33
Афоризмнің ықшамдылық, жинақылық, тосындық, қанаттылық сияқты
негізгі, басты белгілерімен қатар маңызды бір ерекшелігі, яғни авторы бар. Ал
афоризмнің
қысқалығы, ықшамдығы туралы критерийдің субъективті сипаты
басым болғанмен, зерттеушілер де, авторлар да мейлінше қысқа афоризмнің
бейнелілігі де, әсерлілігі де айқын болатынын атап кӛрсетеді: «Правильная
дозировка афоризма: минимум слов, максимум смысла»
[78, 563].
Сентенция мен афоризмнің басты ортақ белгісі – авторы барлығы.
Осынысы оларды ӛзара әрі ұқсатады, әрі ерекшелейді, себебі сентенция кӛлемді
жанр туындысын жазу үдерісінде түрлі фактілерді қорытып,
дәлелдеу,
оқиғаларды байланыстыру үшін немесе сол автор ойына серпін берер
«баспалдақ» ретінде контексте туса, афоризм – жеке, қысқа жанр туындысы,
яғни белгілі бір жүйемен, арнайы ойлану, екшеу, сӛз үнемдеу әрекеттеріне
ұшырайтын ерекше формалы – ықшам, ӛткір, бейнелі – біртұтас, бӛлшектеуге
кӛнбейтін туынды (мәтін).
Жалпы, сентенциялар кӛркем
әдебиетте, белгілі контексте кездеседі,
сондықтан да сентенциялар микро-макромәтін деңгейінде әр түрлі стильдік
қызмет атқарады. Оларды сан алуан тақырыптық-семантикалық топтарға
бӛлуге болады.
Сентенция аталатын контекстік афоризмдерге, біздіңше,
мынадай
анықтама лайық тәрізді: сентенция дегеніміз - белгілі авторы бар, адам, қоғам
ӛмірінің сан алуан қырын қамтитын, терең мазмұнды, әсерлі, кітаби-жазба
әдебиетте ұшырасатын, мәні контексте ашылатын ықшам сӛйлем (синтаксистік
бірлік). Мұндай сӛйлем жай сӛйлем түрінде де, құрмалас сӛйлем түрінде де
келе береді. Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: