QR (шұғыл жауап) – мобильді телефонның камерасы арқылы жылдам тану үшін ақпарат беретін, екі өлшемді штрих-код. QR-кодтың көмегімен кез келген ақпаратты кодтауға болады. Мысалы, мәтін, телефон нөмірі, сайттың сілтемелері немесе визит карточкасы.
Планшет (тақтайша) – топографиялық суретке түсіруге арналған аспаптар жиынтығына кіретін тегіс төртбұрышты ағаш тақта және тақтаны үш аяқты мосыға бекітуге арналған құрылғы.
Смартфон (ақылды телефон) – ұялы телефонның сөйлесу мүмкіндіктері мен қалта компьютерінің интернетке шығу, файлдармен жұмыс істеу, пошта тәрізді мүмкіндіктерімен біріктірілген гибрид техника. Смартфонның ұялы телефоннан айырмашылығы – оның амалдық жүйесі болады.
ГЛОССАРИЙ
Автопортрет – адамның өз келбетін өзі бейнелеуі.
Акварель – суға жақсы еритін бояу.
Абажа(асадал) – ас тағамдарын сақтайтын сандықтың бір түрі.
Абдыра – көрпе-жастық, киім-кешек салатын үлкен сандық.
Абстракционизм (ағылшын тілінен аударғанда abstractio – дерексіздік, бөлініс, оқшаулық) – қазіргі заман өнеріндегі қоршаған ортаны бейнелеуде нақты қатарды ескермейтін ағым.
Авангардизм – ХХ ғасырдағы көркемсурет өнеріндегі шартты атау.
Автогравюра – гравюра, ағаш, линолеум немесе металдың бетіне автордың өзі орындайтын әдіс.
Адалбақан – шаңырақты көтеруге және киім ілуге арналған бақан.
Акрополь – биік жерге бекініспен орнатылып салынған Ежелгі Грекия қалаларының орталық бөлігі.
Акцент – көрерменнің назарын әдейі аудару үшін бейнелеуде қолданылатын тәсіл.
Анатомия – тәнтану ғылымы.
Анималистика – хайуанаттарды, жан-жануарларды бейнелейтін шығармашылық жұмыс.
Архитектура – сәулет өнері.
Барельеф – сәл ғана шығыңқы бейнелерді көрсететін мүсіннің түрі.
Батик – жібек матаға салынатын сурет.