өсек, қаңқу сөздер қаулады , ал –
өсекші айтты :
әлгі сұлу ауладан
шықты деді егіз бала көтеріп
дәл өзінен аумаған.
Таң қалысты сенгіш, аңқау-әңгі көп,
«қай уақытта»,
«қалай болып» қалды деп.
Тек, қыз бейқам.
Көзге іліккен адамға аса обал, ә -
Күйеу қайда?
Қызда күйеу бола ма?
Көрініп ед беті теңбіл, белі тоқ...
Ойбай, десті ел, бәлесі бар, жолама.
Сырттай сүйіп атағанмен жорта атын
кезіккенде-мінезінен қорқатын,
зиялы елдің жігіттері мен-мен кіл
«бәлесінен» қорқатұғын болды енді.
Өсекші айтты - тағы сендік біз бастап -
екі бала - үшеу болды бір күні,
бұрынғыдай қайқимайды кірпігі,
көрдіңдер ме, қарамайды қыз да асқақ-
десті, десті, десті жұрт ...
Алғашқы екеу қалған шақта ес біліп,
ұмытылғанда алғашқы өсек ескіріп, балалардың бойы ғана емес,
саны өсіп,
бесеу бопты
деген хабар естідік.
Тозды
десті ел қыздың сұлу беті ептеп;
бір баланы көтеріп,
бір баланы жетектеп,
кіріп-шығып жүред
десті сол баяғы ауладан
бес баламен дәл өзінен аумаған.
Баласы жоқ бірер әйел қызғанды,
бірер әйел аяп жүрді қызды әлгі,
өйткені олар бағалаушы еді шындықты:
-Бес бала, рас, өз баласы емес қой,
жасырын сыр бар ғой, десті, сұмдық бір!
Ал, көпшілік білмейтұғын ештеңе-
кешірімшіл де,
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У