АДАМНЫҢ ТІРЕК-ҚИМЫЛ ЖҮЙЕСІ
ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Тірек-қимыл жүйесінің маңызы. Барлық тірі организмдерге
тән қасиет – қимыл-қозғалыс. Қимыл-қозғалыс организмнің
өсіп, дамуына әсер етеді.
Оның адам денсаулығын
сақтаудағы маңызы аса зор.
Қаңқа мен бұлщық ет тірек-қимыл жүйесін құрады. Тірек-
қимыл жүйесі тіректік,
қозғалтқыш және қорғаныш
қызметтерін атқарады.
Адамның қаңқасы. Адамның қаңқасында 200-ден астам
сүйек бар. Қаңқаны омыртқа жотасы, кеуде қуысы, бас сүйек,
иық, жамбас белдеулері, аяқ-қол сүйектері құрайды.
Сүйектің пішіні және оның үлкен-кішілігі, олардың
орналасуына және атқаратын қызметіне байланысты.
Сүйектердің кейбіреулері мүшелерді қозғалысқа келтіретін
иін, екінші біреулері тірек қызметін атқарады. Сүйектердің
бір-бірімен дәнекер ұлпасы
арқылы немесе шеміршекпен
байланысуын
жалғасу
дейді. Омыртқа жотасы бір-бірімен
осылай байланысады. Дәнекер
ұлпаның иірімделген жұқа
қабаты сүйекті өзара тығыз, мықты етіп байланыстырады.
Олардың аралығындағы шеміршек адам жүргенде, жұмыс
істегенде, дене селкілдегенде тиетін соққыны бәсеңдетеді.
Тұлға қаңқасы – омыртқа жотасынан, қабырғалардың және
төстіктен тұрады. Омыртқа жотасы немесе омыртқа бағаны –
мойын, арқа, бел,
сегізкөз, құйымшақ болып бөлінеді.
Адамның омыртқа жотасы 4 иілімнен тұрады: оның екеуі алға
қарай, екеуі- артқа қарай иіледі (48-сурет).
Омыртқа жотасы 33-34 омыртқадан құралады. Әрбір
омыртқа денеден және бірнеше өсіндіден тұрады.
Омыртқалар бірігіп, жұлын жолын немесе жұлын өзегін
түзеді. Омыртқа жотасындағы өзекке жұлын орналасады.
Омыртқа доғасында бірнеше өсінді болады: артқы, екі
қарама-қарсы, екі жоғарғы және төменгі буын өсінділері (49-
сурет).
Омыртқа жотасының бірінші
омыртқасы ауыз омыртқа
(атлант) деп аталады. Ауыз омыртқасында дене және
өсінділер
болмайды, сондықтан оның пішіні сақина сияқты.
Оның екі ойығы бар, олар арқылы бас сүйегіне
жалғасады
(50-сурет).