Адам физиологиясы


-сурет . Қ ан м ен л и м ф а айналы сы (Р у ш н и к , 1 9 5 7 )



Pdf көрінісі
бет138/373
Дата06.02.2023
өлшемі28,52 Mb.
#65665
түріОқулық
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   373
Байланысты:
Адам физиологиясы

31-сурет .
Қ ан м ен л и м ф а айналы сы (Р у ш н и к , 1 9 5 7 ).

I - қан ай н ал ы м ы н ы ң к іш і ш е ң б е р і, 
»
II - кан ай н ал ы м ы н ы ң ү л к ен ш ең б ер і:
1 - өк п е; 2 - т ін д ер ; 3 - артер и ял ар ; 4 — вен алар; 5 - л и ф а там ы рлары .


Қанайналымының кіші шеңбері оң қарыншадан шығатын өкпе 
сабауынан (truncus pulmonalis) басталады. Оң қарыншадан шыққан өкпе 
сабауындағы қан көмір кышқыл газға бай веналық қан. Бұл өкпе 
көпіршіктеріне қарай артериялар арқылы агып отырыгг өкпе капиллярларына 
жетеді, осы сэтте қандагы көмір қышқыл газ өкпсге, ал оттегі керісінше, 
қанга өтеді де веналық қан артериялық канга айналады. Одан эрі артериялық 
кан эр өкпеден екі-екіден жұптасып шығатын торт вена арқылы агып отырып 
сол жүрекшеге құйылады. Сонымен қанайналымының кіші шеңбері 4 өкпе 
венасымен 
аякталады. 
Адамда 
жүректен 
шықкан 
қан 
үлкен-кіші 
шеңбсрлерімен агып отырып, 20-30 секунд ішіндс қайтып оралады.
Қанайналымын қамтамасыз ететін бұл арнайы жүйенің аса күрделі 
кызметін жэне мұндағы түрлі физиологиялық үрдістерді жете түсіну үшін 
алдымен жүрек қызметін, содан соң қанның қан тамыры арқылы агуын 
талқылаған жөн.
Жүрекгің қан айдау қызметі
Жүрек (лат. сог, грекше cardia) - қалың жолақты еттен тұратын торт 
куысты, үлкендігі адамның жүдырығындай (250-300 г) жүмыр агза. Жүрск 
кеуде қуысында екі өкпе аралыгының алдыңғы жагында орналасқан, ірі қан 
тамырларға ілініп түрады. Оның ұзындығы 12-15, ені 8-11 см, ұзын білігі 
оңнан солға, жогарыдан томен, арттан алға қарай бағытталған. Жүрек ұшы 
кеуде қуысында сол жақтағы бесінійі қабырғага не қабырға аралығына 
тіреледі. Жүрек куысын бітеу перде екіге бөледі. Кейде жүректің осы екі 
бөлімің оң жүрек, сол жүрек деп атайды. Оң жүрек пен сол жүрек қуыстары 
бір-бірімен қатыспайды. Әр жүрек жүрекше (atrium) мен карыншадан 
(ventriculum) тұрады. Сонымен жүректе 4 қуыс бар, олардың екеуі жүрекше, 
екеуі карынша. Жүрекше мен карынша арасында атриовентрикулярлык 
(жүрекше-қарынша) тесік болады. Бұл тссікті жабатын екі, үш жақтаулы 
атриовенгрикулярлық какпақшалар бар. Жүрск қабырғасы үш кабаттан 
тұрады. Ішкі - эндокард, ортаңгы - миокард, сыртқы - эпикард.
Эндокард жүрек қуысын іштей көмкерген атриовентрикулярлык тесікке 
жэне қарыншалардан қолқа мен окне сабауы шығатын жерге жеткенде 
бұрылып кос қабат кұрады да, сол тесіктерді жабатын екі не үш жактаулы 
жэне айшық тэрізді кақпақшаларга айналады. Сонымен эр қақпақша 
эндокардтың екі жапырағынан тұрады. Миокард - жүректің ортаңғы қабаты, 
ол көлденен жолақты ет талшықтарынан тұратын ең қалың кабат. Жүректің 
сыртқы кабаты - эпикард оны сыртынан каптап, жүректен шығатын не оган 
келетін ірі қантамырларына жеткен жерде кері бұрылып, жүрек сыртын 
екінші рет қаптайды. Бүл эпикардтың сырткы қабаты, яғни перикарджүрек 
қабы. Эпикард пен перикард арасындағы саңылауда аздаған серозды 
сұйықтык болады. Бүл сұйыктык эцикард пен перикардтың ішкі бетін майлап 
кажалудан сақтайды. Перикард жүрек қуыстарының қанға толып қатты 
керілуіне кедергі жасайды. Жүрекше мен карынша арасындағы тесікп жауып
206


тұратын какнақшалардың оң жактағысы үш жақтаулы (valvula tricuspidalis), 
ал сол жақтағысы қос жақтаулы (V. bicuspidalis) - митральды. Қолқа мен өкпе 
артериясынын 
қарыншадан 
шыгатын 
жерінде 
айшық 
қакпақшалар 
(V.semilunaris) орналасқан. Қақиақшалар жүрек жиырылған сәтте (систола) 
канның белгілі бір багытта ағуын камтамасыз стсді. Қан жүрскшеден 
карыншаға, қарыншадан аргерияларга (қолқа мен өкпе сабауына) карай гана 
агады, сау адамда кан ксрі ақпайды. Тек, жүрсгі ауырған адамда кақпакшалар 
толык жабылмай, соған байланысгы қанның біразы негізгі баз ытынан айыры- 
лыи кері қарай агуы мүмкін. Мұны жүректің негізгі тондарына (ды- 
быстарына) шуыл араласуынан байкауға болады.
Жүрск қақпакшаларының кандай қызмет атқаратыныи көрссту үшін 
мынадан тәжірибе жасалды. Жануар жүрегін оның денесінен боліп алған соң, 4 
ірі кан тамырының эркайсысына шыны түтікше (ұзын канюля) кіргізіп, оны 
жіппен (лигатура) тамырға бекітеді. Одан кейін жүректі штативке іліп қояды 
да, сол жақ жартысы қызыл түске, оң жак жартысы көк түске боялзан 
физиологиялык срітіндіге толтырылады. Тәжірибе жасаушы адам жүрек 
қарыншаларын алаканына салып кысады. Сонда карыншадагы ерітінді қолқа 
мен өкпе сабауына бекітілген түтікше аркылы жоғары көтеріледі, ал 
жүрскшелермсн байланысқан түтікшедегі ерітінді деңгсйі өзгермейді. Қысқан 
кезде қарыншалардың куысы тарылады да ішіндсгі ерігіндінің кысымы көте- 
ріледі, сондықтан жүрек бөлімдері арасындазы жақтаулы қакпақшалар 
жабылады, ал айшық қақпакшалар керісінше ашылады. Қарыншалардагы 
ерітінді колқа жэне еКпе сабауымен байланысқан түтікшеге өтсді. АлақандАі 
жазып, жүректің қарыншаларын босаткан соң колқадагы, окпс сабауындагы 
түтікшеде ерітінді деңгейі көтерілген күйінде қалады, олардың үстіне ерітінді 
күйын кысымын одан орі күшейтсе де айшық кақпакшалар жабылған күйінде 
ерітінді деңгейін ұзақ уақыт сол шамада үстап тұрады. Бұл тәжірибеден жүрек 
қақпақіиалары қанның бір бағытта ағуын қамтамасыз ететінін көруге болады.
Жүрсктің ортаңгы қабаты (миокард) өзара жарыса орналаскан жолакты ет 
талшыкгарынан түрады. Ет талшықтары түйіскен жсрлерде қатар жаткан. Екі 
талшыкіы жалғастыратын дискілер (мембрананың жуандау жері) болады. 
Талшықтардың дискілер арқылы беттескен жерін нексус деп атайды. Нексустер 
аркылы миокардта козу өте тез жайылады, өйткені қозу бір талшыктан екінші 
талшыққа медиатордың қатысуынсыз-ак эрекет потенциалы күйінде өтеді, 
сондыктан эр ет талшыққа жеке қозып, жеке жиырылмайды, тонтасъш 
жиырылады, яғни жүрек еті әрекеттік синцитий (жалгам) ретінде қызмет 
етеді. Биологияда қүрылымдық синцитий деген ұзым бар. Электрондык мик­
роскоп болмаған кезде жүрек етінің топ-тобымен жиырылуы, яғни қозу үрдісін 
жүрек етінде бір талшыктан екіншісіне өткізетін құрылым ет талшықтары 
арасындағы протоішазмалық копіршелер деп есептелетін. Сөйтіп бүл кұбылыс 
қүрылымдык синцитиймен түсіндірілетін. Қазір электрондык микроскоп 
аркылы жүрек етінде мұндай нлазмалы көпіршелер болмайтыны дэлелденді. 
Сондықган жүрек етін әрекеттік синцитий дсген жон.
Жүректің жиырылып онан соң босауы миокардтың қызметі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   373




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет