Адам физиологиясы


Жүйке талшыктарының қажымауы



Pdf көрінісі
бет64/380
Дата15.12.2023
өлшемі28,52 Mb.
#137927
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   380
Байланысты:
Адам физиологиясы

Жүйке талшыктарының қажымауы. 
Жүйке талшықтарының қозуды 
өткізу ерекшелігіне жүйкенің көпке дейін қажымауы да жатады. Дспеден 
жекеленген жүйкені ұзақ уақыт тітіркендірсе ол қажымай қозуды көпке дейін 
өткізеді. Жүйкенің бүл қасиеті түрлі тэжірибелермен дэлслденген. Ет 
талшықтарының тез қажитыны белгілі. Сондыктан Н.Е. Введенский бақаның 
ет-жүйке препаратының етке жақын жерінен түракты токты өткізіп анодтык 
блок арқылы оның өткізу қасиетін уақытша бұзады (физиологиялық 
бүтіндігін) да, жүйкені үздіксіз айнымалы тоқпен тітіркендіреді. Мұнда қозу 
етке карай блоктан өте алмайтын болады - ет жиырылмайды, ягни 
кажымайды, ал жүйке козуды өткізу кызметін тоқтатпастан атқарып тұрады. 
8-10 сагаттай уақыт өткен соң анодтык блокты тоқтатса ет жиырылып, 
үздіксіз тітіркендірілген жүйкенің кажымайтынын көрсетеді. Бернштейн 
осындай тэжірибені кураре уымен мионевральдық түйіспені блоктап, жүйксні 
4 сағаттай үздіксіз тітіркеңдіру арқылы Н.Е. Введенский тәжірибесінін 
қорытындысын дәлелдеп берді.
Жүйкенің қажымау себебінің бірі оның зат алмасу карқыны етгіен 
салыстырганда әлдеқайда төмендігі, екіншіден жүйке талшыгы қозуды өткізу 
қызметін атқару үшін қуатты өте аз пайдаланады, үшіншіден ыдыраған заттар 
етке Караганда жүйкеде 1000 есе тез қайта түзілсді (ресинтезделсді).
Қозудың өту жылдамдыіьі
Қозудың жүйкеден эту жылдамдыгы
миелин қабығына байланысты. 
Миелинді жүйкелерде козу бір Ранвье үзілісінен екінші үзілісіне секіріп 
өтетін болғандықтан ол тез өтеді. Екі Ранвье үзілісінің аралық ұзындығы 
жүйкенің диаметріне байланысты. Жуан жүйкелерде олар бір-бірінен алшақ 
орналасады. Сондықтан жуан жүйкелерде қозу тез өтеді. Қозу үрдісінің өту 
жылдамдығы 
"шын;" 
жэне 
із 
потенциалдарының 
үзақтығына 
кері 
байланысты. Неғүрлым "шың" жэне із потенциалдары ұзақ болса, солғұрлым 
козу жай өткізіледі. Қозуды өткізу жылдамдыгы талшақтарының қозгыш 
касиетіне де байланысты осы айтылган себептерге орай жүйке талшықтары 
үш топқа (А, В, С.) бөлінеді. Мұны төмендегі кестеден көруге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   380




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет