Технология пәнін оқытуда – еңбек етудің алғышарттарын үйрену арқылы оқушыны жеке тұлға ретінде тәрбиелеу мақсатын көздеймін. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында, оқушыларға берілетін тәлім-тәрбие үрдісін жетілдіру, жұмыс мәдениетін, адамдар арасындағы адамгершілік қарым–қатынастарды жаңарту, еңбек біліктілігін қалыптастыру арқылы еңбекке өнімділігін арттыруға ынталандыру міндеттерін мұғалімге жүктейді. Жас ұрпақты қоғамдық өмірге, отбасындағы қызметке, кәсіпке даярлау, үнемі өзгеріп отыратын әлемде өмір сүретіні туралы түсінікті қалыптастыруды міндеттейді. Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: «Негізгі мақсатымыз – Қазақстан әлемнің елу дамыған елдерінің қатарына енуі» делінген. Сол себепті, әр оқушыға оның қабілеттеріне сәйкес келетін білім беру өрісі қажет.
Адамға ең бірінші өмірлік қажеті - еңбек екенін уақыт дәлелдеуде.
Адам өмірі үшін аса қажетті, әрі өмір бойы тоқтаусыз білім беретін пән «Еңбекке баулу». Бүгінгі технология оқу пәні үнемі жетілдіруде.
Еңбек тәрбиесі - барлық тәрбиенің қайнар көзі. Еңбек тәрбиесі арқылы ағашты өңдеу, қолөнер шеберлігін меңгерту арқылы ұрпақты адамгершілік рухта тәрбиелей аламыз. Өйткені, оқушы алған теориялық білімін іс жүзінде қолдана отырып, оны өмірімен, өзінің іс-әрекетімен байланыстыра білгенде ғана, өзіне де пайдасын тигізе алады. Технология сабағы арқылы оқушыны іскерлікке, ұқыптылыққа, әдемілікті сезініп, қабылдауға үйретеміз. Біздің негізгі ұстанымыз: «Сөзден - іске көшу». Еңбек тәрбиесі арқылы ағашты өңдеп, бұйымдар жасау, көркемдеу, қолөнер шеберлігін меңгеру арқылы жас ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеуді басшылыққа ала отырып, жұмысты жүргіземіз. Оқушылар әр түрлі ағаштан өңделген бұйымдарды зерттей отырып, баға берумен келешек кәсіби ісіне қажетті эстетикалық, ұлттық, этикалық және т.б. бағалы қасиеттерін өз бойларына қалыптастырады. Еңбек сабағында оқушылардың іске икемділігі мен іскерлігін, өнерге, шеберлікке деген бейімділігін дамыта отырып қалыптастырамын. Оқушылар отбасында да тұрмыстың әр түрлі өнімді еңбегіне қатысады. Баланың бойындағы сапалық қасиеттері, еңбекке қызығушылығы, табиғатты қорғауы, ұқыптылығы арқылы еңбек адамын көру. Қазіргі кезде білім беру кеңістігінде инновациялық үрдістердің бағыттарының бірі - мектепке бағдарлау болып табылады. Оқушылардың қызығушылықтарын, қабілеттерін толық ескеріп, сол қажеттілікке сай тиімді жағдайлар жасап,білім беремін.
Оқыту мәселелерін бастамас бұрын, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеуге ерекше мән беремін. Сабақ - оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің негізгі формасы. Ендеше сабақтың мәнді өтуі мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Инновация – оны жеке түсініп, оқу үрдісіне енгізу - оқушылардың саналы да сапалы білім алудың бірден-бір шарты. Инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу жаңа білім берудің бірден бір шарты деп айттық. Саралап оқыту - оқушылардың туа біткен ақыл - ой қабілетінің жеке дамуының жан-жақтылығына негізделген білім беру жүйесі. - оқытудың дәстүрлі емес сабақ түрлері мен жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану - сабақтарда пайдаланатын негізгі әдістер оқушылардың көңіл күйіне, ынтасына, қабілетіне қарай, топпен, жеке оқушылармен жұмыс істеу, ойын элементтерін пайдалану т.б.
Технология - пәні география, бейнелеу өнері, тарих, музыка пәндерімен тығыз байланысты. Электронды кәсіптік бағдарлау жүйесі - қазіргі заманға сай ақпараттық-коммуникациялық технология негізінде жасалып, оқушының өзіне қажетті мамандықты таңдап, оның ерекшеліктері жөнінде тұтас ақпаратты ұсына отырып, өз мүмкіндігі бойынша қалаған мамандығын анықтауға көмектеседі. Оқушыларды кәсіптік бағдарлау ақпараттық үрдісі, ұдайы кәсіптік білім жөніндегі ақпараттарды талдауды және қорытындылауды қажет етеді. Бүгінгі еңбектің сипаты, мазмұны өзгеріп, жаңа талап пен міндеттерді қажет еткенімен, еңбекті құрмет тұту – халықтар дәстүрінде ежелден қалыптасқан.
Балаларды еңбекке тәрбиелеу - қол еңбегі сабағынан басталады. Адам баласы туа сала емес, көре - көре, жүре - жүре жетіледі. Бір адам еңбекке өте қабілетті болып өссе, енді бірі керісінше болады. Баланың жас шағында еңбек тәрбиесін дұрыс алуы немесе одан шет қалуы оның келешек өміріне үлкен әсер етеді.
Баланың еңбек тәрбиесін меңгеруі, қоғам үшін ғана емес, оның жеке басы, өз тіршілігі үшін де қажет. Еңбекті сүйетін адамның өмірінде реніш болмайды. Олар үнемі көтеріңкі көңіл-күйде жүреді.
Отбасына еңбек тәрбиесін жүргізгенде, баланы белгілі бір мамандыққа бейімдей даярлауды ескерген жөн. Егер бала отбасында еңбек тәрбиесін дұрыс алып шықса, мектепке іскерлікке үйрену оңайға түседі. Өйткені, отбасында алған еңбек дағдылары балаға түрлі мамандықты үйренген кезде жәрдемдесіп, оны игеруді оңайлатып отырады.
Технология сабағында жобалау әдісін қолдану. Жоба - әр түрлі бөлімдерден арнайы сызбалардан, суреттерден, жасалатын бұйымның технологиялық картасынан құралуы мүмкін. Ол бұйымдарды жасаған кезде есеп, экономикалық немесе экологиялық дәлелді түсінік хаттар да пайдаланылады. «Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болмақшы», яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептің оқушылары да білімді болмақ. Сондықтан өз білімімді ылғи да көтеріп отыруға тырысамын.
Білім саласындағы кез келген пән - қандай ортада болмасын өзінің айтар ойы, өмірге деген көзқарасы, нақты жеке тұлғаны қалыптастыруға өзіндік үлес қосары анық. Технология пәнінің басты мақсаты - оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына ықпал ете отырып, қазіргі заманның технологиялық мәдениетіне, яғни бұйымдарды көркем жобалауға, өңдеп, өндіруге бейімдеу болып табылады. Сондай - ақ оқушылардың техника мен технология әлемін зерттеп, зерделеуін, кәсіптік іс - әрекет элементтерінен практикалық тәжірибе алуын қарастырады.
Технология атты жаңа интегративті білім саласын меңгеру оқушылардың жалпы білім мен дағдыны меңгеруіне мүмкіндік береді, интеллектуалдық, тұлғалық, этикалық дамуын, өзіндік, кәсіптік айқындалуын, қазіргі әлеуметтік - экономикалық жағдайларға бейімделуін қамтамасыз етеді.
Сәнді қолданбалы қолөнері адамдардың көркемдік талғамының қалыптасуына ерекше әсер етеді, жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беруге қызмет етіп, оларды халқымыздың материалдық рухани мұраларын терең түсініп, оны бағалай білуге тәрбиелейді.
Орта мектептегі оқытудың негізгі міндеттері - білім беріп қана қою емес, білім мазмұны арқылы баланың өмірге, еңбекке, адамдарға, айналадағы ортаға, дұрыс қарым - қатынасын қалыптастыру. Оқыту мен тәрбие бір - бірімен байланысты процесс, бір нәрсенің екі жағы сияқты. Тәрбиелік сабақтың мазмұнын анықтай отырып, сабақ барысында оқу және тәрбие міндеттерін шешеді.
Технология сабағында ұлттық тәрбие берудің міндеті жан - жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі сәнді қолданбалы қолөнерді технология сабағында қолдана білу болып табылады.
Оқушыларға технология пәні бойынша кәсіптік бағдар беру
Қазіргі кезде мектептер он екі жылдық білімге көшуге дайындыққа байланысты, оқушылардың кәсіби мамандық алуына жете көңіл бөлінуде. Жаһандану заманында өмір талабы, уақыт ағысы жастарды кәсіби мамандық алуына итермелейді. Ал жастардың мамандық таңдауына мақсатты мүддемен ықпал ететін негізгі пән – технология.
Технология – кәсіптік білім беру жүйесі. Технология пәнінен білім беруде оқушы бұрынғыдай оқу бағдарламасын игеруші, мұғалім балаға жеке пән бойынша білім беріп қана қоймайды, жеке мамандықты мегеретін жеке тұлғаны да қалыптастырушы. Білімнің негізгі және айқындаушы мәні сол тұлғаны дамыту болып табылады. Оны жүзеге асырудың негізгі жолдары: оқушылардың жеке қабілетін және белгілі бір кәсіпке бейімділігін айқындай отырып білім беру, сол негізде оқу бағдарламасын жетілдіру. Бағдарлы оқыту – оқушылардың орнықты мүддесі мен қабілет бейімділігі негізінде бағытталған білім жүйесі екені белгілі. Сондықтан жалпы білім берудің жоғарғы сатысында іс – әрекет тәсілдеріне оқу – кәсіби мамандыққа бағытталған білім беру үлкен мәнге ие.
Әр баланың ерекшелігін ескеріп, тақырыпты өмірмен байланыстырып, әр оқушыға жеке тақырып пен бағыт – бағдар беріп отырыу. Сонда ғана оқушының пәнге деген қызығушылығы артады. Қазіргі таңда жеке тұлғаны қалыптастыру технология пәні мұғалімдеріне өз қызметіне өте үлкен жауапкершілікпен қарауды талап етеді. Кәсіптік бағдар беру барысында мұғалім әр оқушының алдында оның кемшілігіне шын мәнінде жауапты екенін сезіну қажет. Өз іс тәжірибемде оқушыларға кәсіптік бағдар беру, белгілі бір мамандыққа бейімдеу және өзіндік кәсіптікті айқындау.
Менің 5 – 9 сыныптарға технология пәнінен сабақ бергендегі байқағаным, кез келген 5 сынып оқушысы бастауышта алған білім негізінде бір салаға ынта - ықыласы болады. Сол сала оған ұнайды. Мұғалім оқушының сол қызығушылығын анықтап, сол сала бойынша оқушыны бейімдеуі керек. Мұнда оқушылардың кәсіби айқындалуына мұғалімнің рөлі жоғары. Кәсіптік мәнін ашып, өмірге, қоғамға қажеттілігін үнемі сабақта айтып, дәлелмен нақтылап түсіндірсе, әрине сол кәсіпке бейім оқушылардың бейімділігін дамытуға болады. Бейімділігін дұрыс анықтай алмай жүрген оқушылар қосымша қосылады.
Оқушыларды технология пәні бойынша кәсіби бағытта оқыту
Қазіргі таңда жеке тұлғаны қалыптастыру технология пәні мұғалімдерінің алдарына қоятын мақсаттар мен міндеттеріне өте жауапкершілікпен қарауды талап етеді. Оқушыларға білім, білік және кәсіптік бағдар беру барысында мұғалім әр оқушының алдында оның келешегіне шын мәнінде жауапты екендігін сезіну қажет. Осы үлкен міндетті атқару үшін технология пәнінің мұғалімінің өзі білімді, мәдениетті, жаңашыл болуы қажет деп ойлаймын. Әрине, көптеген мектептерде бұрынғы ізбен «еңбек сабағы» деп көңіл бөлмеуі де мүмкін, бірақ өз пәнін жоғары бағалайтын мұғалім парызын ұмытпауы керек. Сол себептен әр сабағын жаңашылдандырып өткізуді мақсат етіп, күрделі дайындықпен сабақты өткізуге қалыптасқан жөн. Сабақтың сапасы – ол оқушының білімділігі, біліктілігі, мәдениеттілігі.
Бұл салада бірінші сәттілік:
- мұғалім проблемасын анықтап, алдына мақсат қояды;
Екіншісі - тақырыптық күнтізбелік бағдарламаны жан - жақты зерттеп, мектеп ерекшелігін ескере отырып, дұрыс құруы, мұғалімнің мақсатына жету жолының ашықтығы.
Оқушылардың қызығушылығы мен бейімділігін дамыта отырып, кәсіби айқындалуын жетілдіру болашақ кәсібін қателеспей табуына көмек болады. Кәсіптік мектептерде, оқу – өндірістік комбинаттарында кәсіптік мамандық алуына жол ашады. Бұл жұмыстар жеткіншектердің кәсіптік бағдарды сезінуіне, еңбекті бағалауына, сүйіп атқаратын жұмысқа дағдылануға, жауапкершілікті сезінуге, мінез – құлық және қарым – қатынас мәдениетін қалыптастыруға септігін тигізеді.
Сапалы білім берумен қатар еңбекке де баулу, үйрету аса қажет, жастарымыздың өнерлі болуы қоғамдық өмірімізге үлкен әсерін тигізеді деп ойлаймын. Тұлғаның эстетикалық бейнесі өнер мен табиғатты қабылдауы және адамдар арасындағы қарым - қатынастағы қызметі арқылы көрінеді. Талантты және дарынды оқушылардың бойында даму және шығармашылық қабілеттер өнердің түрлі саласында өз ерекшелігіне қарай көрінеді.
Жеткіншек ұрпақты ұлттық сезім мен рухта тәрбиелеуде ұлттық ою - өрнектердің алатын орны ерекше. Қазақ халқының қолөнерінің арнасы кең, түрі сан алуан. Халқымыздың өмір тіршілігінде ою - өрнек қатыспайтын саланы табу қиын. Өнердің басқа да түрлері секілді қолданбалы қолөнері технология пәнінде ұлттық ою - өрнекті қастерлеуге жол ашады. Дәстүрлі қазақ өнерінің ерекшелігін айтқанда, қазақ өміріндегі ежелден дамыған ою - өрнек ерекше эстетикалық сезімді үнсіз айғақтайды. Өйткені талаптанған бала әрқашан өз мақсатына жетеді.
Оқушыларды қолөнерге баули отырып шеберлігін дамыту
Қазіргі заманғы мектептің алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі – оқушыларда білім мен шеберліктің қалыптасуы болып табылады. «Жас өспірімнің дербестігі педагогикалық мақсатқа бағытталса, жақсы нәтижелерге жеткізеді, жауапкершілік сезімін арттырады, шығармашылық бастаманы дамытады, оны белсенді етеді», - деп жазды
Н. Левитов. Көркемдік – қолданбалы жұмыстар барысында оқушылардың еңбек білімі мен шеберлігін қалыптастыру үрдісінің педагогикалық мақсаты болу үшін оқып, үйрету барысында олардың ақыл – ой қабілеттері мен іс – әрекеттер ерекшеліктерін ескеру керек.
Қазіргі кезде заман талабына сай, мектептің, ұстаздардың алдына қойған мақсаты – мектеп қабырғасында тәрбиеленіп келе жатқан жас ұрпақты ұлтымыздың көнеден келе жатқан салт - дәстүрімен таныстыру, еңбекке деген шеберлігімен икемділігін, өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Бұл тек ұстаздардың ғана емес, сонымен қатар қазақтың көне салт - дәстүрін, әдет – ғұрпын, тұрмыс – тіршіліктерін, қолөнерін жадымызда ұстау, келешек ұрпаққа үйрету, жөн сілтеу, ата – бабаларымыздың дәстүрін ұмыт қалдырмау – баршамыздың парызымыз.
Егеменді қазақ мемлекетінің болашақ ұрпақтарының сана – сезімін, ұлттық психологиясын, оның сонау ерте замандағы ата – бабалар салт - дәстүрімен, мәдениетімен сабақтастыра отырып, халықтық қолөнерін сақтап қалуға тәрбиелеу – ұлтжанды ұлғатты ұстаздардың абыройлы ісі.
Келешек мектептер 12 жылдық оқу бағдарламасында да біздің қазақтың қолданбалы қолөнерінің оқушыларға беретін тәрбиелік мәні өте зор болмақ. Ұлттық тәрбие беру бесігіндегі оқушылардың ата – баба дәстүрін, мәдениетін, қолөнерін және азаматтық арнадағы асыл қасиеттерін еңбекке баули отырып, жан - жақты эстетикалық тәрбие беру, мәдени мұраны жүйелі меңгеруге, рухани мұрасын бағалай білуге тәрбиелеу мүмкіндіктері қарастырылады. Сондықтан оқу - тәрбие жұмысының барысында, технология сабағында оқушыларға кәсіби технология пәнінің үйірме жұмыстарында халқымыздың ұлттық қолөнерін халқымыздың салт - дәстүрімен, әдет – ғұрпымен таныстыра отырып, оқушының іскерлігін, дағдысын, еңбекке деген ынтасын қалыптастыруды негізгі мақсат етіп қою - біздің міндетіміз. Ұлттық мәдениетке негізделген қазақ мектебінің қайта түлеуі қазіргі таңдағы көкейкесті мәселе болып отыр. Өйткені оқушылардың көркемдік білім алуын арттыру және рухани деңгейін дамыту, шығармашылыққа тәрбиелеу – қазіргі білім беруде көзделіп отырған мәселе. Осы тұрғыдан келгенде оқушылардың жұмыс істеу әдет – дағдыларын көркем шығармашылық іскерлікпен жалғастырып дамыту мәселесі қарастырылады. Оқушыларды әсемдікті сезініп, түсініп, қадірлей білуге баулу эстетикалық тәрбие беру арқылы іске асырылады.
Білім саласындағы кез келген пән - қандай ортада болмасын өзінің айтар ойы, өмірге деген көзқарасы, нақты жеке тұлғаны қалыптастыруға өзіндік үлес қосары анық. Технология пәнінің басты мақсаты - оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына ықпал ете отырып, қазіргі заманның технологиялық мәдениетіне, яғни бұйымдарды көркем жобалауға, өңдеп, өндіруге бейімдеу болып табылады. Сондай - ақ оқушылардың техника мен технология әлемін зерттеп, зерделеуін, кәсіптік іс - әрекет элементтерінен практикалық тәжірибе алуын қарастырады.
Технология атты жаңа интегративті білім саласын меңгеру оқушылардың жалпы білім мен дағдыны меңгеруіне мүмкіндік береді, интеллектуалдық, тұлғалық, этикалық дамуын, өзіндік, кәсіптік айқындалуын, қазіргі әлеуметтік - экономикалық жағдайларға бейімделуін қамтамасыз етеді.
Сәнді қолданбалы қолөнері адамдардың көркемдік талғамының қалыптасуына ерекше әсер етеді, жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беруге қызмет етіп, оларды халқымыздың материалдық рухани мұраларын терең түсініп, оны бағалай білуге тәрбиелейді.
Орта мектептегі оқытудың негізгі міндеттері - білім беріп қана қою емес, білім мазмұны арқылы баланың өмірге, еңбекке, адамдарға, айналадағы ортаға, дұрыс қарым - қатынасын қалыптастыру. Оқыту мен тәрбие бір - бірімен байланысты процесс, бір нәрсенің екі жағы сияқты. Тәрбиелік сабақтың мазмұнын анықтай отырып, сабақ барысында оқу және тәрбие міндеттерін шешеді.
Технология сабағында ұлттық тәрбие берудің міндеті жан - жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі сәнді қолданбалы қолөнерді технология сабағында қолдана білу болып табылады.
Мектептің негізгі бағыттарында оқу мен тәрбиенің сапасын, оның ғылыми дәрежесін арттыруға байланысты әрбір пәнді оқытуда эстетикалық тәрбиенің жақсартылуын қамтамасыз етуге де ерекше назар аударылған.
Соңғы жылдарға дейін тәрбие беру проблемасы жастарды көркем өнерге баулу жолымен ғана шектеледі деп пайымдалып келгенді. Оқушылардың эстетикалық талғамын, жалпы мәдениетін көтеру үшін өнердің теориясы мен тарихынан лекция оқыса, әдеби және музыкалық кештерді, тағы басқа да сондай жиындарға қатысса жеткілікті деп те жүрді. Эстетикалық тәрбие беру жолдарына бұлай қарау- сыңаржақтылық, оның сырларын түсінбеушілік.
Көркем өнерді сүю, оны таңдап, талғай білу- эстетикалық тәрбиенің басты мәселелерінің бірі. Әсемдік пен сұлулық адам жүрегінің тазалығы,рухани байлығы,жан дүниесінің шынайылығы, сезімнің нәзіктігі, ойының ұшқырлығы, қиялының кеңдігі, жігер- қабілетінің жасампаздығы болып табылады.
Эстетикалық тәрбие беруде технология пәнінің маңызы ерекше. «Технология оқу пәні- интегративті білім саласы. Оқушылардың математика, физика, биология пәндерінен алған білімдерін синтездеу арқылы өндірісте, энергетикада, байланыста, ауылшаруашылығында т.б. бағыттарды пайдалану жолдарын меңгеретін негізгі ғылым болып табылады. «Технология» пәнінің жаңа бағдарламасының мазмұны еңбекке баулу пәнімен салыстырғанда анағұрлым терең, сондықтан сызу, физика, компютер сыныптарын пайдаланудың, сондай-ақ технология кабинетін оқу-көркем құралдармен, кестелермен, дидактикалық материалдармен, мұғалімдерге арналған әдістемелік әдебиеттермен, оқушыларға арналған әдебиеттермен үнемі толықтырылып отыру қажет.
Технология сабағында эстетикалық тәрбие беру мәселесі ең алдымен оқушыларға технология пәнінің негізін терең және тиянақты түсіндірумен жүзеге асырылады. Өйткені, эстетикалық сезім адамның саналы әрекеттерінің жеңісі, ал саналы әрекет зат пен табиғат, қоғам заңдарын жақсы білуден барып туындайды. Мысалы: Оқушыларға ағаш пен жұмыс жасамас бұрын, ағаш туралы түсінік беріледі. Өздеріңіз білесіздер, шығармашылық жұмыс үшін бізге: талап, үлкен ізденіс, еңбекқұмарлық, өнерсүйгіштік қажет. Міне, осының бәрі адамның бойында болса, онда іске сәт деп кірісуге болады. Ағаш өнеріне кіріспес бұрын, халық қолөнеріне тоқтала кетейік.
Халық қолөнері ғасырлар бойы дамып, қалыптасып келе жатқан халық шығармашылық өнерінің сарқылмас қайнар көзі, халық мәдениетінің айнасы. Өнер тану ғылымда халық қол өнері сән және қосалқы өнер деп екіге бөлінеді. Олар сәулет, мүсін өнерлерімен байланысты. Соңғы кезде қолымен жасалған бұйымдармен, эаттармен қоса механикалық тәсілмен жасалған заттар да бар. Бірақ олар қолмен жасалған заттарға қарағанда көркемдік деңгейі төмен.
Ағаш өнері үйші, оймашы, балташы, тоқушы болып бөлінеді. Үйші – киіз үй сүйегін, керегесін, уық, шаңырағын жасайды. Оймашы – жастық ағаш, жүк аяқ, ағаш төсек,кебеже,үй іші дүние мүлкі мен ыдыс-аяқ оятын ісмерлер. Балташы- ағаш құраумен, қайық, арба, шана жасаумен кәсіп етеді. Тоқушы- балық ұстау үшін түрлі шаруа қажетін өтеу мақсаты мен себет, шыпта, шарбақ өрушілер.
Ал, ұсталар айналысатын кәсіп темір ұстасы, ағаш ұстасы деп бөлінеді. Біз сабақтарымызда темірмен де, ағашпен де жұмыс істеуге тура келеді. Заттарды жасаған кезде міндетті түрде эстетикалық әдемілігіне, сұлулығына көңіл бөлеміз. Сондықтан, біз әрбір сабағымызда оқушыларға эстетикалық тәрбие берудеміз. Ағаштан қасық, ожау, сандық, бесік т.б. заттарды жасаған кезде де оның әсемдігіне де назар аударылады. Мен технология сабақтарында оқушылырдың жас ерекшеліктерін , қол еңбегімен айналысу мүмкіншілігін ескере отырып, әр оқушының шығармашылық жұмыстармен жұмыс жасауларын мақсат етіп қойдым. Мысалы,сәндік қолданбалы өнер элементтері арқылы материалды көркемдеп өңдеуде контурлық оюдың техникасы тақырыбына қыларамен жұмыс жасауда оқушылар өздері таңдап алған жануарлардың бейнесін сызып алады. Оқушылар мультфильмдегі,өмірдегі көргендерін практикада қолданады. Жасалынатын заттар бір өлшемде және сәндік бөліктері, безендіру талғамы әр оқушының ізденуінің арқасында жүзеге асады.
Технология сабағында алған білімін тіршілік көзіне айналдыруға тәрбиелеу, кәсіпкерлікке, іскерлікке үйрету, оқушыларға ағаш материалы негізінде бұйымдарды көркемдеп өңдеу арқылы эстетикалық тәрбие беру, бұйымды өтімді, тартымды жасауға үйрету- бүгінгі күннің қажеттілігі.
Қазіргі кезде эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу – тәрбие барысыда тұрақты зейін салуды, күн сайын талапты күшейтетін мәселе. Кең ой-өрістілік сөйлеу, іс-әрекетінің мазмұнынан сөз өнерін, ақыл-ой еңбегін, шындықтың обьективтік жақтарын, көркем сөз сұлулығын, бөліп қарайды. Еңбек іс-әрекетінде еңбек мақсаттары және процесі, оның нәтижесі, сұлулығы ерекше көрсетіледі. Технология сабағында оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің негізгі міндеті ‒ өнерге бейімі бар балалардың қабілетін, ынтасын және бейімділігін дамыту. Осыған орай, мектепте оқушылардың ықтимал мүмкіндіктерін және қабілетін барынша анықтау керек. Технология сабағында адами жалпы білім мен дағдыны меңгеруіне мүмкіндік береді, интеллектуалдық, тұлғалық, этикалық дамуын, өзіндік, кәсіптік айқындалуын, қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімделуін қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда жеке тұлғаны қалыптастыру технология пәні мұғалімдерінің алдарына қоятын мақсаттар мен міндеттеріне өте жауапкершілікпен қарауды талап етеді. Сапалы білім берумен қатар еңбекке де баулу, үйрету аса қажет, жастарымыздың өнерлі болуы қоғамдық өмірімізге үлкен әсерін тигізеді деп ойлаймын. Тұлғаның эстетикалық бейнесі өнер мен табиғатты қабылдауы және адамдар арасындағы қарым-қатынастағы қызметі арқылы көрінеді. Мектепте технология сабағын эстетикалық тәрбиемен ұштастырудың маңызы зор. Еңбек оқушылардың ең бірінші өмірлік қажетіне айналу үшін, еңбек ету талабын адамның бойында тәрбиелеудің зор маңызы бар. Бұл міндет- адам өзі ынта қойған еңбекпен шұғылданып, оның бейімділігімен мүддесіне сай келетін және адамгершілік қанағат беретін іспен шұғылданған жағдайда жүзеге асырылады. Сондықтан да бұл міндеттерді шешу еңбекті дұрыс таңдап алумен аса тығыз байланысты. Мұғалім эстетикалық тәрбиені балаларға өнер түрлерін меңгерту арқылы жүзеге асырады. Эстетикалық тәрбие біздің байқауымызда дүние жүзілік және ұлттық мәдениет салалары негізінде көркемділікке, әсемділікке, сезімталдыққа баулу жүйелерін қамтиды. Технология сабағында оқушыларға эстетикалық тәрбие беруде халық дәстүрлерін, ұлттық өнердің түрлерін көбірек пайдалану қажет.
Педагогикалық шеберлік үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагог — өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе балалар психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман.
Педагогикалық шеберлік негізі неде?
Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған маман — уақыт талабы. Кеше ғана көк туын желбіретіп шаңырақ көтерген егемен елімізді өркениетке жетелейтін білім бастауында мектеп, ал сол мектепте жас ұрпақ бойына білім негізінің мәңгілік іргетасын қалаушы- ұстаз тұрады. «Мұғалімдер- қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең «сынампаз» бөлігі болып табылады», — деп Елбасы Н. Ә. Назарбаев бекер айтпаса керек. Сондықтан да бүгінгі таңда тәуелсіз елімізге білікті маман, өз ісінің шебері қажет. Ал педагогикалық шеберліктің негізі неде?
Шебер педагог білімді, тәжірибесі мол, жан-жақты бола отырып, оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында білім мен тәрбиені ұштастыра алуы қажет. Әр оқушының дарындылығын айқындау, олардың дамуына қолайлы жағдайлар жасау, мектеп, жанұя, мұғалімнің ролін анықтау, студенттер мен мұғалімдер ұжымын қалыптастыру — педагогикалық шеберлікті жетілдіруге негізделеді деп есептейміз.
«Тәуелсіз елге — білікті маман» демекші, педагогикалық шеберліктің негізі, өткен пікірімізде айтып кеткеніміздей, білім мен тәрбиені ұштастырумен қатар – педагогтардың жаңа технологияны меңгере білуінде және оны өз тәжірибесінде қолдана алуында. Педагогикалық көзқарас бойынша, «технология » ұғымы – дәстүрлі оқыту әдістерінен басқа, ерекше үлгіде ұйымдастырылған «педагогикалық өндіріс» деген пікір өз уақытында педагог-ғалымдар тарапынан сынға алынғаны белгілі. Осы сыннан соң бірте-бірте «педагогикалық технологияны» оқыту үрдісінің құрамдас бөлігі ретінде сипаттап, оны дидактикалық үрдістер мен оқыту құралдарымен жабдықтауда жаңа ақпараттық технологияға негіздеу туралы мәселе қозғалады.
Педагогикалық шеберліктің тағы бір көрінісі – мұғалімнің шығармашылық іс-әрекеті, яғни оның тұлға ретінде жеке-даралығы және адамның индивид ретіндегі кейбір ерекшеліктерінің өзгеріске ұшырауы. Осыдан шығарар қорытындымыз: әрбір педагог мұғалім мамандығын таңдап алған соң, ол жауапкершілігін бірге ала жүруі керек. Ұстаз өз пәнін ғана емес, дүние сырын, қоғамдағы өзгерістерді, адам мінездерін, өнердің қуат әсерін білетін жан болуы қажет.
Біздің ойымызша, инновациялық технологиялар оқытуды ізгілендіру, яғни оқу құралдарын оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетінде пайдалануға көмектеседі. Оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың шарттарының өзі мұғалімнің әрдайым ізденісте, өздігінен білім алудың жағдайын туғызады. Ол педагогикалық шарттарға: инновациялық ізденіс қажеттілігі; инновациялық әдіс-тәсілдер жайлы білім; инновациялық әдіс-тәсілдерінің тиімді жолдарын қарастыру; инновациялық әдістерді меңгеру; инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану және білім беруді ұйымдастыру формалары; инновациялық әдіс-тәсілдерінін нәтижесінің болуы; инновациялық әдіс-тәсілдердің озық тәжірибелерін бекіту жатады. Инновациялық іс-әрекетті басшылыққа ала отырып, педагогикалық шеберліктің басқа құрауыштарының маңыздылығын жоққа шығармаймыз.
Адам қажырлы еңбегімен табиғатты өзгертсе мұғалім жалпы жасампаз еңбегімен жаңа адамды қалыптастырып, дамытып, жетілдіріп өмірге дайындайды. Оқушыларын тек біліммен қаруландырып қана қоймай, назарын, білгендерін жадында сақтауға, қабілетін, ойлауын, тіл шеберлігін ұштауға, дүниеге деген құштарлығын, өмірге деген көзқарасын дұрыс қалыптастырып, ықыласын, сенімін, төзімділігін, іскерлігін, ізденімпаздығын тағы басқадай танымдық қасиеттерін жетілдіріп, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеуді өзінің өмірлік мақсаты, ізгілік мұраты деп санайды.
«Талант» деген сөзді әркім әр түрлі ұғынуы мүмкін. Талант көбіне, ақын – жазушылырда, әртістерде, өнер адамдарда кездеседі. Ал, «мұғалім болу – талант па, ол әркімнің қолынан келе бермей ме?» — деген сұрақ туады. Ұстаздың барлығы талант болып тумайды. Егер кез келген мұғалім ынта – ықылас қойып, табандылық танытатын болса, өз бетімен көп еңбектенсе, идеялық жағынан сенімді, саяси жағынан есейген азамат болса, өз пәнін жақсы білсе, оқытудың әдістемесін меңгеріп, бала психологиясын жете білсе, педагогикалық техниканы қалыптастыра алса, педагогикалық шеберлікке жету қасиеттеріне ие бола отырып, педагогикалық кәсіпті меңгерсе, педагогикалық әдепті бойына сіңірсе, онда талантты, шебер ұстаз бола алады.
Педагогикалық шеберлік – ұстаздық талантпен тығыз байланысты. К.Д.Ушинский: «Педагогика теориясын қаншама жетік білгенмен, педагогикалық әдептің қыр – сырын меңгермейінше бұған оның оның қолы жетпейтіндігін», — айтады.
Педагогикалық шеберлік – тек қана мұғалімнің жалпы, жан – жақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол – әр сөзді оқушылырға жеткізе білу, олардың толық қабыл алуы. Ұстаздық шеберлік: 1) мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымды, моральды бойына сіңірген адам екендігі; 2) пәнді жетік білген, ойын толық жеткізетін және оқушылардың бойында әдеп, әдет, дағды сияқты моральдық нормаларды сіңіре білгендігі; 3) оқыту мен тәрбиелеудің әдіс – тәсілдерін меңгерген, білгенін қызықты да, тартымды өткізе алатын, педагогикалық әдеп пен талантын ұштастырған адам ғана шеберлікке ие болады. Педагогикалық шеберлікте педагогикалық техника деп аталатын мәселеге мән беріледі. Мұғалім әр сөзін дұрыс сөйлеп, нық айтуы тиіс, оның жүріс – тұрысы, қозғалысы, отырып – тұруы оқушыларға ерсі болмайтындай дәрежеде болуы керек.
Педагогикалық шеберліктің негізі – балалардың өз еркімен дамуына жол ашу, оқу – тәрбие процесінде оқушылармен педагогикалық ынтымақтастықтар жұмыс атқарудың формаларын, әдістерін дамыту, шәкіртке деген қамқорлық пен сүйіспеншілікті арттыру педагогикалық шеберліктерінің басты сипаты болып табылады.
Болашақ ұстаздың педагогикалық мамандыққа өзін-өзі бағыттап, жұмысты ұйымдастыруы педагогикалық шеберлік негіздерін білумен шарттас. Бұл саланы зерттеуші ғалымдардың пікірінше педагогикалық шеберлік мынадай жүйелерге бөлінеді:
— педагогикалық іс — әрекеттегі гуманистік бағыттылығы;
— педагогикалық кәсіби білгірлігі;
— педагогикалық іс- әрекеттеке бейімділігі;
— педагогикалық техникасы.
Бұл аталған педагогикалық шеберлік жүйелері бір-бірімен тығыз байланыста жүзеге асады.
Зерттеу жүргізген ғалымдардың пікірінше, педагогикалық шеберлік жөніндегі ғылыми–зерттеу пайымдаулар мыналар: — пеадагогикалық мақсаттылық, бағыттылық;
— тәрбие мен білім беру ісінің нәтижелілігі;
— әдістерді, құралдарды қолдана білудегі үйлесімділік;
— іс—әрекет мазмұнының шығармашылық сипат алуы. Сонымен қатар әлеуметтік – қоғамдық өмірдің жаңаруына байланысты кәсіптік педагогикалық шеберлік деңгейіде дамуы тиіс. Педагогикалық кәсіптік шеберлікті дамыту міндеттер:
1. Педагогикалық білім бірлігі;
2. Педагогикалық кәсіпке бейімділігі;
3. Ситуацияларды меңгеру;
4. Балалардың психологиялық жағдайын меңгеру.
Достарыңызбен бөлісу: |