Адамның тірек-қимыл жүйесі



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата19.11.2023
өлшемі275,29 Kb.
#124897
  1   2   3   4
Байланысты:
stud.kz-3801



АДАМНЫҢ ТІРЕК-ҚИМЫЛ ЖҮЙЕСІ
ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Тірек-қимыл жүйесінің маңызы. Барлық тірі организмдерге
тән қасиет – қимыл-қозғалыс. Қимыл-қозғалыс организмнің
өсіп, дамуына әсер етеді. Оның адам денсаулығын
сақтаудағы маңызы аса зор. 
Қаңқа мен бұлщық ет тірек-қимыл жүйесін құрады. Тірек-
қимыл жүйесі тіректік, қозғалтқыш және қорғаныш
қызметтерін атқарады.
Адамның қаңқасы. Адамның қаңқасында 200-ден астам
сүйек бар. Қаңқаны омыртқа жотасы, кеуде қуысы, бас сүйек,
иық, жамбас белдеулері, аяқ-қол сүйектері құрайды. 
Сүйектің пішіні және оның үлкен-кішілігі, олардың
орналасуына және атқаратын қызметіне байланысты.
Сүйектердің кейбіреулері мүшелерді қозғалысқа келтіретін
иін, екінші біреулері тірек қызметін атқарады. Сүйектердің
бір-бірімен дәнекер ұлпасы арқылы немесе шеміршекпен
байланысуын
жалғасу
дейді. Омыртқа жотасы бір-бірімен
осылай байланысады. Дәнекер ұлпаның иірімделген жұқа
қабаты сүйекті өзара тығыз, мықты етіп байланыстырады.
Олардың аралығындағы шеміршек адам жүргенде, жұмыс
істегенде, дене селкілдегенде тиетін соққыны бәсеңдетеді. 
Тұлға қаңқасы – омыртқа жотасынан, қабырғалардың және
төстіктен тұрады. Омыртқа жотасы немесе омыртқа бағаны –
мойын, арқа, бел, сегізкөз, құйымшақ болып бөлінеді.
Адамның омыртқа жотасы 4 иілімнен тұрады: оның екеуі алға
қарай, екеуі- артқа қарай иіледі (48-сурет).
Омыртқа жотасы 33-34 омыртқадан құралады. Әрбір
омыртқа денеден және бірнеше өсіндіден тұрады.


Омыртқалар бірігіп, жұлын жолын немесе жұлын өзегін
түзеді. Омыртқа жотасындағы өзекке жұлын орналасады.
Омыртқа доғасында бірнеше өсінді болады: артқы, екі
қарама-қарсы, екі жоғарғы және төменгі буын өсінділері (49-
сурет).
Омыртқа жотасының бірінші омыртқасы ауыз омыртқа
(атлант) деп аталады. Ауыз омыртқасында дене және
өсінділер болмайды, сондықтан оның пішіні сақина сияқты.


Оның екі ойығы бар, олар арқылы бас сүйегіне жалғасады
(50-сурет). 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет