50
тән құжаттар деп екіге бөлуге болады. Олардың алғашқыларына түрлі заңдар,
жарғылар, нұсқаулықтар, ұжымның ішкі құжаттары жатса, соңғыларына
адамның өмірбаяны, жеке іс парағы, қолхат, сенімхат, өтініш, шағым т.б. кіреді.
Бұл бөліністің шартты болатын себебі –
құжаттар екі жақты, яғни адам мен
қоғам арасындағы коммуникацияны қамтамасыз етеді.
Жеке адамға қажетті іс қағаздары типтік және трафареттік деп
бөлінетіндіктен, соңғыларының мәтіні көбіне арнайы бланктер арқылы беріліп,
қысқа да дәл, ешқандай эмоционалдық сипаты жоқ сұрақ-жауаптардан
негізделеді.. Сондықтан да ресми іс қағаздары стиліндегі құжаттардың тілі
жансыз, құрғақ кеңсе тілі деп аталатыны заңды. Алайда осы ресми іс қағаздары
стиліне жататын кейбір құжаттардың құрылымдық-семантикалық
бірлігі
претекст ретінде алынып, көркем әдебиетте жиі қолданылатыны байқалады.
Әсіресе прозалық шығармаларда түрлі стильдік мақсатта әр қилы анықтамалар,
қолхаттар, хаттамалар, баяндау хаттар келтіріледі. Бұл құжаттар кейде реалды,
яғни шын мәнінде өмірде, тарихта болған болса (көбіне тарихи тақырыптарға
жазылған көркем шығармаларда), кейде автордың қиялынан туындайды.
Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: