Адамзат дамуыныњ єр кезењі ѓылым мен мєдениеттіњ, єдебиеттіњ ќалыптасуы,µркендеуі, зерттелуі туралы µзіндік пікірлерімен ерекшеленіп, жања баѓыттар, жања танымдыќ аппарат пен жања терминология тудырып отыратыны белгілі



Pdf көрінісі
бет13/136
Дата10.12.2023
өлшемі2,63 Mb.
#135603
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   136
Байланысты:
Adilova korkem matin

«Радловтың байқауынша
, Семей 
төңірегінде 
«... халық батырлығы туралы жырлар біртіндеп жоғалып, оның 
орнын исламның діни қаһармандарын дәріптейтін қиссалар басып барады». 
Іс жүзінде эпос қазақтың халық поэзиясында дербес жанр болып 
сақталды. Эпостың қазақ халық поэзиясындағы маңызын Радловтың бағалай 
алмауына біріншіден – кітап шыққан жерден эпос жойылады-мыс дейтін 
мифологиялық мектептің ықпалы тисе, екіншіден – қазақ фольклорының 
ғұмырын толық бақылай алмағандығы себеп болды» 
[62, 95].
 
Көркем шығармалардағы цитата бұлардан басқаша. Бір ғана мысал: 
Көп жазар ақын емен шүйде тілді, 
Қабыл ал қайырмастан ниетімді. 
Жауап жаз 
сөз сарасы - өлеңменен

Сол маған бәрінен де сыйға өтімді. 
Орыс тілінде жазылған ғылыми еңбектерде бөгде сөздердің 
цитата-
дефиниция, цитата-тұжырым, цитата-анықтама
[63], 
цитата-
иллюстрация, цитата-сілтеме 
[64] түрлері көрсетіліп, оларда жаңа ақпар 
берілмейтіні, тек ой-пікірді қорытуға, дәлелдеуге, нақтылауға, дәйектеуге, 
жалғастыруға қолданылатыны айтылады. Бұл пікірлер қазақ тіліндегі ғылыми 
стильде жазылған еңбектерде кездесетін цитаталарға да қатысты деп 
есептейміз. 
Цитата қазақ тіл білімінде көбіне пунктуация ережелеріне қатысты ғана сөз 
болып келеді [65; 66]. Ғылыми мәтінде цитатаның қолданылуы мен қызметі 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


28 
туралы пікір білдірген алғашқы еңбектердің қатарында Т. Есембековтің «Әдеби 
талдауға кіріспе» оқу құралы [67] мен Ш. Жалмахановтың «Қазақ тілінен 
дипломдық жұмыс» әдістемелік нұсқаулығын [68] атауға болады. 
Цитата қолдану, цитата сөз тек постмодернистік әдебиетке қатысты ғана 
емес, басқа да әдеби ағымға біріктірілетін көркем шығармаларда да кездесетіні 
байқалады.
Поэтика саласындағы белгілі маман К.Ф. Тарановскийдің мәтін талдаудағы 
подтекст немесе астарлы ой әдісіне байланысты [69] цитатаға көзқарас өзгерді. 
Бұл әдіс бойынша цитата тек психологиялық қана емес, семантикалық та 
құбылыс деп есептеліп, ол мәтіндегі түсініксіз жерлерді түсіндіруге қажетті 
теориялық ұғым ретінде қарастырыла бастады. Ресей және американдық 
филологтардың зерттеулері бойынша орыстың көптеген ақын-жазушыларының 
шығармашылығында ашық және жасырын түрдегі цитата сөздер жиі 
ұшырасады [70; 71; 72; 73; 74; 75; 76]. Бұл құбылыс қазіргі қазақ әдеби 
үдерісінде де байқалады. Мысалы: 
Байғазы етіп байлаған халқым маған,
Менің де 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет