Адам физиологиясы



Pdf көрінісі
бет69/380
Дата15.12.2023
өлшемі28,52 Mb.
#137927
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   380
Байланысты:
Адам физиологиясы

Нейрондар мен нейроглия
Нейрон дегеніміз - жүйке жасушасы. Ол - жүйке жүйесі кұрамындагы 
жеке (дербес) бөлік, сол жүйснің морфоәрекеттік негізі. Нейрондардың 
арасын нейроглия толтырады. Ол нейрондарды жан-жакты коршайтын 
күрылым.
Нейрондар пішіні, көлемі жағынан әртүрлі. Бірақ қай нейрон болса да, ол 
дене 
жэНе 
өсінділерден 
(талшықтардан) түрады. 
Нейрон* денесінде 
протоплазма, ядро, басқа жасушаларга да тэн органоидтар жэне тек нейронда 
кездесетін тигроид (карала) заттар болады. 
Соңгыларының әрбіреуі 
түйіршікке не кесекке үқсайды. Ядролық бояулармен боялатын болғандықтан 
олар нейррн пртоплазмасын ала-құла етіп көрсетеді. Нейрон талшықтары 
ұзындығына карай (1 микроннан - 1,5 метрге дейін) 
аксон, дендрит
болып 
екіге бөлінеді. Аксон нейронный ұзын, ал деңдрит қыска талшыгы. Әр 
нейронда бір аксон, бірнеше дендрит болады. Дендрит аксонга Караганда көп 
тармақты келеді. Аксонның нейрон денесінен басталатын жері 
аксон
томпешігі
деп аталады. Төмпешікте тигроид заттар мен миелин қабығы 
болмайды. Аксон төмпешігінің қозу қабілеті өте жоғары. Сезімтал нейронның 
шеткей орналаскан аксонынын үшында 
қабылдагыш (рецептор)
болады. Ал 
орталык жүйке жүйесіндегі жүйке талшығының үшы жуандап бүршікке 
ұксайды. Нейрондардың осындай үштары бір-бірімен жанасып түйіспе 
күрады. Қозу серпінін кабылдагыштан жүйке орталығьша багыттап өткізетін 
жүйке талшығы әкелетін (афференттік) деп аталады, ал орталықтан қозуды 
шеттегі ағзаларға жеткізуші талшықты әкететін (эфференттік) деп атайды. 
Жүйке талшықтары майлы, жүмсақ кабығының болу-болмауына байланысты 
миелинді, миелинсіз деп екіге бөлінеді.
Нейроглия
деп 
нейрондар 
аралығын 
толтыратын, жасушаларды 
(глиондарды) айтады. Глия ірек сөзі - желім деген мағынада. Расында да олар 
нейрондардың денесі мен талшықтарына жабысып түрады. Глиондар екі
86


түрлі - астроциттср жоне олигодендроциттер. Бұлардың аксоны болмайды 
жэне өзара түйіспелер қүрмайды.
Астроциттердің өсінді талшықтары көп болады. Олар жасуша денесінен 
күннің сәулесі тәрізді жан-жаққа таралады. Астроциттер көбінесе мидың қан 
тамырлары бойында орналасады да, нейрондарды олармен байланыстырады. 
Олигодендроциттер нейронның аксоныц қоршайды, тармақтары өте аз 
болады.
Нейроглияның әрекеттік маңызы:
1. Нәрлендіру қызмет атқарады, яғни қаннан нейрондарга керекті қоректі 
заггарды алып, зат алмасу өнімдерін нейрондардан қанга өткізеді, олардың 
маңайын тазартады.
2. Нейрондардың тіршілігіне, қызметіне керекті жағдай жасайды. 
Нейрондардың айналасындагы сұйықтықтың иондық кұрамын, медиаторлар 
мен судың деңгейін бірқалыиты сақтайды, Мысалы, К+ ионы көбейін кетсе, 
артыгын өзіне сіңіріи жұтады, ал медиаторлар көбейсе, олардың артығын 
ыдыратады немесе бейтараптандырады. К+ ионы көбейіп кетсе нейрондарда 
күшті тежелу пайда болады, оның салдарынан депрессия болуы мүмкін. 
Медиатор мөлшері көбейсе қозу күшейіп, тежелу үрдісінен адамның жұмысқа 
деген қабілеті төмендсйді. Осыган орай нейроглия нейрондарды қатты 
козудан жэнс өте күшті тежелудсн сактайды.
3. Олигодендриттер нейрондар аксонының миелин кабыгын жасауға 
қатысады.
4. Нейроглия нейрондар арасындағы қарым-қатынасты күшейтеді, есте • 
сақтауды, уақытша байланыстардың пайда болуын жеңілдетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   380




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет