«…Суретшіде ондай дүние бар. Жаңылмасам, «Алғашқы махаббат» деп аталады. -
Көлденең құлаған ағаш арқылы тау өзенінен қол ұстасып өтіп бара жатқан қыз бен жігіт пе? -
Тамаша. Жаңа ғана басылған жаңбыр… Найзағай түсіп құлаған қарағай… Жаңбыр да, найзағай да жоқ. Бірақ өз басыңнан өткеріп тұрғандай, өз көзіңмен көргендей сезінесің. Тіпті, бет бейнесі бұлдыр қыз бен жігіттің көңіл түпкіріндегі сырын танисың… Ғажап. Әйткенмен, менің айтып отырғаным басқа сурет. Жалғыз қыз. Аллеямен келе жатқан жалғыз қыз. Лекциядан немесе кітапханадан жаңа шыққан студентка. -Иә. Есіме түсті. Астындағы жазуын оқымаппын. Қызғылықты нәрсе. Суретшіміз мұны модернизмге бой ұрмай тұрған кезінде, ертеректе салды-ау деймін. Иә. Иә. Өте терең. Бірақ осы дүние кезінде көп сыналды. Қазір бәрі мақтайды» (М. Мағауин)
. Екі кейіпкердің әңгімесі арқылы екі бірдей сурет вербалданып тұр және
екеуі де реалды өмірде жоқ, демек, шығарма семантикасы үшін қаламгер өзі
ойынан шығарған. Жазушы өз шығармасына оқырман интерпретациясына
жәрдемдесер лексикалық құралдарды енгізетінін ескерсек, суретті автор өз
кейіпкерлеріне атаулы сөйлемдермен сипаттатады. «Негізгі мүшесі атау
тұлғалы зат есімнен болған атаулы сөйлемдер оқиғаны, бейнені қысқа
панорамды етіп хабарлау үшін» және «пікірді эмоциялы етіп білдірудің амалы
ретінде» [60, 674] жұмсалатындықтан, көркем туынды оқиғасы қай тақырыпта
өрбитінін эксплицитті түрде көрсетеді.
Д. Исабековтің «Қарғын» романындағы Бағиланың портреті де -
жазушының көңіл көзімен салынған туынды:
«Оның тұп-тұнық, бір түйір көмірдей қап-қара қарашығы мынау