Адам физиологиясы



Pdf көрінісі
бет125/373
Дата06.02.2023
өлшемі28,52 Mb.
#65665
түріОқулық
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   373
Байланысты:
Адам физиологиясы

Лейкоциттердін маңызы
Лейкоциттер алуан түрлі кызмет атқарады. Лейкоциттің ең басты 
қызметі - оның фагоцитоздың қабілеті. Бұл И.И.Мечников зерттеулерінен 
белгілі.
Фагоцитоз - грекше phagien - обыру, жұту, кармалап алу, cytus - жасуша. 
Басқаша айтқанда қармалап алатын жасуша корытады. Демек, фагоцитоз деп 
денеге келіп түскен бөгдс заттарды, мәселен, микробтарды лейкоциттер 
аяқтарымен кармалап алып ішіне енгізіп ферменттермен қорытады. Ол - үш 
сатылы үрдіс. Бірінші - миграция (кошу) сатысы. Лейкоциттер амеба сияқты 
жалган аяктарын созып, капилляр эпителийлері арасынан өтіп сыртқа 
шыгады. 

*


Лейкоциттер оң зарядты, олардың хемотаксис касиеті бар, бөгде 
денелермен ұқсастьны күшті. Табиғаттағы фаготаксис құбылысы өздеріңе 
белгілі. Ол өсімдік жапырактарының күн сэулесіне карай қимылдауы. 
Лейкоциттер бөтен заттарга қарай кимылдайды, оны оң хемотаксис дейді. 
Қимылдау кезінде олар қан ағысына карсы жүруі де мүмкін, сөйтіп бөгде 
заттарга жақындаган кезде қылтамыр кабырғасындағы эндотелийлер арасына 
жалған аяқтарымен сніп, лейкоцит протоплазмасы сыртқа карай ыгысып 
бүтін қылтамыр сыртына шығады. Осы кұбылысты диапедез деп атайды. 
Сыртқа шыгысымен лейкоциттер жылжып бөгде затқа жақындай түседі.
Фагоцитоздың екіниіі сатысы - бөгде затты танып, кармау, жұту кезеңі. 
Микробтарга жақындаган сэтте лейкоцит денесінен опсонин деген зат бөліп 
шығарады да, бөгде заттарды денедегі жасушалардан ажыратады (таниды), 
осыдан кейін оларды лейкоцит мембранасына жабыстырады. Бетіне 
жабысқан бөгде затты лейкоцит аяқшаларымен айнала қармап қоршайды да, 
өз протоплазмасына карай тартады.
Фагоцитоздың үшінші сатысы - жұту жэне қорыту. Лейкоциттің ішіне 
енген бөгде затқа лизосоманың түрлі ферменттері эсер етеді. Бүлардың 
ішінде бөгде заттарды бейтараптайтын бактериоцидтік заттар (пероксидаза 
галоидтар - J, СІ, лизосомдык катиондар жэне гистондар), вирусқа карсы 
заттар - интерфероидар бар.
Фагоцитоз - бейарнамалы иммунитеттің бір түрі. Фагоцитоз барлық 
лейкоциттерге тэн қасиет. Бірақ олардың ішінде бір жүтканда 30-40 денені бірак 
жүтатын - микроциттсрмен (һейтрофилдер) қатар макроциттер - моноциттер 
жоне лимфоциттер бар. Бір моноцит 100 шакты бөгде затты бірден жүтады.
Нейтрофилдер - лейкоцитгердің ішіндегі ең көбі (50-70%). Ядроларыныц 
пішіні олардың пісіп жетілуіне байланысты. Нейтрофилдердің ең жасы 
метамиелоциттер (ядросы улқен бұршақ тэрізді), онан соц таяқша ядролылар, 
әбден жетілген нейтрофилдің ядролары сегменттелген. Бұлар лейкограммада 
жстілу дәрежссіне карай ең жасы сол жакта, ал әбден пісіп жетілгені он жакта 
орналасады. Мстамиелоцит канда кездсспеуі мүмкін, сондықтан ол 0-1 %, 
таяқша ядролы 1-5% дейін, ал сегмент ядролы нейтрофилдердің саны 45-65%.
Кейбір 
ауруларда жас 
нейтрофилдер 
мен 
сегмент ядролардың 
арақатынасы өзгеріп, жастарының саны (метамиелоциттер мен таяқша 
ядролыларда) кобейіп кетеді. Жас және пісіп жетілген нейтрофилдердің 
арақатынасын регенерациялык индекс деп атайды. Қалыпты жағдайда ол 
0,05-0,1 тең. Нейтрофилдердің жас түрлерінің көбеюі, яғни қайта жаңгыру 
көрсеткішінің жоғарылауы лейкограмманың солға карай жылжуы болып 
саналады. Бұл сүйек кемігінде лейкоциттер түзілуінің күшейгенін көрсетеді.
Нейтрофилдер организмді микробтар мен улы заттардың залалды 
әсерлерінен қоргайды. Оларды коршап жұтады жэне ферментгер аркылы 
ыдыратып жояды. Мұнымен бірге залалды заттармен әрекеттесетін белоктар 
жоне вирустарга қарсы интерферон бөледі. Нейтрофилдердің қимылы баска 
лейкоциттерге Караганда өте тез. Сондыктан олар баска лейкоциттерден 
бүрын залалды эсерлсрге жауап қайтарады.
183




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   373




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет