Адам физиологиясы



Pdf көрінісі
бет130/373
Дата06.02.2023
өлшемі28,52 Mb.
#65665
түріОқулық
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   373
Байланысты:
Адам физиологиясы

і і і ш і н д і
 
элементтер жуындымен бірге агып кетеді де, қолда ақ 
түсті ұйыскан фибрин талшықтары (белок) қалады.
Ұйыган канның құрылысын микроскоп арқылы қарау үшін заттык 
әйнекке бір тамшы қан тамызады да микроскоп астына қояды. Қараган кезде 
ең алдымен сұйык плазмада жүзіи жүрген жеке-жеке қан жасушалары 
корінеді. 3-5 минуттан кейін плазмада жіп тэрізді жіңішке фибрин 
галшыктары ұйысып, торга айналады. Тордың арасы кан жасушаларына 
толады да кан қойылып, тромб кұрады. Сонымен жоғарыда келтірілген 
тэжірибелер қан ұйыған кезде фибрин жіптері пайда болатынын көрсетсді.
Қанның үюы - барлык омыртқалы жануарларға тэн құбылыс. ¥ю
механизмі олардың борінде бірдей, бірақ ұю шапшандығы эртүрлі. Ересек 
адамның қаны 5 минут, жаца тутан нэресте қаны - 8-10 иттікі - 2,5, шошканікі 
- 3,5, жылқынікі - 11,5 мин, ал қүс қаны 30 сек ішінде үйып болады т.т. 
Қанның ұю жылдамдыгы кан үйытатын заттардын санына, күшіне 
байланысты. Қанның уюы туралы ілімнің негізін салған Александр Шмидт 
(1872-1895). А. Шмидтше қан ұюы тромбин ферментінің қатысуымен өтетін 
үрдіс. Үю барысында тромбин еритін фириногенді фибринге айналдырады. 
Кейін алуан деректсрмен толықтырылып, жаңа теориялык болжамдар 
жасалды. Қан ұюына қатысатын жаңа түрткілер (XV плазмалық, 11- 
тромбоцитпк) табылды. Бұл түрткілердің қан үюына қайсысы қалай 
қатысатыны, 
оЛардың 
орны 
туралы 
көптеген 
деректер 
жинйлды, 
дэлелдемелер айтылды. Қан үюы туралы ілімге үлкен үлес қоскан галымдар 
Morawits, Quik, В.А. Кудряшов, А.А. Маркосян т. т. Соңгы кездегі мәліметтер 
бойынша қан үюы 3 кезеңнен: а) протромбиназа пайда болуы; б) тромбин 
пайда болуы; в) фибрин пайда болуы кезендерінен өтеді. Сондай-ақ алғашкы 
жоне соңғы кезеңдері анықталды. Алғашқы кезеңі - тромбоциттік гемостаз, ал 
соңгы ксзеңі - ретракция (тыгыздалу) мен фибринолиз (ұйыган канның еруі).
Қан кұрамында ұюды тездететін коптсген коагуляторлар, олардың 
акцелераторлары 
(үдеткіштері), 
сондай-ақ 
қанды 
үйытпайтын 
антикоагулянттар бар. Мұнымен бірге коагулянттармен антикоагулянттардың 
ингибиторлары (белсенділігін төмендетететін заттар) болатыны дэлелденді. 
Гемостаз үрдісіне рим санымен белгіленетін 15 плазмалық, 11 тромбоциттік 
түрткілермен бірге эритроциггермен лейкоциттерден бөлінетін заттар, 
сондай-ақ кантамырының кенересі - эндотелий катысады.
Жарақагтанған қангамырының жуан жіңішкелігіне, ондағы қысымына 
қарай кан токтау 2 түрге бөлінеді. Соның бірі тамырдагы тромбоциттік 
гемостаз - тромбоцит пен кан тамыры қабыргасының ішкі бетінің 
қасиеттеріне, ал екіншісі - коагуляциялық гемостаз - кан ұю жүйесін қүратын 
плазмалык түрткілерге байланысты.
П лазмалы қ қан үйытатын факторлар. Қан ұю мәселесі жөніндегі 
халыкаралык комитет кан ұйытуиіы плазмалык түрткілерді рим санымен 
белгілеу қажет деп тапты.


I фактор - фибриноген - үлкен молекулалы глобулин, м. с. - 340000. 
Нлазмзда 0,3-0,4% фибриноген бар.
Қан ұйыганда фибриноген зольден гельге айналып, үйыган қанның 
негізін құрады.
II фактор — протромбин - гликопротеид (гексоза, ацетил гексозаминнің 
қосындысы). "К" вигаминінің қатысуымен бауыр жасушаларында гүзіледі. 
Бүл - пассивті фермент, қан ұюы кезінде белсенді тромбинге айналады.
III фактор - тіндік тромбопластин мен қан тромбоппастині (екеуі де 
фосфолипид) - жасуша мембранасының құрамына кіреді. Тромбопластиңдср 
протромбиназа түзілуіне қажет.
IV фактор - кальций ионы - коагуляцилық, гсмостаздық кезсңдердің 
үшеуіне де қатысады.
V - VI факторлар - проакцелерин жэне акцелерин - глобулин. Екеуін 
қосып акцелератор глобулин (белсенді) дейді. Екі фактордың біреуі (V) 
белсенді, екіншісі 
- (VI) пассивті болгандықтан 
соңгысы 
кобінесе 
қолданылмайды.
VII фактор - проконвертин - "К" витаминнің катысуымен бауырда 
жасалады, тіндік протромбиназа түзілуіне қажет зат.
VIII фактор - антигемофилдік (гемофилияга қарсы) глобулин "А ".
АГГ жеткіліксіз болса, гемофилия "А" ауруы пайда болады. АГГ IX жэне 
X түрткілердің әсерін күшейтеді.
IX фактор - Кристмас факторы (аурудыц аты) - антигемофилдік 
глобулин "В". Бүл да "К" витаминнің қатысуымсн бауырда түзіледі. IX 
фактордьщ жеткіліксіздігі гемофилия "В" ауруына әкеліп согады.
X фактор - Стюарт-Проуэр факторы (аурудыц аты), "К" витаминінің 
катысуымен 
бауырда 
жасалады, 
тіндік 
протромбиназа 
мен 
қан 
протромбиназасы түзілуіне керек.
XI фактор - тромбопластинніц плазмадагы негізі (РТА) - (plasma 
tromboplastin antecedent) - глобулин бауырда түзіледі, ол жеткіліксіз болса, 
гемофилия "С" ауруына әкеліп согады.
XII 
фактор 

Хагеман 
факторы 
қан 
тамыры, 
жасушалары 
жарақаттанғанда эрекет етеді, ол үшін қан бүзылған жасушаның бетімен 
түйісуі кажет. Сондыктан оны жанасу факторы дейді.
Белсенді XII фактор XI факторды белсендіріп, екеуі бірігіп комплекс 
қүрады (жанасу комплекс). XII фактор, сондай-ақ каллекреин жүйесі мен 
фибринолизді де күшейтеді.
XIII фактор - фибринді тұрақты ететін фактор (фибриназа) 
плазмада, тінде жэне қан жасушаларында кездеседі, ерімейтін фибрин 
түзілуіне қажетті зат. Бұл фактор жеткіліксіз болса, хирургиялық жэне 
жарақаттанудан болтан жаралар копке дейін жазылмайды.
XIV фактор - Флетчер фактор (прокалликреин) - белок, XII факторды. 
илазминогенді жэне жргары молекулалы кининогенді белсендіруге қатысады..
XV фактор - Фитцджеральд-Фложе факторы (жогары молекулалы 
кининоген) - XI, ХНфакторларды жэне фибринолизді белсендіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   373




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет