муцин ферменттері аз, ал сілекейдін өзі сұйық, бірак көлемді келеді,
реакциясы сэл қышкылдау pH - 5,8. Жақасты безі шырынында органикалық
заттар (муцин, ами-лаза) көп, аздаған калий, натрий жэне кальций, магний
хлоридтері мен фосфаттары, бикарбона ітары, иодид, бромид, фторид,
сульфаттар бар. Без сілекейінен қанньщ қай топка жататынын аныктауға
мүмкіндік
беретін
агглютининдер
табылған,
олар
эритроцит
агглютиногендеріне сәйкес кследі. Тіласты бсзі сілекейінде муцин көп, оның
кұрамында эсерлі фосфатазалар да бар.
Сілекей аскорыту үрдісіне қатысумен катар қорғаныс қызметін де
атқарады:
1) ауыздың шырышты қабыгы мен тісті ұдайы дымкыл күйінде үстап,
физикалық жэне химиялық заттардың зардабынан сақтайды, ыстық тамақты
суытып, салқын тамақты жылытып, тагам температурасын реттеп отырады;
2) ауызға түскен, тіске конған заттарды жуып-шайып, оларды үдайы
тазартып отырады;
3)
кұрамындағы
лизоцим
фермснтінің
әсерінен
ауыз
ішіндегі
бактериялар жойылады (бактериоцидтік эсер);
4) қүрамындағы нуклеазалар (қышқылды жэне сілтілі), рибонуклеазалар,
трансаминазалар, пероксидазалар вирустың нуклеин кышкылдарын бұзып
ыдыратып, адам денесін вирустік аурулардан қорғайды;
5) ауыз ішіндегі капиллярларды кеңейтетін кининдер арқыльі ауызда
микроқанайналысын күшейтеді де лейкоциттер көп молшерде каннан ауыз
куысына шығып, ауыз қуысындағы микробтарды корытады;
6) сілекей қүрамындагы тромбопластин, аптигепариндік фактор, IV, V,
VIII, X факторлар сияқты заттардың эсерімен қан тез үйып, ауыздың
шырышты кабығына түскен жарақаттар тез жазылын кетеді;
7) сілекейде, эсіресе шықшыт безі сөлінде фибрин ыдыратқыш
(фибринолиз) заттар мен қан ұюына кедергі жасайтын заттар бар, бұл заттар
без өзегінің бітеліп калуына жол бсрмейді, ауыздың шырышты кабыгын
қабыршақтанған өлі эпителийден тазартып отырады, ондагы жаралардың тез
жазыльш кетуіне себепкер болады;
8) сілекейдің қоректік маңызы да бар. Сілекей тістер анатомиясы мен
физиологиясына кажет қоректік зат. Ол жаңадан шығып өсіп келе жатқан
тістерді кальций, фосфор, цинк сиякты микроэлементтермен қамтамасыз етіп
отырады, бүл элементтер сілекейдің рН-ын езгертіп, өздерінің эмальге өтуін
реттейді;
9) сілекей қүрамын тексеру белгілі бір ауруларды аныктау ісін
жеңілдетеді. Мэселен, қарын, 12 елі ішсктің ойық жарасы, нефрит кезінде
сілекейде азот, инсульт кезінде белок көбейсді т.т.
Достарыңызбен бөлісу: