Сонымен, қорытындылай келе, дүниетану пәнінде оқушылардың адамгершілік мәдениетін қалыптастыру эксперименті оңды нәтиже беріп, зерттеу болжамы дәлелденді
Байланысты: АДАМГЕРШIЛIК МӘДЕНИЕТI ҰҒЫМЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ – ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Сонымен, қорытындылай келе, дүниетану пәнінде оқушылардың адамгершілік мәдениетін қалыптастыру эксперименті оңды нәтиже беріп, зерттеу болжамы дәлелденді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Соңғы кездері еліміздің қоғамдық өміріндегі елеулі өзгірістердің бірі білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар екені белгілі. Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында Қазақстан халқының білімі мен әл-ауқатын арттыруға, жас ұрпақтың рухани адамгершілігін жетілдіру мәселелеріне тың көзқарастардың қажеттігіне басты назар аударған.
Сондықтан да, ұрпақ тәрбиесіндегі көкейтесті мәселелердің бірі – жетілген, адамгершілік мәдениеті қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу.
Бастауыш мектеп – үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы сатысы ретінде өзінің белгілі қызметін атқарады.
Бастауыш сынып оқушыларының бойында жалпы адамгершілік қалыптармен гуманистік, моральдық, қайырымдылық, ізгілік, өзара түсінушілік, ізеттілік, кішіпейілділік, адалдық, сыпайылық тәрізді қасиеттерді сіңіріп, олардың өзара қарым-қатынас мәдениеті мен қоршаған ортамен қарым-қатынасына мән беруіміз керек. Осыларды ескере отырып, бастауыш сынып оқушыларының дүниетану пәнінде адамгершілік мәдениетін қалыптастыруды және әр сабақпен ұштастыру, бастауыш мектеп мұғалімінен ізденістерді талап етеді. Өйткені оқу мен тәрбие тығыз байланысты екені баршамызға мәлім. Бастауыш сынып оқушыларын сабақ барысында тәрбиелеудің - өзіндік ерекшеліктері бар, күрделі үрдіс. Оқу үрдісіндегі тәрбие міндетін іске асырудағы қиындықтың бірі сыныптағы оқушылардың адамгершілік түсініктерінің әр түрлі болуында және де тәрбие күрделі үрдіс болғандықтан, бір сабақта баланы адалдыққа, қайырымдылыққа, батылдыққа, шындыққа тәрбиелеу мүмкін емес.
Дегенмен мынадай қорытынды жасауға болады: бастауыш және орта білім жүйесінде адамгершілік мәдениетінің негізгі мәселелерін басым бағытта оқып-үйрену әлі күнге дейін педагогика ғылымының және білім берудің қазақстандық тәжірибесінде өте аз, жоққа тән. Осыған орай мен зерттеу нысанасына сүйене отырып оқыту барысында адамгершілік-рухани негіздерін қалыптастырудың мәселелік-бағдарлы міндеттерін оқып-үйренуге болады деп ойлаймын.
-Оқыту мен тәрбиелеу және оқушылардың даму жоспарларын қолдау психопедагогикалық қана емес, адамгершілік-этикалық және рухани-адамгершілік ұстаным болып табылады.
- Білімді меңгеру, техникасы мен технологиясын іске қосу, білік пен дағдыны игеру бастауыш сынып оқушыларының ерекшеліктерін дамыту үшін қосымша сыныптан тыс жағдайды жасауды қажет етеді.
-Бұл көрсетілген міндеттерді бір мезгілде шешу білім беру мәдениетінің маңызды бір бөлігі ретінде оқушылардың адамгершілік мәдениеті білімінің үйлесімді қалыптасуына, сапалық және сандық өсуіне мүмкіндік береді.
Оқушы мектепке білім алуға келіп, сабақ барысында олар еңбек етуге, қайырымдылыққа, адалдыққа тәрбиеленеді.
Қорыта келгенде, сабақ үрдісіндегі оқушының тұлғалық қасиетін тәрбиелеуде мынадай ерекшеліктерді ескеруіміз керек:
оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы арқылы оқушы дүниетанымы қалыптасып, баланың ақыл-парасаты толысып, еңбекке, рухани-адамгершілік деңгейі біртіндеп дамитынын ескеру;
сабақ тақырыбына жай ұлттық педагогика элементтерін оқушының адамгершілігін арттыруға тиімділігін көрсету.
Дипломдық жұмысты жазу барысында бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік мәдениетін қалыптастыруда тиімді әдіс-тәсілдерді анықталды. Яғни ұлттық әдет-ғұрып, қазақи қасеттерімізді бойына сіңірген ұрпақтың адамгершілік қасиеттері зор деуге болады.
Дипломдық жұмыстың І-тарауында педагогика-психологиялық әдебиеттерді зерттеп адамгершілік мәдениеті жайлы ғалымдар ой-пікірін талдадым. ІІ-тарауда озат мұғалімдердің іс-тәжірибесін зерттеп дүниетану сабағында оқушылардың адамгершілік мәдениетін қалыптастыру үрдісінде ұлттық педагогика элементтерін қолдану тиімділігін анықтадым. 2-сыныпта эксперимент жұмысы жүргізілді.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Горащенко В.П. Табиғаттанудан сабақ беру методикасы/ В.П. Горащенко– А.: Просвещение, 1977 – 39 б.
Жұмабаев М. Педагогика / М. Жұмабаев– А.: Рауан, 1993
Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2030/ Назарбаев Н.Ә. – А.: 1997
Ушинский К.Д. Человек как предмет воспитания/ К.Д. Ушинский– М. Просвещение, 1977
Табиғаттануды оқыту және балап тәрбиесi: - А.: Мектеп, 1985
Богословский В.В. Жалпы психология / В.В. Богословский– А.: Мектеп, 1995
Қоянбаев Ж.Б Педагогика / Ж.Б Қоянбаев– Астана.:1998
Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики / А.Н Леонтьев. 1972
Занков В.В. Избранные педагигические труды / В.В. Занков– М.:1990
Рубинштейн С.Л Избранные психологические труды / С.Л Рубинштейн–М.: Просвещение, 1960
Выготский Л.С Проблемы возрастных периодизаций детского развития / Л.С Выготский – М.: Наука, 1972
Табылдиев Ә Әдеп әліппесі/ Ә. Табылдиев – А.: Мектеп, 1997
Қазақ совет энциклопедиясы. 6т. – А.: Білім.: 1975
Алтынсарин Ы Таза бұлақ/ Ы Алтынсарин – А.: Білім.: 1990
Елекбаев Н. Ұлттық психология/ Н. Елекбаев– А.: Білім.: 1992
Ушинский К.Д. Дидактика 2т/ К.Д. Ушинский– М.: Педагогика, 1983
Примерное содержание воспитания школьников. – М.: Просвещение, 1971
Ильина Т.А. Педагогика/ Т.А. Ильина– А.: Мектеп, 1977
Макаренко А.С. Педагогика индивидуального действия/ А.С. Макаренко– М.: Книга, 1960
Адамгершілікке тәрбиелеу әліппесі. – А.: Мектеп, 1975
Каженбаева С. Табиғатты қорғау/ С. Каженбаева– А.: Ана тілі, 1992
Сәттімбеков Р. Табиғатты қорғау / Р. Сәттімбеков– А.: Рауан, 1992
Молдагалиева Р.Т. Жаратылыстану негіздері мен дүниетануды оқыту әдістемесі/ Р.Т Молдагалиева– Астана, 2003
Блонский П.П. Избранные педагогические произведения / П.П. Блонский– М.: Прсвещение, 1961
Тоқамбаева Н. Оқыту процесіндегі бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс - әрекетін дамыту/ Н. Тоқамбаева // Ізденіс – Поиск, 1998,№2
Бастауыш класс мұғалімдерінің іс-тәжірібиесінен. – А.: Мектеп, 1974
Филоненко-Алексеева И.А. Практикум по методике преподавания природоведения/ И.А. Филоненко-Алексеева М.: 1982
Білдебаев Т. Қазіргі заман ұғымдары мен терминдерінің түсіндірме сөздігі/ Т. Білдебаев– А.: Сөздік, 2001
Зиглер Л. Теория личности / Л. Зиглер– М.: Питер, 1999
Адлер А Воспитание детей / А Адлер– М.: Наука, 1986
Нұрғалиев О. Адамгершілік асыл қасиет/ О. Нұрғалиев– А.: Қазақстан, 1978
Качество педагогического образования: проблемы и перспективы развития. – А.: КАЗНПУ, 2004
- Аман-саусыз ба?
- Аман –сау болыңыз
- Аман-есенсіз бе?
- Аман –есен болыңыз
-Ассалаумалейкум
- Уа алайкум ас салам
Яғни:
Сізге амандық тілеймін
Сізге де амандық тілеймін –деген сөз.
Алланың нұры жаусын
Мұғалім: Міне, балалар, сәлем - әдептіліктің белгісі екен. Сәлемдесу кездескен адамдардың бір-бірінің амандығын біліп, қуанышқа бөлінуі, бір-біріне аман-саулық тілеп тілектестігін білдіруі, яғни ізеттілік пен әдептіліктің нышанын көрсетіп, тәуліктің үш мезгілінде де әрбір адам қайырлы таң, қайырлы күн, қайырлы кеш деген сөздерді амандасуға қосып, бір-бірімен ақ жарқын амандасуға тиісті екен.
Ал енді сәлемдескенде қандай қасиеттен аулақ болу керек және нені есте сақтау керек екен.
Оқушылар жауабы:
1-оқушы: Жасы үлкендермен немесе қыз баламен амандасқанда бірінші болып қол ұсынба. Олардың өздері қол бергенше күте тұр. Үлкен кісімен сөйлескенде, қолыңды қалтаңа салып тұрма.
2-оқушы: Сәлемдескен шақта бас киміңді ал да, қол алысып болғанша киюші болма.
3-оқушы: Үлкен кісімен сәлемдескенде ізетті, әдепті бол.
4-оқушы: Кішімен кішіпейіл, ақжарқын сәлемдесу керек.
Сергіту сәті «Қыздар тобында» би
Әдептіліктің тағы қандай түрлерін білесің? Тақтадағы сурет бойынша жұмыс
1-оқушы: Таңертең белгілі уақытта сағаттың қоңырауынсыз өзін тұруға дағдылан ережемен тұрғанда, төсек орнынды өзін жинап әдеттен.
Ойыншықтарыңды, кітаптарыңды, басқа да керекті заттарыңды белгілі бір орынға қоятын бол. Сонда керекті затыңды оп-оңай тауып аласың.
2-оқушы: күнде таңертең, кеште беті-қолыңды, мойныңды жууға дағдылан. Даладан келгенде қол жууды ұмытпа. Күнде ұйықтар алдында аяғынды жуып жат.
Тісіңді таңертең бір, кешке бір тазала. Тіс арасында тұрып қалған тағам қалдықтарына зиянды бактериялар ұялайтынын ұмытпа.
Әркімнің өзінің тіс тазалайтын ысқышы, орамалы болуы керек.
3-оқушы: киімнің қарапайым ықшамды болсын. Киімді әр адам жасына қарай киген жөн. Үлкендер тағатын әшекейдің жас балаларға қажеті жоқ. Адамның басты көркі – тазалығы мен мұнтаздығы. Жақсылап үтіктелген киім адамның үстіне көрікті көрінеді.
Киімді шешіп іліп қоюды көрсету (бір оқушы)
4- оқушы: жақсылап сүртілген, тазартылған көнелеу бәтеңкең шаң басып кірленген жаңа аяқ киімнен артық.
Кешке пальтоң мен аяқ киімді тазалап, галошыңды немесе бәтеңкеңді жуып қоюды ұмытпа.
5-оқушы: тағамда асықпай, жайлап іш. Ұртыңды толтырып алып сөйлеуші болма. Тамақты сораптамай іш. Тарелкаңды қасықпен тықылдатпа.
Тамақ ішіп отырып кітап, газет оқушы болма.
Нанды үгітпей қабығына дейін же, нанның қадірін ешқашан ұмытпа.
6-оқушы: дастархан жасадың мәзірін көрсету.
1. тағамдарды орналастыру
2. шаңышқы мен пышақ қалай тұру керек?
3 столға қалай отыру керек екенін көрсету
Тағам дайындайтын кісінің киімі қандай болуы керек (бас киім, алжапқыш).
7-оқушы: ұйықтар алдында бір сағат таза ауада қыдырып, ойна немесе ата-анаңа көмектес.
Қыста бөлмеңді күніне үш рет желдетіп ал, ал жаздыгүні терезені ашып қойып жат.
Күнде таңертең жаттығу жаса. Одан кейін дымқыл сүлгімен сүртін немесе салқын душқа түс.
сабағымызды қорытындылай келе, қандай мақал – мәтелдер білесіңдер (әдептілік, әдемілікке)
әдептілікке байланысты қандай сөздер білесіңдер?
Мұғалім: міне, балалар, біз сендермен баланың әдепті, әдемі болып өсуіне көптеген мысалдар келтірдік. Қазақта: «Тірі адам тіршілігін жасайды» деген мақал бар. Тіршіліктің қисыны, тіршіліктің тәртібі, әдебі бар. әрбір адамның негізгі тіршіліктері: ұйықтау, ояну, киіну, жуыну, сергу, еңбек ету, тынығу. әрбір тіршіліктің өз тегі, қалпы, тәртібі бар.
«Әбілет басқанды ұйқы басады» деп халқымыз бекер айтпаған. Ұйқы, қалпынан аса, ол ауру. әсіресе жас баланың ұйқысы қанық болу керек. Бірақ қалпынан аспау керек. әрбір әдепті адам уақытында жатып, дер кезінде тұру керек.
Астың алдында ас ішкен соң ауыз шаю, қол жуу әдепке айналуы керек. әдеп дағдыланса, ол дәстүрге, әдепке айналады.
Әрбір адамның сымбаттығы, әдемілігін киім айқындап тұрады. Киімнің жарасымды, үйлесімді болуы көбінесе жеке бастың киіне білуіне байланысты. Жалдың әр мезгілінде киілетін киімдерін өз ретімен киген жөн.
«Тәні саудың – жаны сау». «Шынықсаң шымыр боласң». «Тазалық – денсаулық кепілі» деген сөздерді халық өз ұрпағынын құлағына ұлағатты сөздерді сіңіріп (отырады) өсіреді. Ерте тұрып еріңбей жүгіріп жаттығу жасап, жанын сергіткен адам өзіне - өзі жақсылық жасайды. өз уақынды дұрыс пайдаланып осыц айтылғандардың (өміріне пйдаланып) барлығын бағытқа алып орындаған адам, яғни ұл балалар әдепті де, әдемі жігіт болып, қыз балар көкіне сай инабатты, әдемі, әдепті бойжеткен болып өседі.
Менің сендерге тілейтінім: сен өз басыңа қызмет ете алмасаң, яғни өмірде қалыптасқан қағидалармен әдептілік рәсімдерін орындамасаң, кісілікке бастайтын көп әдептілікті орындамай, опық жейсін. Сондықтан да барлық айтылғандарды есіңе сақтап, адам болуға, азамат болуға ұмтыл.
Дәптер, еңбек сабақтары жайлы айта кету. «Біз бақытты балдырғандар» - әнін хормен орындау.
ТІРКЕМЕ Ә
Тіршілік атаулыны сүйе білу
Этикалық әңгіме
«Ит өршелене түсті»
Ит басын алдындағы аяқтарына салып жатып өршелене үрді.Оның тура алдында дуалға жабысып, бүрісіп мысықтың баласы отыр. Ол жалынышты мияулайды. Ал оның жанында, талас немен тынар екендей, оны қызықтап екі бала тұр. Бір әйел мұны терезеден көре сала, далаға жүгіріп шықты. Ол итті қуып жіберіп, балаларға кейіп:
-Ұялсаңдаршы! – деді.
-Неменеге ұяламыз. Біз ештеңе істеген жоқпы, -деді балалар таңданып.
- Сол ештеңе істемегендерің ұят-ақ, - деді ызалы әйел.
ТІРКЕМЕ Б
Тату жұмыс істеу ережелері
1 Жолдастарыңмен жұмыстың жоспары мен орындалу мерзімі туралы анықтап келіс;
2 Жұмысты өзара әркім не істейтінін анық білетіндей етіп бөліңдер;
3 Кім не істей алады, не істегісі келетінін ескеріңдер;
4 Әркім өз жұмысын мерзіміне және шама келгенше жақсы орындайды;
5 Жұмыстың өзің жақ бөлігін ғана емес, бүкіл бөлігін есте ұста.
6 Әркім адал істеуі керек.
7 Жұмыс барысында басқалардың қалай істеп жатқанын біл;
8 Кімнің жұмысы өнбесе, оған көмектес;
9 Өзің де басқалардың ақылын тыңдай біл.