Адамзат дамуыныњ єр кезењі ѓылым мен мєдениеттіњ, єдебиеттіњ ќалыптасуы,µркендеуі, зерттелуі туралы µзіндік пікірлерімен ерекшеленіп, жања баѓыттар, жања танымдыќ аппарат пен жања терминология тудырып отыратыны белгілі



Pdf көрінісі
бет12/136
Дата10.12.2023
өлшемі2,63 Mb.
#135603
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   136
Байланысты:
Adilova korkem matin

цитата, цитата сөз
деген терминдерді қолдануды жөн көреміз және 
алғашқы терминнің лексикографиялық мағынасын ұстансақ, екінші терминмен 
жалпы цитация қағидатымен мәтінге енгізілген бөгде сөзді атаймыз. Көркем 
әдебиетте 
цитация 
қағидатымен 
енгізілген 
фрагменттер 
көбіне 
трансформацияға түсіп жататындықтан, бұл екі терминнің ара жігін ажырату 
қажеттілігі туындайды. 
Қазақ филологиясында 
дәйексөз
(тілші ғалымдар Р. Сыздық, Б. Шалабай, 
А. Салқынбай, Қ. Күдеринова), 
дәйектеме
(әдебиетшілер З. Ахметов, Т. 
Бекниязов), 
цитата
(әдебиетші Т. Есембеков, тілші Ш. Жалмаханов) деп 
қолданылып жүрген ұғымды А. Байтұрсынов кезінде 
келтірінді сөйлемдер
деп 
атағаны белгілі [1, 309]. 
«Цитата» сөзі қазақ тіліндегі ғылыми әдебиеттерде осы уақытқа дейін 
бөгде сөздің бір түрі ретінде белгілі. 2002 жылы шыққан «Лингвистикалық 
түсіндірме сөздікте»: «Дәйексөз (цитата) – төл сөздің бір түрі. Д. Басқа біреудің 
айтқан пікірінен үзінді алынып, өзгертілмей беріледі. Д. Алыну тәртібі 
фунционалдық стильдердің түрлеріне байланысты әр түрлі болады. Ғылыми 
стильде автордың есімі, еңбегі, аты, шыққан қаласы мен баспасы айқын 
көрсетіледі. Публицистикалық стильде мұндай деректердің түзілуі шарт емес
со пікірді айтқан адамның аты-жөні дұрыс аталса жеткілікті» [59, 65] деген 
анықтама берілгенмен, мысалмен дәйектелмеген. Ал «Қазақ грамматикасында» 
цитата бөгде сөздердің қатарында қарастырылады, яғни «Адам сөйлегенде, я 
жазғанда сол өзі баяндап отырған мәселеге байланысты немесе соған қатысы 
бар басқа біреулердің сөзін, пікірін келтіретіні болады. Ондай келтірінді сөздер 
автор үшін басқа біреудің сөзі, яғни бөгде сөз болып табылады» [60, 732] деп 
анықталады. Бұл дефинициялардан байқалатыны – көркем мәтіндегі 
цитаталар, жалпы цитаталы жазу жөнінде ештеңе айтылмаған. Солай бола 
тұрса да осы анықтамалар мәтін теоретиктерінің бірі И.Р. Гальпериннің 
көзқарасымен үндес [61, 52]. Аталған барлық еңбектерде цитатаға берілген 
дефинициялар оның негізгі үш белгісін көрсетеді: 1) қандай да бір мәтіннен 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


27 
алынған үзінді немесе басқа біреудің сөзі; 2) оның сөзбе-сөз дәлдігі; 3) 
түпнұсқаға сілтеме. 
Жалпы алғанда, цитатаны диалогтің философиялық теориясының негізгі 
көрінісі деп қарастыруға болады. Цитата арқылы қаламгер өз шығармасындағы 
сөйлеу субъектісін өзгертіп, өз ойы мен кейіпкердің, қосалқы персонаждың 
көзқарасындағы айырмашылық, қайшылық, ортақтықтарды даралап, оның 
жаңа контекске бөтен екенін танытады. Цитатаның өзі мәтін болғандықтан, 
оның лексикалық құрамындағы сөздердің өздері лексикографиялық 
дефинициясынан басқаша күрделі мағынаға ие болып, өзі түскен контексімен 
қосылып, ұштасып, мүлде басқа контекст, ассоциация тудырады. Цитатаның 
мәтін ретінде өз бойында сақталған ақпарлардың бәрі жаңғырып, жанданып, 
өзектеніп, жаңа мәтінді түзуге, өзгертуге ықпал етеді, бірақ осы жаңа 
контекссіз цитатаның келтірінді құрылым екені білінбейді. Бұл, керісінше, 
цитата мен ол түскен жаңа контекстің бір-бірінен ажырағысыз байланыспен 
кірігіп кететінінің дәлелі.
Цитаталарды, әдетте, адам өз сөзін айшықтау үшін, ойын дәлелдеу үшін, 
ойын жалғастыру үшін, пікірін қорыту үшін, ойдың түрлі бөліктерін бір-
бірімен біріктіру үшін немесе белгілі бір пікірге өзінің қолдауын, қарсылығын, 
жоққа шығаруын, бағалауын білдіру үшін қолданады. Мысалы, «Қазақ 
халқының ауыз әдебиеті» сияқты іргелі зерттеудің бірінші кітабында мынадай 
цитата беріліп, оның кімдікі екені қыстырма сөзбен маркерленеді де, келесі 
абзац толығымен зерттеушінің осы пікірге өз көзқарасына арналады, яғни екі 
мәтін семантикасы арасында қайшылық бар: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет