Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан



Pdf көрінісі
Дата22.12.2016
өлшемі396,05 Kb.
#297

 

 

 



Еуропалық Одақтың 

Қазақстан 

Республикасындағы 

Өкілдігі  

 

Адам құқықтары мен заңдылықты 



сақтау жөніндегі Қазақстан 

Халықаралық бюросы 

 

Құқықтық 



саясатты зерттеу 

орталығы  

 

   


MediaNet 

халықаралық 

журналистика 

орталығы 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРЫНЫҢ  

2009-2012 ЖЖ. АРНАЛҒАН  

АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ САЛАСЫНДАҒЫ  

ҰЛТТЫҚ ЖОСПАРДЫ ОРЫНДАУ ҮДЕРІСІНЕ САРАПТАМАЛЫҚ ШОЛУҒА 

ҚОСЫМША 

 

Бөлім: «Еркiн жүрiп-тұру жəне тұрғылықты мекендi таңдау құқығы» 

 

2009-2012 жж. арналған адам құқықтары саласындағы Ұлттық жоспардың еркін жүріп-тұру жəне 



тұрғылықты мекенді таңдау құқығына арналған бөлімінде Ұлттық жоспарды құрастыру жөніндегі 

жұмыс тобы Қазақстан Үкіметі мен Парламентіне «Ұлттық жоспардың 11 шарасын» іске асыруға 



кеңес берді. Атап айтқанда,  

1.

 

Ел  ішінде  жүріп-тұру  бостандығын  реттейтін  заңнамалық  актілер  мен  ведомстволық 

нұсқаулықтар арасындағы қайшылықтарды жою.  

2.

 

Қазақстан  Республикасы  азаматтарының  (мемлекеттік  құпияны  алып  жүрушілер, 

ешқайда  кетпеу  туралы  қол  қою  шарасы  таңдалған  адамдар  жəне  т.б.)  шетелде 

тұрғылықты  тұру  мақсатында  елден  шығуын  бақылаудяың  жəне  жолын  кесудің 

тетіктері мен процедураларын əзірлеу.  

3.

 

Көшіп-қонушылармен  жұмысты  тиімді  үйлестіру  үшін 2012 жылы  Қазақстан 

Республикасы  Үкіметінің  құрамында  көші-қон  жөніндегі  біртұтас  мемлекеттік  орган 

құру.  

4.

 

2012  жылы  барлық  көшіп-қонушы  жұмысшылар  мен  олардың  отбасы  мүшлерінің 

құқықтарын қорғау туралы БҰҰ Халықаралық конвенциясын ратификациялау.  

5.

 

«Босқындар туралы» ҚР Заңын қабылдауды жеделдету.  

6.

 

Баспана  іздеп  жүрген  адамдармен  жəне  көшіп-қонушылармен  оларды  сот  шешімінсіз 

шығарып  жіберу  немесе  экстрадициялауға  жол  бермейтін  қарым-қатынас  жасау 

процедурасын əзірлеу.  

7.

 

Шекаралық жəне көші-қондық бақылаудың қазіргі заманғы ұлттық жүйесін жəне шетел 

азаматтарын,  азаматтығы  жоқ  адамдарды,  баспана  іздеп  жүрген  немесе  Қазақстан 

Республикасы  Шекара  қызметінің  бақылау-өткізу  пункттерінде  белгілі  бір  құқықтық 

мəртебесі жоқ адамдарды уақытша ұстау пункттері желісін жасау жəне енгізу.  

8.

 

Шетел  азаматтарын,  азаматтығы  жоқ  адамдарды  Қазақстан  Республикасының 

аумағына кіру жəне жүріп-тұру ережелері, еліміздің көші-қон заңнамасы туралы тиімді 

хабардар етудің ашық жəне қолжетімді жүйесін жасау. 

9.

 

Қазақстан  Республикасының  азаматтарын  жыныстық,  еңбек  немесе  басқа  да  қанау 

мақсатында  заңсыз  алып  шығатын  елдермен  қылмыстық  істер  бойынша  құқықтық 

көмек жəне адамдарды ұстап беру туралы халықаралық келісім-шарттар жасау.  

10.

 

2010  жылы  «Қазақстан  Республикасы  азаматының  жеке  басын  куəландыратын 

құжаттар туралы» Заңын əзірлеп, қабылдау. 

11.

 

2012  жылы  «Қазақстан  Республикасының  халықты  тіркеу  туралы  кейбір  заңнамалық 

актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды əзірлеп, қабылдау.    

«Еркін  жүріп-тұру  жəне  тұрғылықты  мекенді  таңдау  құқығы»  бөлімі  Ұлттық  жоспардың  кеңес 

ұсыныстарында  орындаудың  нақты  мерзімдері  көрсетілмеген  бөлімдерінің  қатарына  жатады. 11 

тармақтың  небары 4 үшін  ғана  олар  іс  жүзінде  бір  жыл  ішінде  немесе  бір  жылға  дейінгі  мерзім 

ішінде орындалулары тиіс деп анықталған.

2011  жылдың  қараша  айында  «Еркін  жүріп-тұру  жəне  тұрғылықты  мекенді  таңдау  құқығы» 

бөлімінде  көрсетілген  ұсыныстардың 2009-2010 жж.  аралығында  Қазақстан  Республикасының 

мемлекеттік органдарымен орындалуы туралы шолу ұсынылған болатын.   

 

Ұсынылған  шолуда  орындаудың  нақты  мерзімімен  (жылдармен)  шектелмеген 8-ұсыныстың 



орындалуна  талдау  жасалды,  сондай-ақ  оған  «Қазақстан  Республикасы  азаматының  жеке  басын 

куəландыратын  құжаттар  туралы»  Заңын  əзірлеу  мен  қабылдауға  қатысты  кеңес-ұсыныстың 

орындалуын талдау да енгізілген, себебі бұл кеңесті іске асыру мерзімі 2010 жылмен шектелген. 

 

Осылайша,  шолуда  «Еркін  жүріп-тұру  жəне  тұрғылықты  мекенді  таңдау  құқығы»  бөлімінің 



шеңберінде  іс  жүзінде  іске  асыруға  ұсынылған  1, 2, 5, 6, 7, 8, 9, 10 тармақтардың  орындалуына 

талдау жасалып ұсынылды. 

Ұсынылған шолудың қорытындылары мынадай: 

1.

 

2009-2010  жж.  аралығындағы  орындалуы  осы  шолуда  талданған 8-ұсыныстың  ішінде 

«Босқындар  туралы  Заңның»  қабылдануына  қатысты  бір  ғана  ұсыныстың 

орындалғандығын  айту  қажет.  Алайда,  ұсынысты  орындау  «сапасы»  адам  құқықтары 

саласындағы халықаралық-құқықтық стандарттарға сəйкес келмейді.  

2.

 

Қалған  ұсыныстар  орындалу  үдерісінде,  ал  бұл  үдерістің  іске  асырылу  қарқындылығы 

əрбір  нақты  ұсынысқа  тəуелді.  Айталық,  қылмыстық  істер  бойынша  құқықтық  көмек 

көрсету  жəне  жыныстық,  еңбек  немесе  басқа  да  қанау  мақсатында  Қазақстан 

Республикасының  азаматтары  заңсыз  алып  шығарылатын  елдермен  тұлғаларды 

табыстау туралы халықапалық шарттарды жасасуға қатысты ұсыныстың орындалуы 

айтарлықтай  қарқынмен  келеді,  жəне  байқауымызша, 2012 жылдың  соңына  қарай 

Қазақстан  елдің  құқық  қорғау  органдарына  адам  саудалау  сияқты  қылмысты  тергеуге 

көмектесетін  бірқатар  халықаралық  шарттардың  толыққанды  мүшесіне  айналады. 

Сонымен  қатар,  мемлекеттік  органдардың  «Шетел  азаматтарын,  азаматтығы  жоқ 

адамдарды  Қазақстан  Республикасының  аумағына  кіру  жəне  жүріп-тұру  ережелері, 

еліміздің  көші-қон  заңнамасы  туралы  тиімді  хабардар  етудің  ашық  жəне  қолжетімді 

жүйесін  жасау»  туралы  ұсынысының  орындалу  барысы  туралы  қандай  да  бір 

ақпаратты  бермеуі  бұл  ұсыныстың  орындалуына  əлі  ешкімнің  тіптен  кіріспегендігі 

туралы ойға салады.   

3.

 

Осылайша, 2009-2010 жж.  кезеңі  бойынша  «Еркін  жүріп-тұру  жəне  тұрғылықты 

мекенді  таңдау  құқығы»  бөлімі  бойынша  Ұлттық  жоспар  ұсыныстарының  орындалу 

дəржесі 9% құрап отыр. 

 

Ұлттық  жоспардың  «Еркін  жүріп-тұру  жəне  тұрғылықты  мекенді  таңдау  құқығы»  бөлімінде 

көрсетілген ұсыныстардың орындалуы жөнінде бұған дейін жасалған талдауға осы қосымшаның 

мақсаты  –  ұсыныстардың  орындалуы  туралы  ақпаратты 2012 жылдың 1 мамырындағы  жағдай 

бойынша жаңарту болып табылады.   

 

Қосымшаны  дайындау  кезінде  ашық  ақпарат:  нормативтік-құқықтық  қор,  құқық  қолдану 



тəжірибесінің  құжаттары,  БАҚ  хабарламалары,  мемлекеттік  органдардың  ресми  есептері,  ҚР 

ресми тұлғаларының жария мəлімдемелері, сондай-ақ өзге ақпарат көздері пайдаланылды.   

 

№1  Ұсыныс.  Ел  ішінде  жүріп-тұру  бостандығын  реттейтін  заңнамалық  актілер  мен 

ведомстволық нұсқаулықтар арасындағы қайшылықтарды жою.   

Адам  құқықтары  жөніндегі  комиссия  осы  ұсыныстың  шеңберіндегі  негізгі  қиыншылықтарды 

кəмелетке толмағандардың еркін жүріп-тұру бостандығын шектеуді реттейтін заңнамалық актілер 

мен  ведомстволық  нұсқаулықтардың  қарама-қайшылықтарынан  көріп  отыр.  Сондай-ақ,  құқық 



қорғау  органдары  қызметкерлерінің  əкімшілік  құқық  бұзушылықтар  туралы  қаулылардың 

орындалуын қамтамасыз ету мақсатында шетел азаматтарының төлқұжаттарын алып қою құқығын 

реттейтін  нормативтік-құқықтық  актілер,  осы  арқылы  шетел  азаматтарының  еркін  жүріп-тұру 

құқығы шектеледі.  

Ұлттық  жоспардағы  бірінші  мəселе  бойынша  ҚР  Əкімшілік  құқық  бұзушылықтар  туралы 

Кодексінің  (бұдан  əрі – ҚР  ƏҚБтК) 76 бабының 1 тармағының, «ҚР  бала  құқықтары  туралы» 

Заңының 11 жəне 30 баптарының  ҚР  Конституциясының 16 жəне 21 баптарымен  қайшылығы 

туралы айтылады.   

Аталған  қайшылықтарды  жою  үшін  «Мемлекет  басшысының  жанындағы  Адам  құқықтары 

жөніндегі  комиссия  Қазақстан  Республикасының  Үкіметіне  барша  заңнамаға  талдау  жүргізіп, 

кəмелетке  толмағанның  бостандығын  жəне  оның  еркін  жүріп-тұру  құқығын  шектеу  тек  қана 

соттың шешімі бойынша болуға тиіс екендігі туралы нормалармен толықтыруды ұсынады»

1

.  

2012 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша, ҚО ƏҚБтК 76 бабының 1 тармағының, «ҚР 

бала құқықтары туралы» Заңының 11 жəне 30 баптарының ҚР Конституциясының 16 жəне 

21 баптарымен қайшылығы жойылмаған. Демек, бұрынғысынша, кəмелетке толмаған адамға 

тəрбиелік  ықпал  ету  шарасы  ретінде  бос  уақытын  шектеу  жəне  жүріс-тұрысына  ерекше 

талаптар қоюды кəмелетке толмағанның əкімшілік құқық бұзушылық жасағандығы туралы 

ісін  қарайтын  кез  келген  органмен  тағайындалуы  мүмкін.  Жəне  де,  бұрынғыдай,  балалар 

Оңалту  жəне  бейімдеу  орталықтарына  олардың  келісімінсіз  жəне  сот  шешімінсіз 

орналастырылуы мүмкін.   

Екінші  мəселе – əкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы  қаулының  орындалуын  қамтамасыз  ету 

мақсатында шетелдіктердің төлқұжаттарын заңсыз алып қою мəселесі бойынша Ұлттық жоспарда 

былай  делінген:  «Əкімшілік  заңнаманың  нормаларын  дұрыс  пайдаланбауды  жəне  жеке 



тұлғалардың құқықтарын бұзуды болдырмау мақсатында Адам құқықтары жөніндегі комиссия 

мен  Бас  прокуратура  қазіргі  кезде  əзірленіп  жатқан  Əкімшілік-іс  жүргізу  кодексінің  жобасы 

шеңберінде тиісті ұсыныстарды енгізді»

2

.  

Əкімшілік-іс  жүргізу  кодексінің  кодексінің  жобасын  əзірлеу 2011 жылға  арналған  заңнамалық 

жұмыстар  жоспарына  енгізілген

3

.  Алайда, 2012 жылдың 1 мамырындағы  жағдай  бойынша 



Əкімшілік-іс жүргізу кодексі қабылданған жоқ, сəйкесінше, шетелдіктердің төлқұжаттарын 

заңсыз алып қою мəселесі əлі шешілген жоқ.   

Осылайша, 2011 жылдың  ішінде  жəне 2012 жылдың 4 айының  ішінде  Ұлттық  жоспарды 

əзірлеуші  жұмыс  тобымен  көрсетілген  нормативтік  құқықтық  актілердің  Қазақстан 

Конституциясының 21 бабына қатысты қайшылықтары жойылған жоқ.   

 

№ 2 ұсыныс.  Қазақстан  Республикасы  азаматтарының  (мемлекеттік  құпияны  алып 

жүрушілер, ешқайда кетпеу туралы қол қою шарасы таңдалған адамдар жəне т.б.) шетелде 

тұрғылықты  тұру  мақсатында  елден  шығуын  бақылаудың  жəне  жолын  кесудің  тетіктері 

мен процедураларын əзірлеу. 

16  тамыз 2011 жылы  Халықтың  көші-қоны  туралы  жаңа  Заң  күшіне  енді

4

,  аталмыш  заңның 11 



тарауы,  сондай-ақ,  Қазақстан  азаматтарының  тұрғылықтық  тұру  мақсатымен  елден  шығу 

мəселелеріне  арналған.  Заң  шығарушылар  заңжобасына  жасалған  ЕҚЫҰ  ДИАҚБ  құқықтық 

қорытындысындағы  ұсынысты  қолданған  жоқ.  Атап  айтқанда,  онда  былай  делінген:  «Жалпы 

алғанда, жоғарыда сипатталған көпшілік жағдайларда өз елінен шығу құқығын шектеу мұндай 

тұлғаның  құқықтарын  бұзатын  айтарлықтай  шамалас  емес  шараларға  алып  келуі  мүмкін.  Заң 

жобасынан  елден  шығу  рұқсатнамаларына  қатысты  барлық  ережелерді  алып  тастап,  бұл 

                                                            

1

 2009-2012 жж. арналған Адам құқықтары саласындағы Ұлттық жоспар, 19 бет 



2

 2009-2012 жж. арналған Адам құқықтары саласындағы Ұлттық жоспар, 20 бет 

3

 

http://www.pm.kz/ru/govnews/50



 

4

 2011ж. 22 шілдесіндегі Қазақстан Республикасының  № 477-IV Заңы. 



өкілеттіліктерді сот қарауына тапсыруға кеңес беріледі

5

». Жəне азаматтардың үшінші елдерде 

тұрғылықты  тұру  мақсатымен  елден  шығуына  рұқсат  беру  процедурасы  ешбір  концептуалдық 

өзгертулердің енгізілуінсіз, заңда сол күйінде қалды. Енгізілген жаңалықтардың жалғыз жағымды 

бірі – бұл  халықтың  көші-қон  мəселелері  жөніндегі  уəкілетті  органды  тұрғылықты  тұру 

мақсатында елден шығып кетудің барлық жағдайларында шектеудің негізі мен мерзімі, оған қарсы 

шағымдану тəртібінің көрсетілуімен əрбір азаматқа хабарландыру беруге міндеттейтін норма.   



Ұлттық  жоспарды  құрастырушылардың  шетелде  тұрғылықты  тұру  мақсатында  елден 

шығуын  бақылаудың  жəне  жолын  кесудің  еркін  жүріп-тұру  бостандығына  қатысты 

халықаралық  стандарттарға  сəйкес  келетін  тетіктері  мен  процедураларын  əзірлеу  туралы 

кеңесі орындалмаған күйінде қалды.  

№ 5 ұсыныс. «Босқындар туралы» ҚР Заңын қабылдауды жеделдету. 

Ұсыныс  орындалды. 2009 жылдың 4 желтоқсанында  Қазақстанда  «Босқындар  туралы» N 216-IV 

Заң қабылданып, 2010 жылдың 1 қаңтарында өз күшіне енді. Алайда, FIDH, Human Rights Watch

«Мемориал»  құқық  қорғау  орталығы  сияқты  бірқатар  жетекші  халықаралық  құқық  қоғау 

ұйымдары  қабылданған  заңды  босқындардың  халықаралық  құқықтарының  нормаларына  қайшы 

келетін заң ретінде бағалады. Əріптес ұйымдармен бірлесе отырып FIDH ұйымы заңды босқындар 

туралы  халықаралық  құқық  нормаларына  сəйкестендіруге  бағытталған  бірқатар  кеңес-

ұсыныстарды дайындап, Қазақстан Үкіметіне ұсынды.   



2012  жылдың 1 мамырындағы  жағдай  бойынша,  халықаралық  құқық  қорғау  органдарымен 

дайындалған кеңес-ұсыныстардың ешқайсысы «Босқындар туралы» қабылданған заңнан орын 

таппады. 

№ 6 ұсыныс.  Баспана  іздеп  жүрген  адамдармен  жəне  көшіп-қонушылармен  оларды  сот 

шешімінсіз шығарып жіберу немесе экстрадициялауға жол бермейтін қарым-қатынас жасау 

процедурасын əзірлеу.  

ҚР Əкімшілік Құқық бұзушылықтар туралы кодексіне (бұдан əрі - ƏҚБтК) сəйкес, шетелдіктерді 

елден  шығарып  жіберу  туралы  қаулыларды  сот  қабылдайды.  Жəне  де,  Қазақстанның 

қолданыстағы  қазақстандық  заңнамасында  ҚР  ƏҚБтК  қатар,  шетелдіктерді  ҚР  аумағынан 

шығарып  жіберу  туралы  өзге  лауазымды  тұлғалардың  (судьялардың  емес)  шешім  қабылдау 

құқығын  реттейтін  бірқатар  нормативтік-құқықтық  актілер  бар.  Мысалы,  шетел  азаматтарының 

Қазақстан  Республикасы  келуі  мен  жүріп-тұруы  жəне  шығуы,  сондай-ақ,  шетел  азаматтарының 

Қазақстан Республикасының аумағына заңсыз көшіп-қонуын алдын алу мен жол бермеу жөніндегі 

ішкі  істер  органдарының  жедел-қызметін  ұйымдастару  туралы  Ережені  қолдану  жөніндегі 

Нұсқаулық.  Осы  Нұсқаулықтың 87

6

  тармағы  ішкі  істер  органдары  мен  ұлттық  қауіпсіздік 



органдарының  лауазымды  тұлғаларына  шетелдіктерді  ел  аумағынан  шығарып  жебіру  туралы 

шешімдерді дербес қабылдау құқығын береді.  

ҚР  Қылмыстық-іс  жүргізу  Кодексіне  сəйкес,  шетел  мемлекетінің  азаматын  ұстап  беру  туралы 

қаулыны ҚР Бас прокуроры мен уəкілетті прокурор қабылдайды (ҚІСЖ 531 бабы).  Ал босқындар 

туралы Заң бойынша (7 бап) пана іздеуші тұлғаны мəжбүрлі түрде елден шығарып жіберу туралы 

шешімді  уəкілетті  орган  қабылдайды,  бүгінгі  таңда  мұндай  орган – ҚР  ІІМ  Көші-қон 

полициясының комитеті болып отыр.   

Бұл  ұсыныс  орындалмаған,  себебі 2012 жылдың 1 мамырындағы  жағдай  бойынша 

қолданыстағы  қазақстандық  заңнамадан  көшіп-қонушыларды  жəне/немесе    баспана  іздеп 

жүрген  адамдарды  сот  шешімінсіз  шығарып  жіберу  немесе  экстрадициялауға  жол  беретін 

нормалар алынып тасталынбады.   

                                                            

5

 ЕҚЫҰ ДИАҚБ ҚР«Көші-қон процестерін реттеу туралы» Заң жобасына қатысты қорытындысы» № MIG – 



KAZ /183/2011, 11 сəуір 2011 ж. (110 тармақ).  

6

 87. Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген негіздер болған жағдайда, шетел азаматтарын 



елден шығарып жіберу туралы құжаттарды ішкі істер немес ұлттық қауіпсіздік органдары рəсімдей алады. 

 


№ 7 ұсыныс.  Шекаралық  жəне  көші-қондық  бақылаудың  қазіргі  заманғы  ұлттық  жүйесін 

жəне  шетел  азаматтарын,  азаматтығы  жоқ  адамдарды,  баспана  іздеп  жүрген  немесе 

Қазақстан  Республикасы  Шекара  қызметінің  бақылау-өткізу  пункттерінде  белгілі  бір 

құқықтық мəртебесі жоқ адамдарды уақытша ұстау пункттері желісін жасау жəне енгізу.   

Заманауи шекаралық бақылау жүйесін құру мəселесінде ҰҚК, ең алдымен, сыртқыэкономикалық 

қызмет  қатысушыларының  құқықтарын  сақтау  мен  Кедендік  одақ  шеңберінде  қатысушылардың 

құқықтарын  сақтауға  бағдарланған.  Өкінішке  орай,  шекараны  бақылау  үдерісінде  адамның 

халықаралық мойындалған құқықтарының сақталуын қамтамасыз етудің, жəне ең алдымен, азамат 

еместердің  пана  алу  құқықтарын  кепілдендіру  мен  қорғаудың  екінші  кезекке  қойылған  мəселе 

екендігін айту қажет. Мұндай қорытынды қазақ-қырғыз шекарасынан өту кезінде «Қордай» өткізу 

пунктіндегі  өзімнің  жеке  бақылауларыммен  расталмақ, 2012 жылдың 12 сəуірінде  Бішкектен 

Алматыға  қайтар  жолымда  аталмыш  пунктіде 4 сағат  уақытымды  өткізген  болатынмын.  Такси 

жүргізушісінің  сөзінше,  шекарада 3-4 сағат  уақыт  болу – бұл  Кедендік  одақ  туралы  келісімнің 

күшіне  ену  сəтінен  бастап  қалыпты  жағдайға  айналған.  Шекарада  болған  кезімде  қазақстандық 

шекарашылардың  Қырғызстан  азаматтарына  қатысты  ар-намысты  қорлайтын  іс-əрекеттерге 

барғандарын,  сондай-ақ  шекарадан  жылдам  өтудің  жемқорлықты  жолдарын  өз  көзіммен  көріп 

қайттым.   



Мұндай  жағдайда  заманауи  шекаралық  бақылау  жүйесінің  құрылуы  туралы  айту  мүмкін 

емес,  сəйкесінше, 2012 жылдың 1 мамырындағы  жағдай  бойынша  ұсыныстың  бұл  бөлігі 

орындалмаған.  

Ұсыныстың шетел азаматтарын, азаматтығы жоқ адамдарды, баспана іздеп жүрген немесе 

Қазақстан  Республикасы  Шекара  қызметінің  бақылау-өткізу  пункттерінде  белгілі  бір 

құқықтық мəртебесі жоқ адамдарды уақытша ұстау пункттері желісін жасауға қатысты 

бөлігі де орындалған жоқ.  

Шетелдіктерді  елге  кіру  сəтінде,  яғни  шекарада  тіркеуді  көздейтін  заманауи  көші-қон  

бақылау жүйесі де құрылмады.   

№ 8 ұсыныс. Шетел азаматтарын, азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының 

аумағына  кіру  жəне  жүріп-тұру  ережелері,  еліміздің  көші-қон  заңнамасы  туралы  тиімді 

хабардар етудің ашық жəне қолжетімді жүйесін жасау.   

Бұрынғысынша,  бұл  ұсыныстың  орындалуын  талдау  мүмкін  емес,  себебі  оның  іске  асырылу 

барысы туралы еш ақпарат жоқ.   

№ 9 ұсыныс.  Қазақстан  Республикасының  азаматтарын  жыныстық, еңбек  немесе  басқа  да 

қанау мақсатында заңсыз алып шығатын елдермен қылмыстық істер бойынша құқықтық 

көмек жəне адамдарды ұстап беру туралы халықаралық келісім-шарттар жасау.  

Аталған  ұсынысты  іске  асыру  шеңберінде 2011 жылдың  қыркүйек  айында  «Қазақстан 

Республикасы  мен  Біріккен  Араб  Əмірліктерінің  арасындағы  қылмыстық  істер  бойынша  өзара 

құқықтық  көмек  көрсету  туралы»  Келісім  ратификацияланды. 2011 жылдың 17 маусымында  ҚР 

мен  Испан  Корольдігінің  арасында  қылмыстық  істер  бойынша  өзара  құқықтық  көмек  туралы 

Конвенцияға қол қойылды.   



Осылайша, бұл ұсыныс іске асырылу үдерісінде.  

№ 10 ұсыныс. 2010 жылы  «Қазақстан  Республикасы  азаматының  жеке  басын 

куəландыратын құжаттар туралы» Заңын əзірлеп, қабылдау.  

2012 жылдың 1 ақпанында ҚР Мəжілісі «Жеке басты куəландыру құжаттары туралы» заң жобасын 

мақұлдады

7

.  Алайда,  құқық  қорғау  көзқарасынан  алып  қарағанда,  заң  жобасында  оған  міндетті 



түрде  қосуды  талап  ететін  бірқатар  қағидалық  ережелер  жоқ.  Осылайша,  мысал  үшін,  заң 

жобасында  жеке  басты  куəландыру  құжаттарының  берілу  міндеттілігі  қағидасы  бекітілмеген. 

(Əлдеқайда  толығырақ  ақпаратты  №1  Қосымша – Адам  құқықтары  мен  заңдылықты  сақтау 

                                                            

7

 

http://www.bnews.kz/ru/news/post/67747/  



   Заң жобасы ҚР Парламентінің қарауына ҚР Үкіметінің 2011 ж. 30 желтоқсанындағы №1661 қаулысымен енгізілген.  

жөніндегі  Қазақстан  Халықаралық  бюросының  ҚР  Жеке  басты  куəландыру  құжаттары 

туралы заң жобасына берілген түсініктемелері мен ұсыныстарын қараңыз).   

Осылайша, ұсыныс уақытылы орындалмады, бірақ іске асырылу үдерісінде.  

 

Қорытындылай  келе, 2011 жылдың  ішінде  жəне 2012 жылдың 4 айында  еркін  жүріп-тұру  жəне 

тұрғылықты мекенді таңдау құқығын заңнамалық реттеудің Ұлттық жоспардың «Еркін жүріп-тұру 

жəне тұрғылықты мекенді таңдау құқығы» бөліміндегі ұсыныстарға қайшы келетін, айтарлықтай 

нашарлап  кетулердің  барын  айту  қажет. 2011 жылдың  шілдесінде  Қазақстанның  Əкімшілік 

кодексіне, аталмыш құқықтардың халықаралық стандарттар жағынан алып қарағанда іс жүзіндегі 

қамтамасыз етілуіне қатысты онсыз да жағымсыз көзқарасты нашарлатып, еркін жүріп-тұру жəне 

тұрғылықты  мекенді  таңдау  бостандығынан  айналып  өтпеген  түзетулер  енгізілген  болатын.  ҚР 

ƏКБтК 377 бабы  азаматтардың  тұрғылықты  жері  бойынша  тіркеусіз  тұру  үшін 

жауапкершіліктеріне  қатысты  күшейтіле  түсті. 2011 жылдың  шілдесінен  бастап, заңды  тіркелген 

жерінен  тыс  жерлерде  тұрып  жатқан  азаматтар  тұру  мерзімінен  тəуелсіз,  əкімшілік 

жауапкершілікке  тартылатын  болды.  Яғни,  жалдамалы  пəтерде  немесе  іс-сапар  кезінде  уақытша 

пəтерде  тұратын  адам  айыппұл  төлеуге  мəжбүр,  себебі  құқықтанудың  «алтын  ережесі» - 

заңнамалық актілер мен шарттардың нормаларын тура түсіндіру болып табылады.   

 

Бұл  қосымшаны  еркін  жүріп-тұру  бостандығы  жөніндегі  сарапшы,  Адам  құқықтары  мен 

заңдылықты  сақтау  жөніндегі  Қазақстан  Халықаралық  бюросы  Директорының  стратегияны 

дамыту жөніндегі орынбасары Тюленева Виктория Андреевна дайындаған. 

Шолу  Еуропалық  Одақтың  қаржылық  қолдауымен  іске  асырылатын  Адам  құқықтары  мен 

заңдылықты  сақтау  жөніндегі  Қазақстан  Халықаралық  бюросы  (АҚЗСҚХБ), MediaNet 

Халықаралық журналистика орталығы жəне LPRC Құқықтық саясатты зерттеу орталығының 

«Қазақстан  Республикасының 2009-2012жж.  арналған  адам  құқықтары  саласындағы  іс-

əрекеттердің  ұлттық  жоспарын  орындау  мониторингі»  əріптестік  жобасының  аясында 

орындалған.  Шолудың  мазмұны  жобаны  орындаушылардың  жауапкершілігінің  пəні  болып 

табылмайды жəне Еуропалық Одақтың көзқарасын білдірмейді.   

  

 

 


№ 1 қосымша 

Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан Халықаралық бюросының 

ҚР Жеке басты куəландыру құжаттары туралы заң жобасына берген түсініктемелері мен 

ұсыныстары. 

2012 жылдың 1 ақпанында ҚР Мəжілісі Жеке басты куəландыру құжаттары туралы заң жобасын 

мақұлдады

8

.  Бұл  заңжобасының  қабылдануы 2009-2012 жж.  арналған  адам  құқықтары 



саласындағы  Ұлттық  іс-қимыл  жоспарын  құрастырушылармен  Ұлттық  жоспардың  еркін  жүріп-

тұру жəне тұрғылықты жерді таңдау бостандығына арналған бөлімінде ұсынылған болатын.  

Жалпы  алғанда,  адам  құқықтары  саласындағы  Ұлттық  жоспардың  орындалуына  бағытталған 

жоғарыда  аталған  заң  жобасын  əзірлеу  бастамасын  қолдай  отырып,  соған  қарамастан,  Адам 

құқықтары  мен  заңдылықты  сақтау  жөніндегі  Қазақстан  Халықаралық  бюросы  (бұдан  əрі  Бюро) 

заң  жобасы  бойынша  бірқатар  сыни  пікірлер,  сондай-ақ  оны  адам  құқықтары  саласындағы 

халықаралық құқық нормаларымен сəйкестендіру жөніндегі ұсыныстар жасайды. 

Құқық қорғау жағынан алып қарағанда, заң жобасында оған енгізілуі міндетті түрде талап етілетін 

бірқатар қағидалық ережелер жоқ.    

Атап айтқанда, 



1.0

 

ҚР  азаматтарының  жеке  бастарын  куəландыру  құжаттары  мен  беру  мен  ауыстыруға 

қатысты, заң жобасында жеке басты куəландыру құжаттарының берілу міндеттілігі қағидасы 

бекітілмеген.   

Халықаралық  құжатттар,  соның  ішінде  АСҚХП  əрбір  адамға  оның  құқық  субъектілігінің 

мойындалуын  кепілдендіреді.  Адамның  оның  құқық  субъектілілігінің  мойындалу  құқығын  іске 

асыруы  оның  жеке  басын  куəландыратын  құжаттың  болуымен  байланысты.  Тəжірибе  жүзінде, 

жеке басын куəландыру құжаттары жоқ тұлға өзінің бұзылған құқықтарының қорғалуы үшін соқта 

жүгіне, əкілігін тіркей, мұрагерлікке түсе, некеге тұра, мемлекет аумағында еркін жүріп-тұра жəне 

шекарадан  өте  алмайды,  мұндай  адам  үшін  тіпті  өткізу  жүйесіне  ие  мемлекеттік  органдардың 

есіктері жабық.  

Осыған орай, заң жобасының 5 бабы жеке басты куəландыру құжаттарының болуын тұрғылықты 



жерінен  тəуелсіз  Қазақстан  Республикасы  азаматтарының,  Қазақстан  Республикасында 

тұрақты  тұратын  немесе  уақытша  келген  шетелдіктер  мен  азаматтығы  жоқ  тұлғалардың 

міндеті ретінде орнатады.  

Сонымен қатар, адамның оның құқық субъектілілігінің мойындалу құқығын іске асыруы адамның 

мұндай  құжатты  қаншалықты  оңай,  жеңіл  жəне  қандай  да  бір  қиыншылықтарсыз  ала,  ал 

мемлекеттік  органдардың  сəйкесінше,  осындай  құжаттарды  бере  алуымен  де  байланысты.  Басқа 

сөзбен айтқанда, адамның оның жеке басын куəландыратын құжатқа ие болу міндеттілігі адамның 

құжатты алу міндеттілігімен ажырамсыз  байланысты, ал бұл  өз кезегінде, мемлекеттік органның 

құжатты  беру  міндеттілігінің  тікелей  салдары  болып  табылады.  Осы  орайда,  заң  жобасы 

мемлекеттік  органдарды  ҚР  азаматына  оның  жеке  басын  куəландыратын  құжатты  беруге 

міндеттемейді. 

Соған қарамастан, бүгінгі Қазақстанның жағдайында Қазақстан азаматтарының тұрғылықты жері 

бойынша  тіркелмеу  себепті  жеке  басты  куəландыру  құжатының  берілуінен  бас  тартуға  тап 

болатын жағдай сирек емес.   

                                                            

8

 



http://www.bnews.kz/ru/news/post/67747/  

   Заң жобасы ҚР Парламентінің қарауына ҚР Үкіметінің 2011 ж. 30 желтоқсанындағы №1661 қаулысымен енгізілген



Қолданыстағы қазақстандық заңнама нормаларына сəйкес, «жеке басты куəландыру құжаттары 

құжаттамаланатын  тұлғаның  тұрғылықты  жері  (тіркелуі)  бойынша  уəкілетті  органдармен 

беріледі жəне құжаттың иесіне немесе оның заңды өкіліне табысталады»

9

.  



Заңнамада тұрғылықты жері бойынша тіркелмеген адамның жеке басты куəландыру құжатын алу 

тəртібін реттейтін нормалар жоқ. Сонымен қатар, заңнама нормаларына сəйкес, тұрғылықты жері 

бойынша тіркеуге жеке басты куəландыру құжаттарына ие тұлғалар ғана жатады

10

.  



Қолданыстағы заңнама тығырыққа тіреп отыр: егер адамның жеке басын куəландыратын құжаты 

болмаса – ол тұрғылықты жері бойынша тіркеле алмайды, жəне керісінше, егер адам тұрғылықты 

жері бойынша тіркеуде болмаса – ол өзінің жеке басын куəландыратын құжатты ала алмайды.   

Көбінесе,  мұндай  жағдайға  бас  бостандығынан  айыру  орындарынан  босанып  шыққан  бұрынғы 

қамаудағылар  тап  болады.  Қазақстандық  заңнамаға  сəйкес,  бас  бостандығынан  айыру  түрінде 

сотталғандар сот үкімінің негізінде тіркеуден алынуға жатады

11

.  Тəжірибе көрсетіп отырғандай, 



бас  бостандығынан  айырылған  сотталғандардың  басым  бөлігі  түзеу  мекемелеріне  жарамсых 

(мерзімі  өтіп  кеткен)  құжаттармен,  немесе  мүлдем  онсыз  келіп  жетеді.  Босап  шыққан  соң  олар 

жеке басты куəландыратын құжат алу мүмкіндігінен айырылады, себебі тұрғылықты жер бойынша 

тіркеуден  өтулері  тиіс

12

.  Сондай-ақ,  қолдарында  өздерінің  жеке  бастарын  куəландыратын 



құжаттың болуынсыз, тұрғылықты жері бойынша тіркеле де алмайды.  

Осыған  орай,  Бюро  жеке  басты  кəуландыру  құжаттарының  берілу  міндеттілігі  қағидасын 

заңнамалық  түрде  бекітуді  ұсынады,  оған  сəйкес  Қазақстан  азаматына  оның  жеке  басын 

куəландыратын құжаттың берілуінен бас тартыла алмайды.   

 

1.1



 

Қазақстан  азаматтарына  жеке  басты  куəландыру  құжаттарының  берілу  міндеттілігі 

қағидасының  бекітілуі  қолданыстағы  халықты  тіркеу  жүйесін  реформалау  қажеттілігімен 

тікелей  байланысты.  Тіркеудің  жаңа  жүйесі  адамға  жеке  басты  куəландыру  құжатын  алу 

орнын  өздігінен  таңдау  құқығын  беруі  тиіс.  «Жол  жүру  құжаттарын  жəне  төлқұжат 

сияқты  жеке  басты  куəландыратын  құжаттарды  беру  халықты  тіркеу  жүйесінде  бар 

мəліметтердің  негізінде  жүргізіледі.  Ең  жаңа  ақпараттан  тұратын  жəне  ауқымды 

жазбалардан  бос  халық  тізбесі  жол  жүру  құжаттарын  беруде  əлдеқайда  шынайы 

ақпаратты ұсынады, осы арқылы жалған аты-жөнге бірнеше куəлік алу талпыныстарымен 

байланысты қауіптілікті төмендетеді. Тізілімдегі ақпарат құжаттарды беру органдарымен 

компьютерлік  желі  арқылы  қолжетімді  болса,  құжаттарды  беру  елдің  кез  келген  тіркеу 

бюросында  жүзеге  асырыла  алады.  Бұл,  сондай-ақ  еркін  жүріп-тұру  құқығының  іске 

асырылуына жəрдемдеседі, себебі азаматтарға міндетті түрде белгілі бір бюроға жүгінудің 

орнына, төлқұжатты беру орнын таңдау мүмкіндігі беріледі»

13

.  


Осыған  орай,  Бюро  халықты  тіркеу  жүйесін  реттейтін  нормативтік  құқықтық  актілерге 

азаматтың  жеке  басты  куəландыру  құжаттарын  алу  орнын  өздігінен  таңдау  құқығын 

бекітетін өзгертулер енгізуді ұсынады.   

2.

 

Шетелдіктер  мен  азаматтығы  жоқ  тұлғалардың  жеке  бастарын  куəландыру 

құжаттарын  беру  мен  ауыстыруға  қатысты,  заң  жобасы  жеке  басты  куəландыру 

құжатының  берілу  міндеттілігі  қағидасынан  алшақтауға  жол  беруі  тиіс.  Алайда,  шетелдіктер 

                                                            

9

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі №1063 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы 



халқын құжаттандыру жəне тіркеу ережелерінің 13 тармағы. 

10

 ... ереженің 27 тармағы  



11

 ... ереженің 32 тармағы 

12

 Қазақстандық заңнама нормаларына сəйкес бас бостандығынан айырылған сотталған сот үкімі бойынша тұрғылықты 



жеріндегі тіркеуден алынады.

  

13



 Параграф 2.2.3 Руководящих принципов в области регистрации населения. 

мен  азаматтығы  жоқ  тұлғаларға  қатысты  бұл  қағидадан  кез  келген  алшақтау  ұсынылып 

отырған  заң  жобасымен  нақты  орнатылуы  тиіс  немесе  осындай  алшақтауларға  жол  беретін 

«туыс»  заңдарға  (Көші-қон  туралы  Заң,  Шетелдіктердің  құқықтық  жағдайы  туралы  Заң) 

тікелей сілтемелерден құралуы тиіс.   



Осыған орай, Бюро заң жобасына шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға қатысты 

жеке  басты  куəландыру  құжаттарын  беру  міндеттілігі  қағидасынан  алшақтауға  жол 

беретін нормаларды енгізуді ұсынады.   

3.

 

Заң  жобасында  азаматтардың  жеке  бастарын  куəландыру  құжаттарын  дайындаудың 

нақты  мерзімдерін  реттейтін  нормалар  жоқ.  Жеке  басты  куəландыру  құжаттарын 

дайындау мерзімдерін заңға бағынышты нормативтік-құқықтық актілер деңгейінде орнату ҚР 

халқының  осындай  мерзімдерді  реттейтін  нормаларға  деген  қолжетімділігінің  шектелуіне 

алып  келеді,  бұл  жеке  басты  куəландыру  құжаттарын  алу  үдерісін  реттейтін  заңнаманың 

«жемқорлыққа тап болу дəрежесін» арттырады.   

Осыған  орай,  Бюро  заң  жобасына  жеке  басты  куəланжыру  құжаттарын  дайындау 

мерзімдерін орнататын нормаларды енгізуді ұсынады.  

Сондай-ақ, Бюро мемлекеттік орган қызметкерлерінің жеке басты куəландыру құжаттарын 

рəсімдеуді негізсіз созу үшін жауапкершілікті орнататын нормаларды енгізуді ұсынады. 

4.

 

 Заң  жобасында  жеке  басты  куəландыру  құжаттарын  алу  мақсатымен  мемлекеттік 



органға ұсыну үшін қажетті  құжаттардың соңғы  тізбесін орнататын нормалар жоқ. Заң 

жобасында  жеке  басты  куəландыру  құжаттарын  алу  мақсатымен  мемлекеттік  органға  ұсыну 

үшін  қажетті  құжаттардың  соңғы  тізбесін  орнату,  заңға  бағынышты  деңгейде  ҚР  халқының 

осы  тізбені  реттейтін  нормаларға  деген  қолжетімділігінің    шектелуіне  алып  келеді,  бұл  жеке 

басты  куəландыру  құжаттарын  алу  үдерісін  реттейтін  заңнаманың  «жемқорлыққа  тап  болу 

дəрежесін» арттырады.  

 

Осыған  орай,  Бюро  заң  жобасына  жеке  басты  куəландыру  құжаттарын  алу  мақсатымен 

мемлекеттік  органға  ұсыну  үшін  қажетті  құжаттардың  соңғы  тізбесін  орнататын 

нормаларды енгізуді ұсынады.  

Сондай-ақ,  Бюро  заң  жобасына  мемлекеттік  орган  қызметкерлерінің  тізбемен  көзделмеген 

құжаттарды  талап  еткендері  үшін  жауапкершілікті  орнататын  нормаларды  енгізуді 

ұсынады.   

 

5.



 

Заң  жобасында  өзін  ҚР  азаматы  болып  табылатындығын  мəлімдейтін, бірақ  Қазақстан 

азаматты екендігінің сəйкес растауы жоқ тұлғаның жеке басты куəландыру құжатын алу 

мақсатымен  жүгіну  жағдайларын  құқықтық  реттеу  көзделмеген.  Қазіргі  Қазақстан 

жағдайында мұндай жағдайлар сирек емес, сəйкесінше, заңмен көзделулеру тиіс.   



Осыған орай, Бюро өзін ҚР азаматы болып табылатындығын мəлімдейтін, бірақ Қазақстан 

азаматты  екендігінің сəйкес растауы жоқ тұлғаның жеке басты куəландыру құжатын алу 

мақсатымен жүгіну жағдайларын құқықтық реттейтін нормаларды енгізуді ұсынады.   

Document Outline

  • № 5 ұсыныс. «Босқындар туралы» ҚР Заңын қабылдауды жеделдету. 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет