«Адамдар әрдайым өнерден проблемаларды шешу мүмкіндігін іздеді. Экран бұл тұрғыда жеке және бейсаналық, қорқыныш пен тілектердің проекциялары үшін контейнер ретінде жарамды. Өнердің барлық түрлерін зерттегендегідей
Cinema Party
(мотивациялық болған оқиғаға негізделген фильм көру кеші)
«Адамдар әрдайым өнерден проблемаларды шешу мүмкіндігін іздеді. Экран бұл тұрғыда жеке және бейсаналық, қорқыныш пен тілектердің проекциялары үшін контейнер ретінде жарамды. Өнердің барлық түрлерін зерттегендегідей, біз де киноны зерттеген кезде біз өзімізді зерттейміз». Корбут К.П. «Кино туралы психоанализ және психоанализ туралы кино». Мақсаты:
Жас ұстаздардың психологиялық және кәсіби құзыреттілігін жетілдіру.
Интеллектуалды дағдыларын және эмоционалды сфераның дамыту.
Мәселелерді шешу дағдыларын дамыту.
Стресстен арылту және позитивті ойлауды қалыптастыру.
Көрнекіліктер:Мультимедиялық проектор, плакаттар, кино афишалар, сусындар.
Кино кешінде қолданылатын әдіс - тәсілдер: - фильм қарау;
- топтық дискуссия;
- ситуацияны талқылау;
Барысы: Кіріспе сөз Бүгінгі кино кешімізде шанайы болған оқиғаға негізделген «Супер 30» филімі ұсынылады. Бұл фильм талантты оқушылар үшін арнайы бағдалама жасақтаған үнді математигі Аннанд Кумардың өмірінде болған оқиғаға негізделген. Ол кедей отбасыларының балаларын өзіне оқушы етіп тәрбиелеп өзі жете алмаған мүмкіндіктерге жол ашуы баяндалады.
Шараның еркін форматта ұйымдастырылуы бұл мұғалімдер үшін каникул мерзімінде шағын кинотренинг болады деген ниетпен және де бұл фильмді жас ұстаздарымызбен тәлімгерлер арасында ынтымақтастықта нығайту, жас ұстаздарға жігерлендіру мақсатында көрсеткелі отымыз.
I кезең «СУПЕР 30» фильмі қаралады.
IІ кезең Фильмнен кейінгі сұрақтар Фильмнен кейінгі көңіл күйлеріңіз қалай?
Қандай ойлар және сезімдер туындады?
Фильмнен қандай жарқын бейнелер және фразалар есте қалды?
Фильмдегі 5 түйінді ойды атаңыз.
ІІI кезең Кесте бойынша фильмді талқылау.
.Фильмді қабылдау структурасы (по В.Р. Шмидт).
Тәжірибе
Мен бас кейіпкердің орнында болсам
Бас кейіпкер менің орнымда болса
кейіпкердің іс – әрекетін түсіну (Кейіпкерлердің қозғаушы күшін ұғыну)
Понимание поведения, рефлексия (осознание движущих сил героев)
Кейіпкер фильмдегі ситуацияны қалай қаылдайды, және мен қалай қабылдаймын?
Кейіпкердің қандай әдістері мен үшін қызықты?
Фильмде қай кейіпкер маған ұнады, қай кейіпкер ұнамады?
Ұнаған кейіпкерлер маған ұқсастықтары бар ма?
Фильмге байланысты менің эмоцияларым: шынайы өмірде өзіңізде осыған ұқсас эмоциялар болдыма?
Қорытынды: Кинотеатр егжей-тегжейлі талданған кезде біздің тенденцияларымызды, шектеулерімізді және әлеуеттерімізді аша алатын таңғажайып құрал! Жақын шеңбердегі күтпеген жаңалықтар, кейіпкердің сезімін өзіңдікіндей сезіну, өзіңмен әрі қарай жұмыс істеу үшін талпыныс береді.
«№8 жалпы орта білім еретін мектебі» КММ
Cinema Party (мотивациялық болған оқиғаға негізделген «СУПЕР 30» фильмін көру кеші)
Өткізген:А. Н. Нағыметуллаева
С.Ж. Әленова
\ 2022 – 2023 оқу жылы