Адам физиологиясы


Қарын сөліңдегі түз кышқылының маңызы



Pdf көрінісі
бет201/373
Дата14.11.2022
өлшемі28,52 Mb.
#49953
түріОқулық
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   373
Қарын сөліңдегі түз кышқылының маңызы
Тұз қышкылы:
1 )пепсиногенді пепсинге айналдырады;
2) айналасын қышкылдандырып, пепсиннің эсерін күшейтеді;
3) 
белоктарды қопсытып жұмсартып, олардың ішіне фермент енуін 
жеңілдетеді;


4) микробтарды жояды (бактерицидтік эсер). Мэселен, тұз қышқылы 
ерітіндісінде тырыскақ ауруы вибрионы 15 минуттың ішінде өледі;
5) қарындағы астың (химустың) 12 елі ішекке өтуіне септігін тигізеді. 
Тұз қышкылы сіңген химус иилоруске жеткен сэтте шырышты кабық 
хемоқабылдагыштары тітіркенеді де, пилорус сфинктері босаңсып ашылады, 
қарын жиырылган кезде ыгысып ол он екі елі ішеккс өтеді. Қышқылды химус 
мұндағы хемоқабылдағыштарды гітірксндіріи, пилорус сфинктерін жабады. 
Бұл рефлекс "жабу рефлексі" деп аталады. ІІилорустың келесі ашылуы жабу 
рефлексінің тоқталуына байланысты, яғни он екі елі ішектегі химустың 
қышқыл реакциясы бейтараптанса гана қарын жагынан орталыққа тебетін 
ссрпіністер күшсйіп пилорусты аша алады, сөйтіп, ас тұзы асты қарыннан он 
екі елі ішекке біртіндеп өткізеді;
6) химозиннің сүт белогына тигізетін эсерін жеңілдетеді;
7) просекретин гормонын секретинге айналдырып ұйқы безінің сел 
шыгаруын күшейтеді;
8) қарын сөлінің өзін-өзі реттеуін қамтамасыз етеді. Онда ас тұзы өте 
көбейіп 
кетсе, 
пилорустың шырышты 
кабығында бөлінетін 
гастрон 
гормоньшың түзілуі күшейеді. Гастрон гастрин шығуын тежеп қарын сөлін 
азайтады.
Қарындагы сөл шыгуынын реттелуі
Сөл қарыннан, әсіресе тамақ ішкен сэтте көп болып шыгады. Оның 
молшері, ондагы ферменттердің санасы мен кұрамы тағамдағы қоректік 
заттардың түріне (белок май, комірсу), ас кесегінің физикалық қасиеттеріне 
қарай ұдайы өзгеріп отырады. И.П. Павловгың лаборагориясында итке 
арнайы тэжірибелер жасалып, қарын сөлінің қашаң, қалай, қанша мөлшердс 
бөлінетіні, күрамындағы ферменттердің сапасы, қышқылдығы ет (белогы көп 
асқа), нан (көмірсуы коп аска), сүт (майлы асқа) берген кездс қалай өзгеретіні 
анықталды (50-сурет).
Рационында ет кои болса қарыннан сөл барынша көп шығады, оның 
реакциясы қышқыл келеді, ал нан көп болса, сөлі шығару ұзаққа созылады, 
сөлдің ыдырату күші мол болады, ал сүт коп болса, сөл аз шығады, оның 
қышкылдыгы орташа. Нан мен сүтке Караганда белогы көп аска пепсин 
әлдеқайда коп мөлшерде шығады, қарын бездерінің жеген аска осылайша 
икемделуі, без қызметін реттеуде жүйке жүйесінің үлкен мәні бар екенін 
көрсетеді.
Әдетте кезеген жүйке қарын бездсрінің сөл шығару қабілетін күшейтеді, 
ал симпатикалык жүйке, керісінше, сөл шығуын гежейді. Бірақ кейде, эсіресе 
қарын бездерінің сөл шыгару қабілетін үдететін жағдайлар эсер етсе, 
симпатикалық жүйке гландулоцигтердің пепсин шыгару қабілетін күшейтуі 
мүмкін. Қарынның сөл шығару қабілетін күшейтетін не тежейтін химиялык 
заттар (гормондар) бар, олар қан аркылы эсер етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   373




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет