Адам физиологиясы


А д а м д е н е с ін д е 5 литр кан, ал м үн ш а қан да 7 0 0 -8 0 0 гр гем о гл о б и н бар



Pdf көрінісі
бет120/373
Дата06.02.2023
өлшемі28,52 Mb.
#65665
түріОқулық
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   373
Байланысты:
Адам физиологиясы

А д а м д е н е с ін д е 5 литр кан, ал м үн ш а қан да 7 0 0 -8 0 0 гр гем о гл о б и н бар. 
Э р и тр оц и т саны эй ел ге Караганда ер адам да к өбір ек , осы ган орай ер адам  
каны нда гем огл оби н к өбірек бол ады . Ер адам ны ң 1 л қаны нда 1 3 0 ,0 -1 6 0 ,0 г, 
э й е л д е 1 2 0 ,0 -1 4 0 ,0 г гем о гл о б и н бар.



л қаңда ең көп дегенде 166,7 г/л Нв болады, бірақ оның мөлшері өзгеруі 
мүмкін, ол эритроцит санына сәйкес келе бермейді, кейде эритроцит саны 
азайганмен Нв мөлшері қалыпты деңгейде калады, ал екінші бір жағдайда 
эритроцит саны қалыпты болганмен Нв мөлшері азайып кетеді. Сондықтан да 
дорігерлік жұмысга эрбір эритроциттегі гемоглобин мөлшері анықталады, 
қанның реңдік көрсеткіші (ҚРК) есептсп шыгарылады.
ҚРК = 
кандагы Нв мелшері х 3
эритроцит саны (бастапқы үш сан)
Әрбір эритроцитте Нв мөлшсрі әдеттегі деңгейде болса, ҚРК 1-ге тең 
болады. 0,86-1,05 аралыгындагы ауытқулар қалыпты жагдайга жатады. ҚРК
1,05-тен жогары 0,86-ден томен болса анемия болтаны. Анемия - қаннын 
азаюы, ауру. Анемия кезінде қан көлемі өзгсрмейді, бірақ оның ішіндегі 
эритроциттер саны мен гемоглобин мөлшері өзгеріп отырады. Эритроцитте 
гемоглобин мөлшері көбейіп кетсе, гиперхро.мия деп, ал азайса гипохромия 
ден аталады. Гиперхромия кезінде эритроцит саны азайып, жеке эритроцит 
үлгайып (макроцит) гемоглобинге толады, ҚРК = 150 х 3 =1,4;
200
Гипохромияда - эритроциттер саны қалыпты мөлшерде, ал гемоглобин 
азайып кетсе ҚРК = 100 х 3 = 0,7.
400
« 
« 
Гемоглобиннің газдармен әрекеттесуі
»
Гемоглобин (Нв) көптеген газдармен тез әрекеттесіп, жаңа қосылыстар 
түзеді.

.Гемоглобиннің оттегімен эрекеттесуінен пайда болған қосынды 
оксигемоглобин деп аталады (ол Н в02 белгіленеді). Гемоглобиннің 
қышкылдык қасиетін көрсету үшін бұл белгінің алдына кейде сутегі 
жазылады (ННв02). Оксигемоглобин түрақсыз қосылыс, тез ыдырап оттегін 
бөліп шығарады.
ННв02 - ННВ + 02
Босап шыққан оттегі капиллярлар кабырғасынан өтіп тінге, ал тіннен 
эрбір жасушага ауысады да тотығу үрдісіне катысады. Оксигемоглобинде 
оттегі екі валентті темір атомымен қосылады. Құрамында оксигемоглобині 
көп канның түсі аиіық қызыл келеді. Оксигемоглобин спектрограммасында, 
оның саргышжасыл жағындагы Д, Е сызықтары арасында қос қара жолақ 
болады. Оттегінен айырылған гемоглобинді дезоксигемоглобин (ННв) не 
қалпына келген гемоглобин дейді. Оның спектрограммасында Д жэне Е 
сызықтары арасында жалпак бір қара жолақ болады.


2. Карбогемоглобин (НвС02). Көмір кышкыл газбен косылысы -
тұрақсыз, тез диссоциацияланады: ННв + С 02 > ННвС02. Көмірқышқыл газ 
гемоглобиннің 
амин 
тобымен 
қосылады. 
Карбогемоглобин 
мен 
дезоксигемоглобин қанды күрең қызыл түске бояйды. Бұл вена канының түсі.
3. Карбоксигемоглобин (НвСО) - гемоглобиннің иісті газбен (СО) 
қосылысы. Гемоглобин күрамындағы темір оттегімен емес, иісті газбен 
жсделдеу (289 есе) эрекеттеседі. Гсмоглобиннің бұл газға деген тартқыштығы 
күшті:
ННв+СО —»ННвСО .
Карбоксигемоглобин түрақты қосылыс, бірақ ауада оттегі көбейіп кетсе, 
ол акырындап ыдырай бастайды:
ННвСО —>ННв + СО
Сондықтан иіс тиген адамды тез таза ауага шығарады, өйткені таза 
оттсгімен дем алганда, қаңдагы карбоксигемоглобин 20 есе тезірек 
ыдырайды. Ауада иісті газ мөлшсрі 0,1%-ке жетсе, кандагы гемоглобиннің 
80%-і карбоксигемоглобинге айналады да, гемоглобиннің гыныстык қызметі 
бүзылады. Мүндай жағдайда науқастың қаны көбінесе түгелдей баска таза 
қанмен алмастырылады.
4. 
Метгемоглобин (НвОН). Күшті тотықтыргыш заттардың (азот тотыгы, 
метилен көгі, калий перманганаты, анилин, бертолет тұзы, фенацитин, 
пирамидон) әсерінен гемоглобин қүрамындагы темірдің валентгілігі өзгереді
ол екі валенттіден үш валентті болып, ете түракты (диссоциацияланбайтын) 
косылыс құрайды. Темір атомы гидроксил тобымен косылады. Тіндерге 
оттегі тасылуы тоқтайды. Метгемоглобин дереу емдеуді қажет ететін 
патологиялық косылыс. Гемоглобин метгемоглобинге айналса канның түсі 
шоколад түсіне үқсайды.
Гемоглобин газдармен гана емес тұз қышқылымен де қосылады. Тұз 
кышқылының 
эсерінен 
гемоглобиннен 
гем 
молекуласы 
бөлініп тұз 
қышқылымен қосылып гемин не түз қышқылды гематин түзіледі. Бұл қоңыр 
түсті кристалл. Гемоглобиннің бұл қосындысы медицинада колданылады. 
Мэселен, кандагы гемоглобин молшерін анықтайтын гемометрдегі стандарт 
сұйық - түз қышқылды гематин ерітіндісі. Ол - ромба пішіндес қоңыр түсті 
кристалл, сондықтан оның ерітіндісі кара коңыр түсті. Сот медицинасында 
киімде пайда болган коңыр дақта қанның бар-жоғын білу үшін сол дақтың 
кырындысына НС1 қосады. Онда қан болса, тұз қышқылды гематин пайда 
болады. Оның кристалдарын микроскоп арқылы коруге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   373




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет