«...Іс ыңғайын аңдаған үлкендер көлденең әңгімеге көшкен. Қысыр сөз емес, бәрін толғантқан, көбінің көңіліне қауіп ұялатқан оқиғалар төңірегіндегі кеңес. Көктемнен бері шұбырған – босқындар ғана көрінеді. Ақтардың қалың тобы әлі ішкі жақта. Қаржысып, аянбай соғысып жатыр деседі. Бірақ қызылдардың тегеурініне шыдамайтын тәрізді. Ортасынан ойылып, сөгіле қашыпты деген лақап та бар. Қарқаралыға ілініпті-міс. Осы Бұлғыртау өңіріне, әйтпесе, әрірек асып, Нарын жақта бекінбек. Күш жинап, қырғын соғыс жасамақ. ... Тоқсаба бұл әңгімелердің ешқайсысын көңіл қойып тыңдамады. ...
» Қаламгер әңгімеге қатысып отырған белгісіз тұлғалардың сөзін жалпылап,
қауесетті ретроспекция және проспекция ретінде пайдаланады, яғни романның
мазмұндық-нақты
ақпарына
енгізіп,
мазмұндық-концептуалды
және
мазмұндық-астарлы ақпарды, текст модальділігін түзуге жұмсайды. Ал негізгі
кейіпкер Тоқсабаның реакциясы оның алда болатын оқиғалар мен сол оқиғалар
арқылы туындайтын әр алуан сезім күйлеріне, жай-қалпына контраст
тудыратынын көрсету үшін нақтыланған.
Көркем мәтінде, ресми коммуникациядағыдай, қауесетті жоққа
шығарушылар көрінбейді, керісінше, оны өсіріп айтушылар мен растаушылар
бар. Растаушылардың жағымсыз бағалауы
лақап сөзі, белгісіздікті білдіретін
лексика-морфологиялық индикаторлар (көрінеді, деседі, ілініпті-міс) арқылы
аңғарылады.
Автордың қауесетті таратушыларға көзқарасын танытатын - төмендегі
күрделі парцеллят баяндауыш:
«Тамсана отырып, көзімен көргендерден естіген хикаясын айтып шықты». Осы қаламгердің «Алтыбақаннан соң» әңгімесінде де қауесет
қолданылады. Сөйлеу субъектісін белгісіз адамдармен өзгерту арқылы
автордың өз кейіпкеріне деген екіұдай көзқарасының жақтырмауға ауысқаны
қауесет пен оны таратушыларды қандай сөздермен вербалдағанынан, яғни сол
айтушыларға деген пікірінен сатыланып байқалады: басында бейтарап реңкті