маңызды ақпараттарды ірі молекулалар жеткізеді. Оларды қан да тасмалдауы
мүмкін. Макромолекулалар бір жасушадан екіншісіне олардың түйіскен
жсріндсгі саңылаулар арқылы немесе
пиноцитоз
(ріпео - ішу) жолымен өтеді.
Жаңа медицинаның дәлелдеуі бойынша, организмнің эрбір жасушалары
квантгық (фотон) байланысы арқылы өзара әрекетгесгік қатынаста болады.
Мұндай өзара қарым-қатынас электромагниттік өрістер мсн, шығыс
медицинасы колданатын, дененің белсенді нүктелері және меридиандары
арасында өтеді.
Бүгінде тіршілік іс-әрекетін реттеуші тек нейроиммуноэедокриндік
кешен деп үғыну жеткіліксіз. Өйткені, бул жүйелсрді организм дамуының
бслгілі кезеңінде қарапайым жэне эмбебаб реттеу жүйесі эржакгы
қалыптастырады. Оның негізін организм тірлігінде кездесетін жасушаның
мембраналык шамасының электромагниттік өрісі жасайды.
Реттеліс жэне озін-өзі реттеу аса қозғыш тітіркендіргіштің оте аз күшіне
осерленетін жүйке жүйесінің қызметі арқылы орындалады. Тірі тіндердің
көбіне
қозгыштық
қасиет бар олар тітіргендіргіш эсер еткенде туатын, электр
құбылысында негізделген
қозу
деп аталатын белгілі бір жағдайда болады.
Қозғыштык жогары сатыдагы жануарларда болатын, ал тітіркену - төменгі
сатыдағы организмдерге тэн қасиет.
Түрлі жүйке бөлшектері - қабылдағыш қүрылымдар, нейрондар, олардың
галшықтары өте қозгыш тіндерге жатады. Нейрондар орталық жүйке жүйесінде,
арнайы кызмет атқаруға бейімдсліп, тұрақты орында орналасады. Әрбір жүйке
орталыктары организмнің белгілі бір кызмерн реттеуге бейімделген. Мэселен,
тынысты реттейтін жүйке орталыктары сопақша мидың, жұлынның, ми
бағанының, ми қыртысының белгілі бір жерінде орналасқан.
Жүйелік реттслістің гуморалдык эсерге қарағанда артықшылығы болады:
1. Жүйкелік байланыс белгілі бір мүшеге, жасушалар тобына дэл
багытталады. Гуморалдык реттеуге химиялық белсенді заттар қан немесе
лифма арқылы бірнеше мүшеге, тінге бірдей эсер етеді. Сондықтан ол
заттарға организмнің жалпы әсерленісі байқалады.
2.
Жүйкелік
байланыс
әрекеттерді
жылдам
рсттейді.
Жүйке
серпіністерінің өрістеу жылдамдығы қан қозғалысынан жүз еседей тез.
3. Жүйке жүйесі әрекетті тек қана тудырып коймай, кажет болмаса оны
мүлде тоқтатып тастайды. Ал, химиялық заттың эсері ол зат әбден
ыдырағанша жалгасады.
Адам мен жануарлар организімнде кызмет біртұтас нейрогуморалдық
жолмен реттеледі. Оның ішінде жүйкелік реттеу басты, қан арқылы реттеу
қосымша тетіктер болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: