінгенде пайда болады…

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет