44
Ақсайда арман жастанам,
Кеңірек сайға асықпай,
Бір самғап алып аспаннан
Түсе алмай қалған ғашықтай.
Ақынның бұл өлеңінде мәтін лингвистикасы тұрғысынан назар аударарлық
біраз ерекшеліктер бар: Алматының бір тұрғын ауданындағы көп қабатты үйде
тұратын ақын үшін жеті қат көк тіркесінің маңызы ерекше, себебі осы тіркестің
кумулятивтік мәніне орай ақынның тұратын қабаты да, оның өр, басқалардан
ерекше мінезі де тұспалданады.
ІІІ шумақтың бірінші, екінші жолдары да түсінікті қажет етеді: үйімде
сөзін анықтап тұрған жұлдызға жақын жайылма эпитеті мен эпитеттің өзіне
теңеу боп тұрған қиял сөзінің семантикасы бір-біріне қабаттасуынан күрделі
ассоциация пайда болады. Өлең жолдарын түсіндіру, әрине, аса жақсы іс емес,
дегенмен осы екі жолдың семантикасы орыс халқының «Лучше синица в руках,
чем журавль в небе» мақалын еске түсіреді және оны жоққа шығарады, себебі
ешқандай уәжсіз «қияр» сөзінің қолдануы қисынға сыймайды, ал қиял мен
сыртқы тұлғасы, яғни дыбысталуы ұқсас қиярдың түрі – жасыл, оның қазақ
ұғымында көк деп те атала беретіні аян. Сондықтан сөздің сыртқы формасы
мен мағынасы арқылы туатын ассоциация аталған сөз қолданысы үшін уәжді.
Ақынның лирикалық «мені» тиінге теңелуі де тегін емес: осы сөздің бойындағы
номинативті, кумулятивті мағына арқылы таза, үркек, сезімтал адамның
бейнесі беріледі, оксюморондық ең бай кедей, синкреттік өзімді де
үнемдемеймін тіркестері де өлеңнің соңғы шумағына апарар баспалдақ: таза,
асқақ, сезімтал, арманшыл ақынның өмір мәнін, құнын түсінетінінің,
бағалайтынының дәлелі.
Осы соңғы шумақтағы
Достарыңызбен бөлісу: