III - БӨЛІМ. ОРГАНИЗМНІҢ ІШКІ ОРТАСЫ.
ЖҮЙЕЛЕР МЕН АҒЗАЛАР
9-тарау. ҚАН ЖҮЙЕСІ
Қан, лимфа жэне тінаралык (интерстициялык) сұйыктык организмнің
ішкі ортасын кұрайды. Тіршілік үшін осы ішкі ортаның оның ішіндс кан
кұрамының физикалык, химиялык, биологиялык касиеттері гұрақты болуы
шарт, тек осы тұрақтылыктың аркасында организм сырттағы құбылмалы да
күрделі өзгерістерге төтеп бере алады. Адамның солтүстік полюс (уйск)
суыгында да, оңтүстіктің шыжыган ыстығында да өмір сүрс бсретіні осы
түрактыздыкка байланысты. Ішкі тұрақтылыктың өмір үшін аса қажет шарт
екеніне тұңғыш көңіл бөлген француз физиологы Клод Бернар еді. Ол (1878
ж.) организмнің ішкі сұйыктык ортасының салыстырмалы тұрактылығы
тіршілікті сактауда өте кажет екендігін мәлімдеді. 1929 ж. америка физиологы
Уолтер Кэннон ішкі ортаның, организмнің басты-басты биологиялык
көрсеткіштерінің (константалардың) тұрактылык дәрежесін белгілеу үшін
гомеостаз деген жаңа термин үсынды.
Гомеостаз
деп қан көлемі мен
кұрамының
жоне
физикалык,
химиялык,
биологиялык
касиеттерінің
тұрактылығы, ягни барлык биологиялык константаларды (артсриялык кан
қысымы, дене температурасы т. б.) айтады.
Жасушалардың тіршілігіне байланысты жэне олардың айналадағы
табиғи
кұбылыстарымен
ойдағыдай
карым-катынас
жасауы
эрдайым
гомеостаздың сакталуына қауіп төндіретін жағдай болып саналады. Бірак
бүйрек, тер бездері, өкпе сияқты көптеген ағзалардың кызметі аркасында,
сондай-ақ денедегі арнайы механизмдердің катысуымен гомеостаз эдетте
бұзылмайды. Осыған орай ішкі орта үшін абсолюттік тұрактылыктан гөрі
салыстырмалы жоне динамикалык гомеостаз тэн. Мұны гемокинез дейді.
Қан - жан-жануарлардың тіршілік стуіне аса кажет сүйыктык.
Жаракаттану салдарынан канның 25-30% сыртка ағып кетсе, тіршілікке кауігі
төнеді, ал 50% агып кетсе өледі. Қан тамырда жылжымай токтап калса, не кан
агысы тым баяуласа, адам өлуі мүмкін, Мысалы, денедегі кейбір жасушалар,
әсіресе ми кыртысының нейрондары уакытында келетін кан мөлшері азайса,
5-6 минуттан кейін бұзыла бастайды.
Қанның негізгі кызметтері:
1) Тіршілікке кажет заттарды тіндерге жеткізеді, ат зат алмасу өнімдерін
сыртқа уакытында шығарып отырады
(тасымалдау қызметі).
2) Оттегін өкпеден тіндерге, жасушалардағы көміркышқыл газды өкпеге
жеткізеді
(тыныс any қызметі).
3) Ішек-карыннан қоректік заттарды, витаминдерді, су мен тұздарды
(минераідарды) тіндерге жеткізеді
(трофикаіық
яғни
нэр.пеидіру қызметі).
4) Зат алмасу барысында пайда болган өнімдерді, мәселен, адам денесіндегі
уытты заттар, азот калдыктарын тіндерден бүйрскке, өкпеге, тер бездеріне,
ішскке апарады. Сөйтіп оларды шығарып тастайды
(экскрещшык қызмет).
165
5) Қан жасушалары (лейкоциттер), плазмадагы антитэндер денеге енген
микробтарды, вирустарды. табиғаты жат, улы заттарды бейтараптайды
(қорганыс қызметі).
6) Адам денесіндегі көптеген эрекеттерді, үрдістерді реттеуге катысады
(гуморалдық реттеу).
Қандагы биологиялық эсері күшті заттар -гормондар,
медиаторлар, мстаболиттер агзалар мен тіндерге өтіп тікелей немесе
кантамырларының ішкі бетіндс орналаскан хсморсцспторларды тітірксндіру
арқылы эсер етеді
(рефлекстік реттеу).
7) Қан жасушалары (пішінді элементтер) тін жасушаларымен креаторлык
байланыста болады. Креаторлык байланыс жаңарған жасушалардың жэне
жасушалардың табиғи кұрылысы мсн ксйпінің сакталуын камтамасыз стеді.
Жаңа жасушалар күрылысы жағынан ескілеріне үксас болу үшін олардагы
акпараттардың
маңызы
өте
зор.
Тіндерге
қажет
мағлұматтарды
макромолекулалар тасиды. Мағлүматтар бір жасушадан екіншісіне аралык
арналар
аркылы
жэне
пиноцитоз
жолымен
жеткізіледі.
Мұндай
макромолекулаларды баска тіндерге кан да жеткізіп отырады.
8) Қан бүкіл денеге тән гомеостазды сактай отырып жасушалар мен
тінаралык сүйыктыктың коллоидтық, осмостык түрактылығын сақтайды,
Осмостык түрактылык бүзылса жасушапар ісіп нс бүрісіп калады. PH
түрактылығын сактауда буфсрлік рөл аткарады.
9) Қан көп энергия шығарып кызып кеткен ағзаларды суытады, ал
суыған ағзаларды жылытады. Сөйтіп, дене кызуын біркалыпта сақтауға
катысады.
Достарыңызбен бөлісу: