Адамзат дамуыныњ єр кезењі ѓылым мен мєдениеттіњ, єдебиеттіњ ќалыптасуы,µркендеуі, зерттелуі туралы µзіндік пікірлерімен ерекшеленіп, жања баѓыттар, жања танымдыќ аппарат пен жања терминология тудырып отыратыны белгілі



Pdf көрінісі
бет32/136
Дата10.12.2023
өлшемі2,63 Mb.
#135603
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   136
Байланысты:
Adilova korkem matin

Шыдайды риза болып жар ісіне... 
Бұл интертекст Төлегеннің өзіне де, авторға да, оқырманға да оны 
мінездеуге мүмкіндік береді. Себебі қарама-қайшы түрлі сезімдердің 
шарпысуын, күресін көрсететін өлеңді таңдау Төлегеннің білім-парасатын
рухани дүниесінің жан-жақтылығын, жоғарылығын танытады. Екі адамның 
арасындағы қарым-қатынас Зияның әңгімесі мен Төлегеннің хатында қатар, 
параллель, бірақ екі адамның көзқарасымен суреттелгендіктен, оқырманның 
бұл екеуі туралы пікірі толық болады. Әсіресе Зияның образын ашуға хаттағы 
эмоционалды-экспрессивті лексика, контраст, графикалық тәсілдердің 
ақпараттығы көп қызмет етеді. Әңгімедегі хат ішкі интертекст болса, Абай 
өлеңі – сыртқы интертекст. Автор оқырманның тілдік құзіретіне күмәнді, 
сондықтан да өз кейіпкеріне өлең иесін ататып, түсіндірме жасатады. 
«Қара қыз» повесінің хатпен басталып, хатпен аяқталуының автор үшін де, 
оқырман үшін де айрықша маңызы бар. Басты кейіпкер Бексейіт өмірінің ең бір 
әдемі, ең бір қызық, ең бір қайталанбас шағынан тікелей хабар беретін – 
Айгүлдің хаты. Айгүл хатының қарапайымдылығы, ешқандай әсіресіз, бүкпесіз 
шыншылдығы 
Бексейіттің 
кейінгі 
өмірінде 
қалыптасқан 
қасаңдық, 
жасандылық, тіпті мәнсіздікті көрсететін бірден-бір дерек. Өйткені аталған 
жағымсыз жағдайлардың ешқайсысы повестің мазмұндық-нақты ақпарында 
эксплицитті түрде берілмеген. Бұл хат арқылы есіне түскен, қайта оралмас 
жастық шақ елесіне Абай жолдарымен іздеу салуы уәжді шыққан, себебі 
Бексейіт бұл арада ойын өзінен де артық, өзінен де әсерлі беретін дайын өлең 
жолдарының әсер-қуатын пайдаланған. Айгүл хатының кейіпкердің жан-
дүниесіне өзгеше әсер еткенін сол хаттағы соңғы жолдардың Бексейіт пен 
Гүлжиһан арасындағы ұзақ та ішкі тартысты диалогтен кейін қайталануы 
танытады:
«Мынау – Секітайдың қолы...»
«...өзіңіздің ақ-адал қосағыңыз Айгүл
». 
Бұл фрагменттер оның орындалмаған, орындалмас арманының 
проспекциясы, сондықтан кейін повесть семантикасында алға ұсынылуы тиіс 
деп түсінілуі керек және бұл Бексейіт өмірінің сұрағы деуге болады. Ал повесть 
соңындағы хат осы сұрақтың жауабын береді, яғни бірінші хат соңындағы 
Секітай қолы соңғы хатта өзектендірілген. Графикалық тәсілдермен бөлінген 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


49 
хаттар арқылы жазушы сөйлеу субъектісін өзгерткен, яғни повестің тұтас 
құрылымы диалогке құрылған: Айгүл – Бексейіт, Бексейіт – оқырман, мәтін – 
оқырман, Бексейіт – Тілеужан, ал бұлардың барлығы автор – оқырман, мәтін – 
оқырман арасындағы макродиалогтің құраушылары. Мұның өзі М.М. 
Бахтиннің «өзі» және «бөгденің» диалогі тұжырымының дәлелі, ал ол 
интертекстуалды элементтер арқылы көрінетіні сөзсіз.
Бексейіттің жастық шағы біртұтас дүние болса, Айгүл хаты соның бір 
бөлшегі, яғни повесть семантикасы мен хат арасында метонимиялық байланыс 
бары даусыз. 
Соңғы хатта Бексейіттің жастық шағында айтылған бір ойы ұсыну 
қағидатына сәйкес өзектенген. Оқырман Тілеужан хатынан Айгүлдің «Горный 
гигант» колхозының желкесіндегі мұсылман зиратына жерленгенін біледі. 
Субъективті ретроспекция арқылы ол Т.Шевченконың екі жолын оқыған 
Бексейітті еске түсіріп, оның бір ауыз сөзін ұмытпаған Айгүл хатындағы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет