Адам физиологиясы


Бүлшықеттерікін физиолоі иилық қасиеттері



Pdf көрінісі
бет54/380
Дата15.12.2023
өлшемі28,52 Mb.
#137927
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   380
Байланысты:
Адам физиологиясы

Бүлшықеттерікін физиолоі иилық қасиеттері
Бұлшыкет қозгыш тіңдердің бірі, демек, басқа қозгыш тіндерге тэн 
касиеттер - қозғыштык, козуды өткізу бұған да тән. Мүнымен бірге 
бұлшықеттін ерекшс қасиеті - жиырылу.
Ет тіннің 
қозгыштық дэрежесі
қозу табалдырығы арқылы аныкталады. 
Көлденең жолақты қаңқа еті жүрек етіне карағанда қозғыштау келеді, яғни 
оның қозу табалдырығы әлдекайда төмен болады. Бірыңғай салалы 
бүлшықеттің қозғыштық дэрежесі жүрек етінікінен де томен, демек, ол 
бүлшықеттің тітіркендіру табалдырығы бәрінен де жоғары болады.
Ет талшықтарының қозуды өткізу шапшандығы сомалық жүйке 
талшықтарынікінен көп томен. Қозу ет талшығы сарколеммасын бойлай 
эртүрлі камдықпен, атап айтканда: каңка етінде секундіне 3,5-14 м, жүрек 
етінде 0,9-1 м, ал бірыңғай салалы етте 0,5 мм-ден 5-10 см-ден 
жылдамдықпен тарайды.
Ет тіні 
созылгыш
(серпімді) келеді. Оның созылғыштығы резеңкеге 
Караганда шүбәсіз, яғни босатқанда ет талшығының ұзындығы тура бастагіқы 
созбай түргандағы қалпына келеді.
Бұлшықеттің негізгі қызметі жэне физиологиялық касиеті - жиырылып 
жазылу. Жиырылу белгілі бір тітіркендіргіш әсеріне берілетін жауап, яғни ет 
үзындығының қысқарып катаюы (тонусының жоғарылауы).
Жүрек еті мен кейбір бірынгай салалы, яғни ішек, лимфа тамыры 
қабыргаларындағы еттердің автоматиялық қасиеті де бар. Қаңқа етінің 
мүндай қасиеті жоқ. Ол орталық жүйке жүйесінің әсерінсіз жиырылмайды. 
Қаңка еті тұлғалық жүйке жүйесімен, оның ішінде ми қыртысымен 
байланысты болгандықтан олардың жиырылуы, адамның еркіне байланысты. 
Жүрек еті мен бірыңғай салалы егті адам (жануар) өз еркімен жиырылта 
алмайды, бүлардың жиырылып жазылуын жэне автоматиялық қасиетін
66


вегетативтік жүйке жүйесі рсттейді. Ет пен жүйке байланысы бұзылса немесе 
түрлі себептермен ет үзақ уақыт жиырылмаса, ет талшыктары құрылымы 
өзгеріп, семіп қалады (атрофия). Ал керісінше етті арнайы эдістермен әдейі 
шыныктырса, жеке ет талшыктары үлкейіп, бұлшықеттіц көлемі үлгаяды 
(гипертрофия) болады.
Тәжірибе жүзінде етті тікелей өзіне не жүйке аркылы эсер сте отырып 
қоздыруға болады. Бүлшықеттің жиырылуы оның сыртган келіп түскен 
тітіркеніске жауабы. Бір эфференттік жүйке тармақталып коптеген ет 
талшыктарымен түйісіп соншама мионевралдық түйіспе құрады. Бұл 
бұлшықеттің қозгалткыш бірлігі (моторлык бірлік) боп саналады. Қозғаткыш 
бірлігіндегі ет талшықтарының жалпы саны 3-6-дан 2000-ға дейін жетеді. 
Мысалы, саусақ бүгетін бұлшықееттің қозғалтқыш бірлігінде 10-25, дене мен 
қол етінде 500, балтыр стінде 2000 ет талшыгы болады. Қозғалтқыш 
бірлігіндегі ет талшықтары жүйке талшығынан келген серпініске түгелдей бір 
мезгілде жиырылады. Жылықандыларда тез жэне баяу жиырылатын 
моторлық бірліктер болады. Тез жиырылатын еттер ақ еттерде, ал баяу 
жиырылатындар қызыл еттерде кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   380




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет