2. Синокаротид алаңына, 1926 жылы Г. Геринг сипаттама берді. ¥йқы
артериясыныц ішкі жэне сырткы үйқы артерияларына бөлінген жерінде
көптеген барорецепторлар жиналған. Олар каротидтік (Геринг) сезімтал
жүйкенің ұшы. Бұлар қан қысымының көтеріліп төмендеген сэттерінде қозады,
барорецепторлардан сопакша мига жеткен серпіністер жүрек қызметін және
артериялардың диаметрін өзгертіп қолқа алаңынан пайда болган тамырлык
рефлекс тэрізді қан кысымын әдеттегі деңгейге жеткізеді. Синокаротидтік алаң
мига баратын қан жолында қан қысымынын тұрактылығын қамтамасыз ететін
колқа алаңынан кейінгі екінші механизм (40-сурет).
Колка мен синокаротид алаңдарында қандагы оттегі мен көмір
кышқылды газ деңгейіне сезімтал хеморецепторлар да топталған. Олар globus
aorticus (аорталық дене) жэне g. caroticus (каротидтық дене) деп аталады жэне
кан құрамындагы көптеген химиялык заттарға сезімтал. Сондықтан да
Лаврентьев бұл хемореценторларды қанның "дом сезу" мүшесі деп атаган.
Химиялык затгардың синокаротид алаңынан шықкан рефлекстік әсері
Моисеев эдісімен зерттеледі: алаңнан басталатын каротидтік жүйке бүтін
күйінде сакталады. Жалпы ұйқы артериясы жоғаргы, төменгі жерден кесіліп
алынады. Каротидтік жүйкенің орталықпен байланысы да әдеттегідей
сакталып калады. Бұл алаңды кан жүйесінен бөліп алу үшін жалпы ұйкы
артериясының бұтактанган жерінен жогарырак іиікі жәнс сыртқы ұйкы
күретамырлары кесіледі. Бұлардың біреуін байлап, екіншісіне шыны түтік
енгізіп бекітеді. Мүнымен қатар осы артерияның бүтақтанған жерінен томен
* кесіп, оған да шыны түтік енгізеді. Бұл шыны түтікті қоректік ерітіндіге
(перфузатка) толган ыдыспен косады. Ыдысты жогары котеріп синокаротид
алаңы арқылы қатты қысыммен перфузиялық ерітінді жібереді. Көмір
қышқылды газга қаныктырылған ерігіндіні алаңнан жіберсе, қантамырлары
тарылып ондағы кысым рефлекстік түрде көтеріледі. Демек, синокаротид ала-
ңында орналаскан баро- жэне хеморецепторлардан вазомоторлық орталыққа
багытгалған серпіністер оны үздіксіз тонуста ұстап түрады.
3. Жүрек пен тамыр алаңында яғни екі үлкен куысты вснаның он
жүрекшеге құйылар жерінде барорецепторлар мен волюморецепторлар
орналасқан. Венада жиналган канның кысымын рецепторлар қабылдайды.
Мұнда пайда болған серпіністер жүдын арқылы сопақша мига барып жүрек
кызметін тежейтін орталыктың тонусын төмендетеді, сөйтіп жүрек қызметін
күшейтеді де қанайналымының үлкен шеңберіндегі тоқтап қалган қанды
жүрек арқылы қолқага, он қарыншадан эрі өкпе артериясына айдайды, қан
агысын шапшандатады. Бұл -
Бейнбридж рефлексі деп аталады.
4. Өкпе тамырларының алаңы өкпе артериясының бұтактанып, екіге
бөлінген жерінде орналасқан. Оган гұңғыш акад. В.В. Парин сипаттама берді.
Бұл рефлексогендік аландагы барорецептор кіші шеңберде қан іркіліп калган
кезде тітіркенеді. Мүның нэтижесінде үлкен қан шеңберінде рефлекстік
жолмен кан қысымы төмендейді, сөйтіп, веналардан оң жүрекке кайтып
оралатын қан мөлшері азаяды, өкпеге баратын қан мөлшері азайып қанның
іркілуі тоқтайды. Бүл -
Ларин рефлексі деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: